Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Тамылжыған, мүлгіген айлы түнде Қызықтаймыз көктемнің суретіне Біз келеміз, Ертісте тербелеміз Көлеңкеміз түседі су бетіне Қайырмасы: Қасымдасың арманым Алтын сәуле жан-жағым Жырға толы жүрегім Тыңда жан жарым! Көгілдір көктем Көңілім менің Өзің сәулем, өзің сәулем Өмірім менің Өзің сәулем аңсарым шөлдегенде Көңіл құсы сайрайды сен дегенде Әзіліңе бір сенің, жаз үніңе Дүниенің бар көркін теңгерем бе Қайырмасы: Қасымдасың арманым Алтын сәуле жан-жағым Жырға толы жүрегім Тыңда жан жарым! Көгілдір көктем Көңілім менің Өзің сәулем, өзің сәулем Өмірім менің
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Таң атқанда гүл бағын суарамын Күнде ертемен өзеннен су аламын Алтын сәуле көремін сол бір шақта Сенің нұрың болар деп қуанамын Қайырмасы: Жаным деп маған үн қатқан Жүрекпен сүйіп ұнатқан Бақытым менің Таппаспын теңін Махаббат гүл атқан Сағынышпен күтемін әрбір таңды Жақсы үмітпен арнаймын толқын әнді Бақытымдай жалт еткен жанарыңнан Ұшқын түсті жаныма өшпес мәңгі Қайырмасы: Жаным деп маған үн қатқан Жүрекпен сүйіп ұнатқан Бақытым менің Таппаспын теңін Махаббат гүл атқан Өзің сүйіп аңсаған ардағыңмын Өзің едің жұлдызы арманымның Көгершіндей ұялап көңіліңе Жүрегіңде табысқан жан жарыңмын Қайырмасы: Жаным деп маған үн қатқан Жүрекпен сүйіп ұнатқан Бақытым менің Таппаспын теңін Махаббат гүл атқан
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Жайма шуақ көктемнің жасыл күні Балбұлақтан естисің мың күлкіні Аспан асты бір саған құмартқандай Тамылжиды аулақта бұлбұл үні Қайырмасы: Аялап тербеткен Сұрашы жер-көктен! Әлемнің сенде қызығы Күннің де сенде қызуы Бір өзің аңсарым Бір өзің жан-жарым? Сабыр етші жан сәуле, тыңда тағы Сен дегенде тау шыңы тіл қатады Ақ қайыңмен сырласып ұзап шықсаң Әншіл арман бір сен деп шырқатады Қайырмасы: Аялап тербеткен Сұрашы жер-көктен! Әлемнің сенде қызығы Күннің де сенде қызуы Бір өзің аңсарым Бір өзің жан-жарым? Кезсем дағы қай өлке қай даланы Самал желі сені аңсап аймалады Махаббаттың көрдің бе құдіретін Жердің өзі бір сен деп айналады Қайырмасы: Аялап тербеткен Сұрашы жер-көктен! Әлемнің сенде қызығы Күннің де сенде қызуы Бір өзің аңсарым Бір өзің жан-жарым?
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері