Материалдар санатында: 7 Материалдар көрсетілді: 1-7 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Қызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша, Бұралған белің нәзік тал – Қадиша. Жиылған осы тойға қалың қыздың, Ішінде қара басың – хан, Қадиша. Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша, Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша. Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың, Боласың қандай жанға жар, Қадиша. Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша, Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша. Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой, Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ауылым қонған Сырымбет саласына Болдым ғашық ақ сұнқар баласына Бидайыққа лайық қарағым-ай, Бөктергіге қор болып барасың ба? Қайырмасы: Қарындас-ау Енді, есен бол-ау Ауылым қонған Сырымбет жел мағына Артық туған бала едің ел бағына Бидайыққа лайық дейтін, сәулем Бөктергінің іліндің тырнағына Қайырмасы: Қарындас-ау Енді, есен бол-ау Алтын қайық жарасар күймесімен Наздана алмас сұлу қыз сүймесімен Қоскөл жаққа таныса киіп барған Пештентіңді беріп кет түймесімен Қайырмасы: Қарындас-ау Енді, есен бол-ау
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Маңмаңгер кекілің келте, жалың майда Байлаған сені сылап қалқатай да Жүресің желмаядай жануарым Көрейін қызығыңды осындайда Қайырмасы: Ахау. туған елім Балаң едім Өзіңе осынау әнді Ала келдім Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе Дер екен қалқа қалай келісіме Сыдыртып, Маңмаңгермен келе жатып Осынау ән күйіндіріп түсті есіме Қайырмасы: Ахау. туған елім Балаң едім Өзіңе осынау әнді Ала келдім Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда Бал татыр қант қосса қағаз шайға Кісіден анау-мынау жалтару жоқ Ақ көйлек, дүрия бешпет сәулем қайда Қайырмасы: Ахау. туған елім Балаң едім Өзіңе осынау әнді Ала келдім
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Келеді қара торғай қанат қағып Астына қанатының маржан тағып Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің Айырылдым қапылыста сенен нағып Қайырмасы: Қара торғай Ұштың зорға-ай Бейшара, шырылдайсың Жерге қонбай Ертістің аржағында бір терең сай Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай Ағаштың бұтағына қонып алып Сайрайды таң алдында қара торғай Қайырмасы: Қара торғай Ұштың зорға-ай Бейшара, шырылдайсың Жерге қонбай
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Жел жоқса басы майда деймін Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды Жығылмаса Құлагер қайда деймін Ор болып қалушы еді шапқан жерің Шаттанып тұрушы еді қосқан елің Атығай - Қарауылға олжа салған Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім Құлагер құнанында керім еді Нағашым сұрағанда беріп еді Ат қоса Ерейменге барғанымда Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Қызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша, Бұралған белің нәзік тал – Қадиша. Жиылған осы тойға қалың қыздың, Ішінде қара басың – хан, Қадиша. Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша, Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша. Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың, Боласың қандай жанға жар, Қадиша. Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша, Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша. Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой, Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Әудемжер жүре алмаймын аяғымнан Ұстаймын екі қолдап таяғымнан Сайраған орта жүздің бұлбұлы едім Кәрілік келіп қалды қай жағымнан Қайырмасы: Сәулем-ау, а-ау, уаһау Қай жағымнан Шіркін-ау, қай жағымнан Қалу-қалу, қала ләлу Қалала, лаллу ей, еһей ей-ей-ау Әудемжер жүре алмаймын белім ұйып Кім тілер кәрілікті жанын қиып Тиынды біреу берген олжа көріп Жүремін жас кісідей дүние жиып Қайырмасы: Сәулем-ау, а-ау, уаһау Қай жағымнан Шіркін-ау, қай жағымнан Қалу-қалу, қала ләлу Қалала, лаллу ей, еһей ей-ей-ау
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері