Материалдар санатында: 6 Материалдар көрсетілді: 1-6 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Көзінің қаралғы қарақаттай, Сөзі бар ақ қағазға жазған хаттай. Көзіндей құралайдың ойнақтатып, Арман не соны кұшқан адамзатта-ай. Гүл жүзді, шырын сөзді, бал сілекей, Аяғын келеп басп, некей-некей. Алмадай беттерінен сүйгеніңде, Суырылар тілмен қабат сол көмекей. Болғанда тілі яхуд, тісі маржан, Еті аппақ жазғытұрғы жауған қардан. Қан шырын, пісте мұрын, лұһлу иек, Пендеде жүзін көрген қалмайды арман. Болғанда өзі мұндай, жүріс қандай, Күлкісі көңіл ашар гүлстандай. Көтеріп алақанға отырсам да, Білінбес ауырлығы бір мысқалдай. Аспайды ай сәулесі қабағынан. Қызыл гүл үзіледі сағағынан. Мақамнан жеген дәмі белгілі боп, Көрінер ішкен асы тамағынан. Жұрт күлсе, ғашық адам құр күледі, Басына келмеген жан не біледі. Сауық сап, гүл бақшада сайран салған, Мақбуп жар енді айналмас бір күн еді.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ертістің арғы жағы – Арқанаты, Әншінің домбырасы – қолғанаты. Жағалап Қара Ертісті Естай ақын, Деп салған «Жай қоңыр» деп әннің аты. Әуелі бұл шіркінді бастау қиын, Екінші, көптің сөзін тастау қиын. Төрт сөзің түгелімен келмеген соң, Барқырап көп алдында қақсау қиын.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Бір қыз бар Маралдыда Қорғылайын Табиғат берген екен күн мен айын Мұратқа іздеген жан бәрі жеткен Дариға арманым көп не қылайын Қайырмасы: Ахау, арман Құсни, Қорлан! Екі-ай бағлан Екеуі туған екен бір анадан Бозбала қалма қапы бұл жалғаннан Жігіттің арманы жоқ Қорланды алған Өзіңдей боп жан тумас Туса туар, артылмас Бар ғаламды шарықта Уа, дариға, ләулік тас Бағдат, Мысыр, Шың, Машын Іздесем Қорлан табылмас
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Салғаным сал қара атқа жаппай күміс Білмеген асыл жайын адам емес Осы әнді Юран деген қыз айтыпты Баласы басқа адамның салған емес! Қайырмасы: Юран-ай, Юран-ай, Юран-ай Ха-ла-ла-кім Юран-ай! Қыз бопты Қараөткелде Юран атты Аузынан шыққан сөзі балдан тәтті Салғанда домбырада Юран әнін Өзіме тартып алам адамзатты! Қайырмасы: Юран-ай, Юран-ай, Юран-ай Ха-ла-ла-кім Юран-ай!