Сәлем ал алыстан
Солдатпын мен бүгін
Қайдасың, қарындас
Кездесер келді күн
Қайырмасы:
Арнаулы осы әнім, ардақтап атыңды
Асыға күтемін, кел деген хатыңды
Хат алмай өзіңнен, аңсауым арылмас
Күт мені, күт мені, қадірлі қарындас
Көз ілмей түн қаттым
Ел үшін, сен үшін
Келер ед тіл - хатың
Ұнатсаң мені шын
Қайырмасы:
Арнаулы осы әнім, ардақтап атыңды
Асыға күтемін, кел деген хатыңды
Хат алмай өзіңнен, аңсауым арылмас
Күт мені, күт мені, қадірлі қарындас
Көліңе кұс қонып
Гүл өсті қыратта
Барар ем құс болып
Хабар жоқ бірақ та
Қайырмасы:
Арнаулы осы әнім, ардақтап атыңды
Асыға күтемін, кел деген хатыңды
Хат алмай өзіңнен, аңсауым арылмас
Күт мені, күт мені, қадірлі қарындас
Сағынтып өзіңді
Жылдан соң жыл өтті
Айт жылы сөзіңді
Жүдетпей жүректі
Қайырмасы:
Арнаулы осы әнім, ардақтап атыңды
Асыға күтемін, кел деген хатыңды
Хат алмай өзіңнен, аңсауым арылмас
Күт мені, күт мені, қадірлі қарындас