Абайдың әні

Материалдар санатында: 6
Материалдар көрсетілді: 1-6

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың жаны - терең сай
Тасыған өзен күрілдеп

Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпыраған жасыл жер жүзі

Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тымылжып
Бір суынып, бір ысып
Дем ала алмай дамыл қып
Елең қағып, бос шошып

Сөз айта алмай бөгеліп
Дүрсіл қағып жүрегі
Тұрмап па еді сүйеніп
Тамаққа кіріп иегі?
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы

Қазақтың данасы
Жасы үлкен ағасы
"Бар" демес сендей бір
Адамның баласы

Жылайын, жырлайын
Ағызып көз майын
Айтуға келегнде
Қалқама сөз дайын

Жүректен козғайын
Әдептен озбайын
Өзі де білмей ме
Көп сөйлеп созбайын
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қор болдым жаным
Сенсіз де менің күнім
Бек бітті халім
Тағдырдан келген зұлым
Тағдыр етсе алла
Не көрмейді пәнде?

Сайрай бер тілім
Сарғайған соң бұл дерттен
Бүгілді белім
Жер тайған соң әр серттен
Қамықты көңіл
Қайтсе болар жеңіл

Сағындым сені
Кьрмедім деп көп заман
Адам деп мені
Салмадың хат сен маған
Жай таба алмай жүрек
Жасыған соң сүйрек
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Қараңғы түнде тау қалғып
Ұйқыға кетер балбырап
Даланы жым-жырт, дел-сал ғып
Түн басады салбырап

Шаң шығармас жол-дағы
Сілкіне алмас жапырақ
Тыншығарсың сен-дағы
Сыбыр қылсаң азырақ
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.

Хиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.

Қиналма бекер тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ, ойға олақ.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.

Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды – 
Әдеті надан адамның.

Бойда қайрат, ойда көз,
Болмаған соң айтпа сөз.
Атадан алтау,
Анадан төптеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.

Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп.
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының,
Жалғыз қалдым – тап шыным!
Санаттан алынған материалдар "Қазақ тіліндегі әндердің сөздері"
0
Тәңірі қосқан жар едің сен
Жар ете алмай кетіп ең
Ол кезімде бала едім мен
Аямасқа бекіп ең

Талақ етіп бұл ғаламды
Болды мәлім кеткенің
Кінәсі жоқ жас адамды
Қатты соққан не еткенің?

Елжіреген жас емес пе ем
Еппен айтсаң жұбатып
Мен ғашыққа мас емес пе ем
Кетсең еді ұзатып

Сен жаралы жолбарыс ең
Мен киіктің лағы ем
Тірі қалдым, өлмей әрең
Қатты батты тырнағың
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Санаты
Mc Tano [10]
Айгүл Иманбаева [3]
Айдос Сағат (Айдос Сагат) [5]
Алтынбек Қоразбаевтікі (Алтынбек Коразбеков) [10]
Арман Дүйсенов [5]
Ахмедия Есмуханов [1]
Б.Құрманғалиев (Б.Курмангалиев) [3]
Базарбай Жұманиязов (Базарбай Жуманиязов) [3]
Бекен Жамақаев (Бекен Жамакаев) [3]
Бексұлтан Байкенжеевтікі (Бексултан Байкенжеев) [3]
Берик Омаров [3]
Борис Ерзакович [3]
Ғарифолла Құрманғалиев (Гарифолла Курмангалиев) [3]
Е.Есетов [5]
Ержан Серікбаев (Ержан Серикбаев) [5]
Ермек Елгезеков [5]
Есжан Әміровтікі (Есжан Амиров) [4]
Ескендір Хасанғалиев (Искандер Хасангалиев) [17]
Әбілахат Еспаевтікі (Абилхан Еспаев) [15]
Әсет Бейсеуовтікі (Асет Бейсеуов) [34]
Әшір Молдағайыновтікі (Ашир Молдагайынов) [3]
Әшірхан Телғозиевтікі (Аширхан Телгозиев) [7]
Жакен Омаров [6]
Жолбарыс Сейфуллин [3]
Жүсіп Сейілов (Жусип Сейилов) [3]
Жұбаныш Жексенұлы (Жубаныш Жексенулы) [3]
Жұмағұл Қыдыралиевтікі (Жумагул Кыдыралиев) [3]
Исраил Сапарбай [6]
Ілия Жақанов (Илья Жаканов) [12]
Кайрат Баекенов [4]
Кеңес Дүйсекеев (Кенес Дуйсекеев) [5]
Қайрат Нұртас (Кайрат Нуртас) [4]
Қайырбек Сәтиев (Кайырбек Сатиев) [8]
Қарақат Әбілдина (Каракат Абилдина) [7]
Қасым Аманжолов (Касым Аманжолов) [3]
Мақпал Жүнісова (Макпал Жунисова) [6]
Марат Ілиясовтікі (Марат Ильясов) [4]
Марат Омаров [5]
Мейрамбек Бесбаев [3]
Мәдина Сәдуақасова (Мадина Садвакасова) [3]
Мұқан Төлебаев (Мукан Толебаев) [3]
Мұхтар Шаханов (Мухтар Шаханов) [3]
Мыңжасар Маңғытаев (Мынжасар Мангытаев) [10]
Мэлс Өзбековтікі (Мэлс Озбеков) [9]
Н. Дүкенбай [21]
Нұрғиса Тілендиев (Нургиса Тилендиев) [17]
Нұржан Қалжан (Нуржан Калжан) [4]
Өмірбек Байбілдаев (Омирбек Балбидаев) [6]
Рамазан Елебаев [4]
Роза Әлқожа (Роза Алкожа) [3]
Роза Рымбаева [3]
Сейдолла Байтереков [7]
Сейітқали Қайырғалиевтікі (Сейткали Кайыргалиев) [6]
Сәкен Сейфуллин (Сакен Сейфуллин) [3]
Сұлтанғали Лұқпановтікі (Султангали Лукпанов) [4]
Сыдық Мұхамеджановтікі (Сыдык Мухамеджанов) [10]
Темиржан Базарбаев [3]
Тимур Рахимов [5]
Топ "BandJar" [5]
Топ "Musicola" [15]
Топ "NNBek" [4]
Топ "Urker" [3]
Топ "Жігіттер" [10]
Топ "МузАрт" [6]
Ұлықпан Жолдасов (Улыкпан Жолдасов) [3]
Шәмші Қалдаяқов (Шамши Калдаяков) [28]
Абайдың әні [6]
Ақан сері әні [7]
Біржан әні [12]
Балалар әні [3]
Естайдың әні [6]
Жаяу Мұса әні [3]
Исаның әні [3]
Кененнің әні [11]
Мұқитің әні [11]
Мәдидің әні [4]
Халык әні [132]
Шөженің әні [3]
Әсеттің әні [6]
Басқа орындаушы [394]
Белгісіз орындаушы [350]
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.