Кеңес дәуірі музыкасы

Материалдар санатында: 99
Материалдар көрсетілді: 91-99
Беттер: « 1 2 ... 8 9 10

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Біраз күндік бұл дүние мекен екен, 
Күні біткен тастап та кетеді екен. 
Күліп-ойнап қалайық осындайда, 
Бәрімізден бұл дөурен өтеді екен.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Келші жаныма, келші жаныма.
Махаббатым-ай, махаббатым.
Оралшы маған, оралшы маған
Бақыт құттым-ай бола әнім-ай.

Қайырмасы:
Айымай, асыл бағымай
Айымай, айымай
Айымай, асыл бағымай
Айымай, айымай

Арманым менің, арманым менің.
Аңсадым сені, аңсадым сені.
Бөлей курпырған көктем жаратқан
Жулдыздар сені көлге талыпқан

Қайырмасы:
Айымай, асыл бағымай
Айымай, айымай
Айымай, асыл бағымай
Айымай, айымай
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Шет жүрсем - сағынарым,
Жабықсам - шағынарым
Анашым, бір өзіңсің
Табынарым

Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды

Ұшырған сұңқарыңмын
Қияға шырқарыңмың
Бәйгеге өзің қосқан
Тұлпарыңмын

Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды

Қорғаным - өзің деймін
Жан дауа - сөзің деймін
Анашым, сені ойласам
Көз ілмеймін...

Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қыз деген қырдың қызыл қызғалдағы
Өмірдің сырлы сымбат сұлу сәні
Бұраң бел оймақ ауыз қызыл ерін
Жігіттің ойлайтыны бір арманы

Қыздардың теңдесі жоқ бір асыл зат
Ежелден бағалаған оны адамзат
Қыздарға әсемдікті сыйға тартқан
Ерекше мүсін берген бұл табиғат

Қайырмасы:
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қасың қандай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қасың қандай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай

Қыз емес қыздың аты қызыл алма
Сұлулық әсемдікті жиған бойға
Ай қабақ алтын кірпік қиылған қас
Қыздарды ұқсатамын туған айға

Жезтаңдай күсміс күлмей сырғалым-ай
Майысып қалшы бір тұрғаныңда-ай
Жәутеңдеп қарағанда бойым балқып
Білемін махаббатқа тұрғаным-ай

Қайырмасы:
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қасың қандай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қасың қандай
Ашың түс алма мойын мөлдіреген қалқам-ай
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.

Қайырмасы:
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.

Қайырмасы:
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Шайқалды күйім,
Шайқалды миым -
Бомбалар жиі жарылды.
Малым да кеміп,
Әлім де кеміп,
Қинады берік жанымды.

Қайырмасы:
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Бабалар өлер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала,
Түрленер қала,
Бұтаққа жаңа бүр шығып.

Қайырмасы:
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Еркелеп өстік, бала да болдық
Қуалап ойын далада қондық
Ананың сөзін құлаққа ілмей
Кей кезде көсем, дана да болдық

Қайырмасы:
Есейдік енді ақтықты беріп
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуансам деймін өзіңмен бірге
Ырысың менен бақ-құтты бөліп
(Кешір ана)

Піспеген әлі шала шығармын
Үйретті ме екен нағашыларым
Балалық та бар, қателік те бар
Кешіре көрші анашым бәрін

Қайырмасы:
Есейдік енді ақтықты беріп
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуансам деймін өзіңмен бірге
Ырысың менен бақ-құтты бөліп
(Кешір ана)

Тағдырын білем қояды сұрақ
Жаппасын қатты есігін бірақ
Басымды иіп отырмын мұңды
Барлығы үшін кешірім сұрап
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Алатау қандай әсем жаз айьінда, 
Жарасқан сәнді қала баурайында, 
Ақша қар шыңдарьшда, бұлт көшеді, 
Жүзгендей аққанатты қаз айдьінда.

Қайырмасы:
Тау сұлуы Алатау,
Жасыл өлке жайнаған.
Колхозды ауыл бақша-бау,
Толған бақыт айналаң.

Етегі неше түрлі жеміс-егін,
Күн санын құлпырады өскен жерім. 
Алатау қойынынан өргізеді.
Өзінің ерке бұлақ — жас бөбегін.

Қайырмасы:
Тау сұлуы Алатау,
Жасыл өлке жайнаған.
Колхозды ауыл бақша-бау,
Толған бақыт айналаң.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Атылып күндіз-түні жалынды оттар, 
Ақтауда анқай салған комбннаттар. 
Жігіттер жердің астьін дүбірлетіп 
Қарық боп қуанышқа қалды қарттар.

Қайырмасы:
Жер астынан сақылдап,
Қара мұнай қайнаған,
Ақтау боны жарқьілдап 
Төсінде оттар ойнаған.
Ақтау боны жарқьілдап 
Төсінде оттар ойнаған.

Елендеп өндірістің дауысына 
Қарайды ел мұнайдың ағысьіна. 
Ақтаудың жас қаласьі жарқырайды, 
Таңғалтып дүниені табысына.

Қайырмасы:
Жер астынан сақылдап,
Қара мұнай қайнаған,
Ақтау боны жарқьілдап 
Төсінде оттар ойнаған.
Ақтау боны жарқьілдап 
Төсінде оттар ойнаған.

Атағы альш бүкіл жердің жүзін 
Қопарып шел даланьің тау мен құэын. 
Аршындап Ақтау бүгін бара жатыр: 
Алдында тұр күлімдеп коммунизм.
Қайырмасы.
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Жеткізбейтін сен болдың, сүйікті үміт, 
Жүрмін, қалқам, өзіңе көп ынтығып. 
Әйнегіңді қаққанда, қабақ түймей Аққуым. 
Есігіңді ашсаңшы күліп тұрып, Аққуым.

Қайырмасы:
Тыңда менің сөзімді.
Жаудыратып көзіңді,
қалқажан,
Арманым.
жан-жарым,
Жаюлы тұр құшағым,
Түсінші, сәулем, сен мені,
Аққуға ұқсадың Көгілдір бір көлдегі.

Қос аққудай жүзейік Көл бетінде, 
Толқынменен ойнайық тербетіле. 
Күлімсіреп қарасаң көктегі айға 
Мен тосайын кеудемді желге түнде.

Қайырмасы:
Тыңда менің сөзімді.
Жаудыратып көзіңді,
қалқажан,
Арманым.
жан-жарым,
Жаюлы тұр құшағым,
Түсінші, сәулем, сен мені,
Аққуға ұқсадың Көгілдір бір көлдегі.
1-10 11-20 ... 71-80 81-90 91-99
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.