Алатау қандай әсем жаз айьінда,
Жарасқан сәнді қала баурайында,
Ақша қар шыңдарьшда, бұлт көшеді,
Жүзгендей аққанатты қаз айдьінда.
Қайырмасы:
Тау сұлуы Алатау,
Жасыл өлке жайнаған.
Колхозды ауыл бақша-бау,
Толған бақыт айналаң.
Етегі неше түрлі жеміс-егін,
Күн санын құлпырады өскен жерім.
Алатау қойынынан өргізеді.
Өзінің ерке бұлақ — жас бөбегін.
Қайырмасы:
Тау сұлуы Алатау,
Жасыл өлке жайнаған.
Колхозды ауыл бақша-бау,
Толған бақыт айналаң.