Материалдар санатында: 7 Материалдар көрсетілді: 1-7 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Түсінер деп мендегі албырт сезімді, Қыз-желеңге көп қадаймын көзімді. Арулардың көкейінен дөп түсіп, Көрсете алмай жүрмін бе әлде өзімді? Қайырмасы: Арайланған ақ таңдай, Кеудеме от жаққандай. Қызғалдақтай көктемгі, Жайраңдаған, беу, қыздар-ай! Бұл дүниеде бар бір менің сүйерім, Тап болар ол, оны жақсы білемін. Қайсың едің менің жанар жұлдызым, Айтшы, қыздар, мауқын бассын жүрегім. Қайырмасы: Арайланған ақ таңдай, Кеудеме от жаққандай. Қызғалдақтай көктемгі, Жайраңдаған, беу, қыздар-ай! Қайда жүрсің, мен іздеген ардағым, Осы әнімді бір өзіңе арнадым. Шаршы топтың арасынан қол бұлғап, Шыға келші махаббатым, арманым. Қайырмасы: Арайланған ақ таңдай, Кеудеме от жаққандай. Қызғалдақтай көктемгі, Жайраңдаған, беу, қыздар-ай!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Алаулап алтын арай таң атқанда, Шұғыласын шартарапқа таратқанда. Дүние күйге толып баратқанда, Әлемді Күн өзіне қаратқанда, Мен сені көрсем деп ем таң атқанда. Мен сені көрсем деп ем көктемімде, Ақ нөсер құйып-құйып өткенінде. Көгімнің бұлты ыдырап кеткенінде, Құстар да қиқу салып жеткенінде, Мен сені көрсем деп ем көктемімде. Бақыттан шалқып тұрған шақтарында, Балқып бір бас айналып жатқанымда. Немесе мұңға терең батқанымда, Жалғыз қап жастардың гүл бақтарында, ...Көрсем мен сені осынау шақтарымда!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Қиялдап келіп өзіңді, Қия алмай кетіп барамын. Сағыныш деген сезімді, Тыя алмай кетіп барамын. Шығам ба деген жерімнен, Шыға алмай кетіп барамын. Сынам ба деген едім мен, Сына алмай кетіп барамын. Үмітім әлде кесілді, Байқалмай кетіп барамын. Айтам ба деген кесімді, Айта алмай кетіп барамын. Сырыңа сенің бүкпесіз, Тоя алмай кетіп барамын. Жырымның соңғы нүктесін, Қоя алмай кетіп барамын.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Жүректерді жырлатып, Құралай, Жанарлармен тіл қатып, Құралай. Сезім деген айдында, Құралай, Кездесу де бір бақыт, Құралай. Тамған жасы нұр-жақұт, Құралай, Еріндермен құрғатып, Құралай. Қиыса алмай амалсыз, Құралай, Қоштасу да бір бақыт, Құралай. Елікпей еш жырға түк, Құралай, Кірпік ілмей түн қатып, Құралай. Іңкәрлікпен үздігіп, Құралай, Аңсаған да бір бақыт, Құралай.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Неге ақ бұлттар бізден биік, жұлдыздар да жарық тым, Неге құрақ тербеледі жағасында бұлақтың. Неге аққулар мұхитты емес, айдын көлді сүйеді, Неге, неге өзгені емес, жалғыз сені ұнаттым. Тілсіз гүлдер құлпырады, неге сонша көрікті. Құмыр бұлбұл құмырлана соларға ықлас бөліпті. Бұлбұлым боп талмай сайрап тербемедің, әйтсе де, Не сиқырмен есімді алдың, көңіл сен деп желікті. Неге Ана-жер шаттанады күн шуағын төккенде, Неге ақ қайың ынтығады, зарығады көктемге. Ақ қайыңдай күттім аңсап, көктемім боп келмедің, Албырт шақтар, от сезімдер оралмасқа кеткен бе?!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Біз барғанда әсем баққа – шалғынға, Күлім қағып сен тұрушы ең алдымда. Әлде терген гүлді ұмытып қалдың ба, Әлде сені өкпелетіп алдым ба?! Қайырмасы: Алғы күнге жол аша, Сол бір баққа тамаша. Келші тағы, қалқатай, Сырласайық оңаша! Түсінбедім, құрбым, өзің қандайсың, Кейінгі күн көз қиығын салмайсың. Кейінгі күн кілт өзгерді мінезің, Әлде нәзік сезіміңді алдайсың. Қайырмасы: Алғы күнге жол аша, Сол бір баққа тамаша. Келші тағы, қалқатай, Сырласайық оңаша! Сол бір кештер сырласатын таң аса, Ұмытылмас кездер еді тамаша. Тағы бізге куә болсын ай-жұлдыз, Тағы келші, сырласайық оңаша. Қайырмасы: Болашаққа жол аша, Сол бір баққа тамаша. Келші тағы, қалқатай, Сырласайық оңаша!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Таудың гүлі қол бұлғайды алыстан, Маған сәлем жеткізгендей ғарыштан. Сол бір сәтті, сол бір сәтті, сәулешім, Түседі еске алғашқы күн танысқан. Қайырмасы: Табындырған тау гүлім, Сағындырған тау гүлім. Тілейтінім - өзіңнің, Есендігің, саулығың. Таудың гүлі сонда маған сыр айтқан, Таудың түні тұнжыратқан, мұңайтқан. Таудың селі сырғып аққан сәтінде, Таудың желі көңілімді жұбатқан. Қайырмасы: Табындырған тау гүлім, Сағындырған тау гүлім. Тілейтінім - өзіңнің, Есендігің, саулығың. Таудың гүлі суықтарға тоңбаған, Таудың гүлі бал бұлаққа қанбаған. Қол жетпейтін, көз жетпейтін қияда, Таудың гүлі желбіреу бір мәңгі аман. Қайырмасы: Табындырған тау гүлім, Сағындырған тау гүлім. Тілейтінім - өзіңнің, Есендігің, саулығың.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері