Халық музыкасы

Материалдар санатында: 132
Материалдар көрсетілді: 81-90
Беттер: « 1 2 ... 7 8 9 10 11 ... 13 14 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қарағым, айналайын, қара қасым,
Жібектей қара мақпал қара шашың, еркем-ай.
Еліктің лағындай егілемін,
Мөлдіреп, сені ойласам, көзден жасым, еркем-ай.

Қайырмасы:
Қараторғай, қарағым-ай,
Мөлдіреп, сені ойласам, көзден жасым, еркем-ай.

Қамыстың ат байладым сабағына,
Адамның дос болмағын жаманына, еркем-ай.
Адамның дос болсаңыз жаманына,
Дұшпанның тастап кетер табанына, еркем-ай.

Қайырмасы:
Қараторғай, қарағым-ай,
Дұшпанның тастап кетер табанына, еркем-ай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Сен ар жақта, қалқатай, мен бер жақта, құрбым-ай,
Кер арғымақ шұлғиды, құрбым-ай, баушарбақта, құрбым-ай.
Құнан атан қолымда, сүйіншім бар, құрбым-ай.
Қалқатайдың ауылы, құрбым-ай, дәл қай жақта, құрбым-ай.

Бір бәйтерек жаһанда, егіледі, құрбым-ай,
Жапырағы жел соқса, құрбым-ай, төгіледі, құрбым-ай,
Ауылың алыс кеткенде, беу қалқатай, құрбым-ай,
Сынбаса да қабырғам, құрбым-ай, сөгіледі, құрбым-ай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Айдап салдым жылқымды теріскейге,
Бақпай қойса мал шіркін өрістей ме-ай.
Жылқы ішінен саңлақты ұстап мініп,
Осылайша ән салсам-ай келіспей ме-ай.

Қайырмасы:
Қара жорға,
Жорғалатып салайын-ей,
Жолданжолға-ай

Жүйрік те бар, жылқымда жорға да бар,
Бір атымнан тер шықса-ай пиғылым тар-ай.
Ортақ малын елімнің өсірем-деп,
Партияға көтерген-ай сенімім бар-ай.

Қайырмасы:
Қара жорға,
Жорғалатып салайын-ей,
Жолданжолға-ай
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Ауылым көшіп барады белден асып,
Белден асқан бұлтпенен араласып-ай.
Аулың алыс кеткенде, әй қарағым,
Ақ қағазбен жүрелік амандасып-ай.

Қайырмасы:
Қара көзім,
Бар ма есіңде сондағы
Айтқан сөзім-ай.

Ауылым көшіп барады лай көлге,
Шағи бешпет жарасар қынай белге-ай.
Аулың алыс кеткенде, қара көзім,
Көз жасыңды көл қылып жылай көрме-ай.

Қайырмасы:
Қара көзім,
Бар ма есіңде сондағы
Айтқан сөзім-ай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Бозбеткейлім-ай ендеше, бозбеткейлім, ахау
Бозбеткейден-ай ендеше, мал кетпейді-ай,

Қайырмасы:
Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын,
Малға жай.

Шөбі жұмсақ-ай, шаруа, шөбі шүйгін, ахау,
Бағланы мыңғырған жер жетпейді-ай,

Қайырмасы:
Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын,
Малға жай.

Маусым – мамыр-ай болғанда, маусым мамыр, ахау,
Мал құдықтан су ішер абыр-сабыр-ай,

Қайырмасы:
Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын,
Малға жай.

Самал соқса қызылдан, ақ дауылмен, ахау,
Күн қызады, жер бусап, жасыл адыр-ай,

Қайырмасы:
Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын,
Малға жай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Аралаймын, ауылыңды тарланменен,
Қарамайсың, қасыңа барғанменен.
Ойнамаймын, күлмейін десем-дағы,
Өтіп барады жас дәурен арманменен.

Қайырмасы:
Тайбурылдың шабысы-ай,
Сәйгүліктің дабысы-ай,
Көкейімнен кетпейді-ай
Қалқатайдың дауысы-ай.

Бетер деймін, ендеше, бетер деймін,
Осы бүгін көңіліңді көтер деймін.
Осы бүгін көңіліңді көтермесең,
Ойнағаның, күлгенің бекер деймін.

Қайырмасы:
Тайбурылдың шабысы-ай,
Сәйгүліктің дабысы-ай,
Көкейімнен кетпейді-ай
Қалқатайдың дауысы-ай.

Тауып алдым аққудың жұмыртқасын,
Бізден сәлем айта бар, ұмытпасын.
Өлең айтпай біз қалай отырамыз,
Сіздер менен біздер боп жолыққасын.

Қайырмасы:
Тайбурылдың шабысы-ай,
Сәйгүліктің дабысы-ай,
Көкейімнен кетпейді-ай
Қалқатайдың дауысы-ай.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Асау кер ат жүрмейді шалдыққан соң
Еркін даусым келмейді қарлыққан соң

Қайырмасы:
Ақау, тәнім-ай
Талма менің жаным-ай
Ей, күлди-күлди күнжан-ай
Күнде базар үйім-ай
Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай
Тартша құрбым бір күйді-ай

Біздің Бипыл жүр ме екен аман-есен
Бейнетімді ұмытам сені көрсем

Қайырмасы:
Ақау, тәнім-ай
Талма менің жаным-ай
Ей, күлди-күлди күнжан-ай
Күнде базар үйім-ай
Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай
Тартша құрбым бір күйді-ай

Жылқы бағып жарың жүр құба жонда
Жаным Бипыл, ұмытпа, мені десең!

Қайырмасы:
Ақау, тәнім-ай
Талма менің жаным-ай
Ей, күлди-күлди күнжан-ай
Күнде базар үйім-ай
Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай
Тартша құрбым бір күйді-ай
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қонғаны ауылымның ой болса екен,
Қорадан өріп шыққан қой болса екен.
Тілеуін екі жастың біз тілейік,
Мереке, күнде осылай той болса екен

Қайырмасы:
Бүлдірген, қандай жақсы,
Құрбылармен бір жүрген.

Қарағайлы, ендеше қарағайлы,
Қарағайды көп жылқы аралайды.
Жақсы-жайсаң осылай бас қосқанда,
Бекер қарап отырған жарамайды.

Қайырмасы:
Бүлдірген, қандай жақсы,
Құрбылармен бір жүрген.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Боз жорға жорғаңа бас, алдыңда ел жоқ,
Ішетін шөлдегенде айдын көл жоқ.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Ат ұстап, қарсы алатын бұраң бел жоқ.

Ауылдан мен де шықтым, күн де батты,
Боз жорға алма мойын ішін тартты.
Боларын бір сұмдықтың біліп едім,
Ауылы ғашық жардың алыс тартты.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Бір қамшым бар-ей қолымда жез бауырдан-ей,
Кірсем шыққым-ей келмейді қызды ауылдан-ей, бұраң бел.
Аулың алыс кеткендей-ей, қарағым-ай,
Жақсы көрдім-ей өзіңді бауырдан-ай, бұраң бел.

Қайырмасы:
Қара-ай көз-ай, қыпша бел,
Мені ойласаң-ай мұнда кел.
Еш кетпейсің-ай ойымнан,
Ұзақ таңға-ай, бұраң бел.

Ұшып жүрген әуеден-ей көкек деген-ей,
Бауырында балапаны-ей секектеген.
Ойымда үш ұйықтасам-ей бар ма менің-ей,
Айрылып қалқатайым-ей кетет деген.

Қайырмасы:
Қара-ай көз-ай, қыпша бел,
Мені ойласаң-ай мұнда кел.
Еш кетпейсің-ай ойымнан,
Ұзақ таңға-ай, бұраң бел.
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.