| Материалдар санатында: 99 Материалдар көрсетілді: 81-90 |
Беттер: « 1 2 ... 7 8 9 10 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Үлужандай жер қайда,
Көлеңкелі бел қайда.
Әнге шырқап салайық,
Енді мұндай той қайда.
Үлужаңцай жайлауда,
Сазға бие байлаушы ем.
Той-жиындар болғанда,
Шал-шауқанмен ойнаушы ем.
Опасыз өткен жалған-ай,
Қызығына тоймаушы ем.
Жетпіс екі жасымда,
Қуалап сені қоймаушы ем.
Үлужандай жер қайда,
Көлеңкелі бел қайда.
Әнге шырқап салайық,
Еңці мұндай той қайда.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Дүние кудым сені-ау, жалықпай-ақ,
Судағы ұстатпадың-ау балықтай-ақ, Үриай-ау.
Біреуге мал мен басты-ау бірдей берер,
Қойды ғой кейбіреуді-ау жарытпай-ак, Үриай-ау.
Дүние ойлап тұрсам-ей жалған екен,
Ғаламды он сегіз мың-ау алған екен, Үриай-ау.
Жібіңдей машинаның-ау қайран, әнім,
Шалдығып шабан аттай-ау қалған екен, Үриай-ау.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Аспанда ай болмаса, адасады,
Көңілді көтермесе, кір басады, айдай-оу.
Болғанда кеуде сандық, ақыл алтын,
Сандықты кілт болмаса, кім ашады, айдай-оу.
Барады ауылым көшіп Көлме көлге,
Көлме көл, алые дейді көрмегенге.
Ауылыңа қыс бармасам, жаз барамын,
Жаз шығар, күн күркіреп, өлмегенге.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Ой, үкілі-ай,
Үкілім айдай бүрлен-ай.
Ән сал десем балалар, ән салмайды-ай.ей,
Заманақыр болғавда жан калмайды-ой.
Үкілім айдай бүрлен-ай.
Қылышынан қан тамған Қалиды алған-ай,
Соларды алған бар құдай кімді алмайды-ой,
Үкілім-ай, үкілім айдай бүрлен-ай.
Ө лең де өнер кісіге, өнер де өнер-ай,
Өрге салса шын жүйрік өршеленер-ай. Үкілім айдай бүрлен-ай.
Осындайда балалар ойна да күл-ай,
Мың күн жанған шырағым бір күн сөнер-ой,
Үкілім-ай, үкілім айдай бүрлен-ай.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Қара шашың көрінер бұрымдағы,
Ғашық едім өзіңе бұрындағы, еу, айдай.
Қонсаң келіп қолыма бағар едім,
Сылап-сипап сұңкардай тұғырдағы, еу, айдай.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Алып келген базардан жез оймағым,
Жаман-жақсы болса да өз оймағым, көкем-ай.
Көрмегелі көп айлар, көп жыл болды,
Аман-есен жүрмісің көз ойнағым.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Баста десе өленді бастағаңцай,
Үрмай-соқпай жаманды жасқағандай, угәй-ай.
Өзі елее де жақсының сөзі өлмейді,
Алтын үйіп артына тастағаңдай, угәй-ай.
Қайырмасы:
Үкілі-ай, құрбым,шашьң кез,
Жан-ай құрбым, және айналып жанай кел.
Жьшқы деген мал жақсы журіс болса,
Айтқан сөзің өрлейді дұрыс болса, угәй-ай.
Ауылыңньщ кетеді-ай берекесі,
Арасында ағайын ұрыс болса, угәй-ай.
Қайырмасы:
Үкілі-ай, құрбым, шашьң кез,
Жан-ай құрбым, және айналып жанай кел.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Айт дегесін айтайын мендей болып,
Кескен терек қалады, жендей болып-ай.
Ауылың алые кеткенде кимас қапқа,
Кім көрінер көзіме сендей болып-ай.
Қайырмасы:
Үкілі-ай кер, қасың қара, көзің сүз.
Майда қоңыр, құдаша, мінезіңіз-ай.
Көк ала үйрек ұшады көл дегенде,
Сілекейің бал татар шөлдегенде.
Ауылың алые кеткенде қимас қалқа,
Ынтызарым құриды сен дегенде.
Қайырмасы:
Үкілі-ай кер, қасың қара, көзің сүз.
Майда қоңыр, құдаша, мінезіңіз-ай.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Угәй жар, угөй қоңыр әнге сал.
Айт дегесін айтайын, ари-айдай-ай,
Қайдан сені білейін, бойдай талай.
Угәй жар, угәй қоңыр әнге сал.
Қырғын болса, қырық жыл, ажалды өлер-ау,
Аттың басын тартпашы, бозбалалар.
Угәй жар, угәй қоңыр әнге сал.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Жылқы айдаймын көшкевде жиренменен,
Жал құйрығы жарасып түйгенменен, ай-угәй.
Кісі жары кісіге жар болмайды-ай,
Құрбымыз деп құр ойнап күлгенменен, ай-угөй.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
| 2000 жылға дейін [104] |
| 2000 жылдан 2005 жылға дейін [0] |
| 2005 жылдан 2010 жылға дейін [0] |
| 2011 жылғы [0] |
| 2012 жылғы [0] |
| Әннің шыққан уақыты белгісіз [1034] |
| Кеңес дәуірі музыкасы [99] |











