Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Біз енді қайтер екенбіз? Жақынбыз және бөтенбіз. Алыстан келсең, алдыңнан Су алып шығар бөтен қыз... Қайырмасы: Тоң алар, бәрі тоң алар... Өзіңдей кімдер бола алар? Жоғалар бір күні, жоғалар, (қайталау) Мен сыйға тартқан орамал. Тағдырдың болды жазғаны, Жар етіп алдым басқаны. Өзің боп қалдың мәңгілік Арманның биік асқары Қайырмасы: Тоң алар, бәрі тоң алар... Өзіңдей кімдер бола алар? Жанымдай жүр ғой жылытып (қайталау) Сен сиға тартқан орамал Сен қайда қалып барасың? Қарайған нүкте ғанасың. Жанымды үнсіз жаралап, Жарасын өзің таңасың. Қайырмасы: Тоң алар, бәрі тоң алар... Өзіңдей кімдер бола алар? Жоғалар бір күні, жоғалар, (қайталау) Мен сыйға тартқан орамал. Жанымда жүрер бүгінде, Орамал сенің көзіңдей. Оралған сол бір көктемен, Алғашқы нәзік сезімдер. Қайырмасы: Тоң алар, бәрі тоң алар... Өзіңдей кімдер бола алар? Жанымдай жүр ғой жылытып (қайталау) Сен сиға тартқан орамал.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Кеткеніңді қаламаймын келгеніңді де Сүйгеніңді қаламаймын сенгеніңді де Еркелеп бір күле алмаймын Бақытты боп жүре алмаймын Біле алмаймын сүйесің бе әлде Сүймеймін деп жиі алдаймын Тек сен жайлы қияалдаймын Қия алмаймын өзге біреуге Қоштасуға бара алмаймын Кездесуге де Бұл халімді біле алмайсың Сезбейсің мүлде Жалқы мүсін жадындағы Мен гүліңмін бағындағы Шөдедім-ау көз салшы күнім Білмеймін қайдан табарымды Күтіп журмін хабарыңды Жүрегіңді ұмыттың ба шын Сағындым деп аутпа алмаймын Сағынбаймын деп Білетінім енді сенсіз Жылдар өтер деп Қайырмасы: Іздеп сені бара алмаймын Бір жоғалтсам таба алмаймын Қала алмаймын қасында бір сәт Орындалмас тілегім-ай Кештен тапқан жүрегім-ай Бұрын білсем кетпес ем ұзақ Орындалмас тілегім-ай Кештен тапқан жүрегім-ай Бұрын білсем кетпес ем ұзақ Іздеп сені бара алмаймын Бір жоғалтсам таба алмаймын Қала алмаймын қасында бір сәт Орындалмас тілегім-ай Кештен тапқан жүрегім-ай Бұрын білсем кетпес ем ұзақ
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Айдынға аққу-қаз оралды Сағындым сені Жайнады, дүние жаңарды Сағындым сені Жаз өтті, жапырақ тоналды Сағындым сені Ақ қайын ақ мамық оранды Сағындым сені Қайырмасы: Күн батты, таң атты тағы да Ем таппай жаралы жаныма Жолыңа, сенбестен қарайлаймын жолыңа Сен едің ертегі аралы Дертімнің таба алмай амалын Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым Ақ қайын арылды ақ қардан Сағындым сені Сандуғаш сайрады бақтардан Сағындым сені Елесің жоқ болған - тәтті арман Сағындым сені Келесің жаным қай жақтардан Сағындым сені Қайырмасы: Күн батты, таң атты тағы да Ем таппай жаралы жаныма Жолыңа, сенбестен қарайлаймын жолыңа Сен едің ертегі аралы Дертімнің таба алмай амалын Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері