| Материалдар санатында: 1138 Материалдар көрсетілді: 1101-1110 |
Беттер: « 1 2 ... 109 110 111 112 113 114 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Самарқандай жерім-ай,
Шалқып жатқан елім-ай.
Үйрек ұшып, қаз қонған,
Дария шалқар көлім-ай.
Біздің ауыл Алтайдың күн бетінде-ау,
Жазу жаздым ақ қағаз, бір шетіне-ай.
Ақындықпен өленді, біз айтпаймыз-ай,
Үлкендердің айтамыз құрметіне-ай.
Самарқандай жерім-ай,
Шалқып жатқан елім-ай.
Үйрек ұшып, қаз қонған,
Дария шалкар көлім-ай.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Жұрындадым кұндызбен желегімді, сәулем-ай,
Өзі берер бір Алла керегімді, сәулем-ай.
Қиуада кез болған қимас қүрбым, ахау,
Сен кеткенде білмедім не дерімді, сәулем-ай.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Бойдай талай, Сәмен шал,
Жаспа-ай жаным-ай, халалакім-ей, ірі ей-ау.
Бұл бір өнер жігітке өлең деген-ау,
Бұл жалғанда ойда жоқ,өлем деген, Сәмен шал.
Жаспа-ай жаным-ай, халалакім-ей, ірі ей-ау.
Күнің барда күл де ойна, шіркін, жастар-оу!
Өтіп барады дүние, міне осылай, Сәмен шал,
Жаспа-ай жаным-ай, халалакім-ей, ірі ей-ау.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Менің атым сұрасаң Саңғырбаймын,беу,беу,беу,
Малға кедей болғанмен, әнге баймын, беу,беу,беу.
Бақырбай, ойпыр-май, халім-ай.
Қанша мың сом болған(ы)мен жан қалтамда, беу,беу,беу,
Түбі тесік қалтамның байымаймын, беу,беу,беу.
Бақырбай, ойпыр-май, халім-ай.
Керегенін басында оймақ тұрар, беу,беу,беу,
Кедейшілік жігітке қой бақтырар, беу,беу,беу.
Бақырбай, ойпыр-май, халім-ай.
Алған жары жігіттің, жақсы болса, беу,беу,беу,
Тал шыбықтай бұралып, ойнап тұрар, беу,беу,беу.
Бақырбай, ойпыр-май, халім-ай.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 1.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Сарыалаға мінгеннен-ay салдым өрге,
Өй,өй,өй,өй,өй!
Сай өрлеген шығады-ау сары белге,
Пай-пай-пай-пай!
Па-па-па-пи, пай-пай-пай-пай!
Сенен бұрын баратын атым семіз,
Өй,өй,өй,өй,өй!
Барсақ сәлем айта бар ондағы елге,
Пай-пай-пай-пай!
Па-па-па-пи, пай-пай-пай-пай!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Айт дегенде өлеңді-ай, жөнелейін,
Бейпіл сөзден мен неге, шіркін-ай, бөгелейін-ай.
Өлең айт деп үлкендер-ай, бұйырған соң,
Диірменніңтасындай, о, шіркін, дөңгелейін-ай.
Қайырмасы:
Үста бір соққан темірді-ай,
Жаққан оған көмірді-ай.
Сарғы шта тартқан жапырақ,
Өтеді жастық өмірде-ай.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Хайлилиау халәләку, үри-ау,
Ләлиләу ләли лиләләку, үри-ай,
Ахау, о, дүние-ай.
Оу, берейін сөйлеп, сейлеп, сәйлегенде,
Жеткізбес атқа бәкен зар желгенде.
О, үри-ай.
Өленді мүнда айтпағанда, кайда айтамын,
Жақсылар өздеріне кез келгенде.
О, үри-ай.
Хайлилиау халәләку, үри-ау,
Ләлиләу ләли лиләләку, үри-ай,
Ахау, о, дүние-ай.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Дүние баяны жок, бұл бір жалған-ау,
Бұл дәурен бүрандаған, бізге қалған-ай, қалқа-ау.
Оқалы қыз, қыр мұрын,
Болды екен таныс, кім бүрын?
Барында тіршіліктің күл де ойна-ай,
Тимейді еркін қолға, көңіл қалған-ай, қалқа-ау.
Оқалы қыз, қыр мұрын,
Болды екен таныс, кім бұрын?
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Қарасу қайнатқанмен іркіт болмас,
Білімді жүректегі ой, қалқа, іркіп болмас-ау.
Мысалы, өр нәрсені сол сияқты,
Қарақұс қайырғанмен ой, қалқа, буркіт болмас-ау.
Ән салсаң өзімдей сал баяулатып,
Ер жігіт мал табады жаяулатып.
Астынан алты қырдың ән шырқасаң,
Шыдайды дәтің қайтіп ояу жатып.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Өленді айт дегенде тіл айтады,
Тіліңе қандай адам мін айтады.
Майланған машинадай сіз түрғанда, ай,
Өлеңді сізден бұрын кім айтады.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері











