Үлкен ағай жылқышы
Талай асау үйреткен
Ажырамас серігі
Құрығы бар сүйреткен
Үйге келсе құрығын
Ат қып мініп шабамын
Апай бие сауғанша
Құлыңдарды бағамын
Сімірі ап саумалды
Жылқышы боп ойнаймын
Жүйріктерді бас ойлаймын
Осы ойыннан өзіме
Талай қызық табамын
Ер жеткенде құрығын
Қолға аламын ағаның

Караулар: 1411
Түсініктемені тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[
Тіркелу |
Кіру ]