Алатаудың етегінде туыпсың
Алатаудың бұлағындай тұнықсың
Тау секілді мінезің бар, аяулым
Саған үнсіз қызығумен қараймын
Қайырмасы:
Алатаудың жаңбыры мен нөсері
Бала күнгі жан досымыз кешегі
Ұлы өзендер басын таудан алады
Тау баласы тауға қарап өседі
Ұлы өзендер басын таудан алады
Тау баласы тауға қарап өседі
Сондықтан да тау өхіңе ұнайды
Тау гүліндей нәзіксің сен шырайлы
Тау баласы тау секілді қуанып
Тау баласы тау секілді жылайды
Қайырмасы:
Алатаудың жаңбыры мен нөсері
Бала күнгі жан досымыз кешегі
Ұлы өзендер басын таудан алады
Тау баласы тауға қарап өседі
Ұлы өзендер басын таудан алады
Тау баласы тауға қарап өседі
Сырыңды айтпа, көзіңнен-ақ түсінем
Мен сырласпын көңіліңнің құсымен
Тау баласы бұлтты кешіп жүреді
Адаспайды қалың тұман ішінен
Қайырмасы:
Алатаудың жаңбыры мен нөсері
Бала күнгі жан досымыз кешегі
Ұлы өзендер басын таудан алады
Тау баласы тауға қарап өседі
Ұлы өзендер басын таудан алады
Тау баласы тауға қарап өседі