Материалдар санатында: 21 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 3 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Отан, ана – ардақ тұтар тел ұғым, Қасиетті әр сүйемі жерімнің. Биіктерге көрететін біздерміз, Шаңырағын егеменді елімнің. Қайырмасы: Шаңырағым – Отаным, Содан мәңгі от алдым. Таңы болып атамын, Күні болып батамын. Шаңырағым – шаттық өмір, бар мәнім, Өзіңе мен асқақ әуен арнадым. Әнұраным – бойымдағы ар-намыс, Көк байрағым – желбіреген арманым. Қайырмасы: Шаңырағым – Отаным, Содан мәңгі от алдым. Таңы болып атамын, Күні болып батамын. Шаңырақтар шайқалмасын десеңіз, Бабалардың салтын ұғып өсеміз. Жас ұрпақтың бар үміті алдында, Үш мыңыншы ғасырларда есеміз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ұстаздық ойдан нәр алған, Өткізіп өмір, қыс, жазын. Жалыннан жаны жаралған, Қиын-ау жолы ұстаздың. Ұшырып биік аспанға, Қарлығаш қанат арманда. Жақсылық үшін басқаға, Күн менен түнін арнады. Тапқандай содан бақытын, Өрмелеп қиын асқарға. Қалғандай ізі уақыттың, Күмістей аппақ шаштарды. Жинаған сырын жылдардың, Кеңпейіл көңіл сандықтай. Қамқоршы болмай шыдар кім, Сезімі нәзік жанды ұқпай. Шығарған мерей атағың, Шәкіртке ұстаз анадай. Қызықтар әрбір қадамын, Ұстазға шәкірт баладай.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ақ бесікте аялаған құлыным, Анаңның сен естіп өстің әлдиін. Әрбір басқан қадамыңа арналар, Жүрегімнен жарып шыққан ән-жырым. Қайырмасы: Қуанышым, шаттығым, Туған күнің сәтті күн. Айды әпер деп сұрасаң, Әперемін дәп бүгін, дәп бүгін. Өкпелейсің, бұртиясың наз қылып, Менің мынау көңілімді жаз қылып. Былдырлаған бал үніңнен айналдым, Дүйім жұртты таңдандырған мәз қылып. Қайырмасы: Қуанышым, шаттығым, Туған күнің сәтті күн. Айды әпер деп сұрасаң, Әперемін дәп бүгін, дәп бүгін.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Айдын мұзда жарыстық, Конькименен сырғанап. Ізімізден қар ұшып, Қызық болды бір ғажап. Қайырмасы: Сырғанақ, сырғанақ, Ата-анамыз тұр қарап. Құлын тайдай жарысу, Қызық екен бір ғажап. Бірде озып, бірде қап, Қолдан бермей намысты. Құстай ұштық сырғанап, Думандатып жарысты. Қайырмасы: Сырғанақ, сырғанақ, Ата-анамыз тұр қарап. Құлын тайдай жарысу, Қызық екен бір ғажап.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Сусындап білім нәрін саяңда ұдай, Көктемнің түлеп өстік бояғындай. Анамдай қамқор болған ұстаздарым, Әлі тұр көз алдымда баяғыдай. Қайырмасы: Ұстаздық төзімдер, Шәкірттік сезімдер. Жылдармен жалғасып, Барады алмасып. Өзіңнен бастау алған бұлақтарым, Ашылып әр жүрекке сыр ақтардың. Алдыма тартқандайсың арман қылып, Өмірдің жұмбағы мол сұрақтарын. Қайырмасы: Ұстаздық төзімдер, Шәкірттік сезімдер. Жылдармен жалғасып, Барады алмасып. Алсам деп ұстаздықтың ізгі салтын, Атыңа естіген жұрт қызығатын. Оқумен сенде өткен әр жылымда, Жас шақтың бейнесі бар жүзі жарқын. Қайырмасы: Ұстаздық төзімдер, Шәкірттік сезімдер. Жылдармен жалғасып, Барады алмасып. Албырт шақ: әр нәрсеге көңіл ауды, Білгенге ұмытылмастай өмір-ау бұл. Шақырған шәкірттердің ой толғауға, Үні тұр құлағымда қоңыраудың. Қайырмасы: Ұстаздық төзімдер, Шәкірттік сезімдер. Жылдармен жалғасып, Барады алмасып.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Анамдай, мәпелеп, Өмір көшінде. Бауладың жетелеп, Бәрі есімде. Қайырмасы: Ұстазым, бағымсын, Жайқалған әсем. Өзіңнен табамын, Керемет деректі. Ғылымның жолында, Өмірге керекті. Қуандық баладай, Көріп жемісін. Өрлесем мен самғай, Сенің жеңісің. Қайырмасы: Ұстазым, бағымсын, Жайқалған әсем. Өзіңнен табамын, Керемет деректі. Ғылымның жолында, Өмірге керекті. Дарыған бойыңа, Ұлы адалдық. Болсыншы тойына, Әнім базарлық. Қайырмасы: Ұстазым, бағымсын, Жайқалған әсем. Өзіңнен табамын, Керемет деректі. Ғылымның жолында, Өмірге керекті.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ұстаздық ойдан нәр алған, Өткізіп өмір, қыс, жазын. Жалыннан жаны жаралған, Қиын-ау жолы ұстаздың. Ұшырып биік аспанға, Қарлығаш қанат арманда. Жақсылық үшін басқаға, Күн менен түнін арнады. Тапқандай содан бақытын, Өрмелеп қиын асқарға. Қалғандай ізі уақыттың, Күмістей аппақ шаштарды. Жинаған сырын жылдардың, Кеңпейіл көңіл сандықтай. Қамқоршы болмай шыдар кім, Сезімі нәзік жанды ұқпай. Шығарған мерей атағың, Шәкіртке ұстаз анадай. Қызықтар әрбір қадамын, Ұстазға шәкірт баладай.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 4.2
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ақ бесікте аялаған құлыным, Анаңның сен естіп өстің әлдиін. Әрбір басқан қадамыңа арналар, Жүрегімнен жарып шыққан ән-жырым. Қайырмасы: Қуанышым, шаттығым, Туған күнің сәтті күн. Айды әпер деп сұрасаң, Әперемін дәп бүгін, дәп бүгін. Өкпелейсің, бұртиясың наз қылып, Менің мынау көңілімді жаз қылып. Былдырлаған бал үніңнен айналдым, Дүйім жұртты таңдандырған мәз қылып. Қайырмасы: Қуанышым, шаттығым, Туған күнің сәтті күн. Айды әпер деп сұрасаң, Әперемін дәп бүгін, дәп бүгін.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Айдын мұзда жарыстық, Конькименен сырғанап. Ізімізден қар ұшып, Қызық болды бір ғажап. Қайырмасы: Сырғанақ, сырғанақ, Ата-анамыз тұр қарап. Құлын тайдай жарысу, Қызық екен бір ғажап. Бірде озып, бірде қап, Қолдан бермей намысты. Құстай ұштық сырғанап, Думандатып жарысты. Қайырмасы: Сырғанақ, сырғанақ, Ата-анамыз тұр қарап. Құлын тайдай жарысу, Қызық екен бір ғажап.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Наурыз келді далама, Наурыз келді қалама. Қуанады ата-ана, Қуанады бала да. Оң болды да жорамыз, Төлге толды қорамыз. Айран, қымыз толығып, Аққа толды шарамыз. Наурыз болсын әніміз, Наурыз болсын сәніміз. Наурыз көже көп ішсек Жасарамыз бәріміз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 1.5
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері