Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Тиді жау Отанға гүл жайнаған, Жан болмас аттанбаған. Жалындай лаулай, қаптаймыз қалмай, Жүрекпен тайсалмаған. Қайырмасы: Отаным әмір берді, Ашылған күн зор майдан. Тасқындай ұмтыламыз, Ағызамыз жаудан қан! Ақ алмас қайырылмас тағынамыз, Майданға ағыламыз. Соғысқа, айуанға кешірім жоқ, Қанға қан ағызамыз. Қайырмасы: Отаным әмір берді, Ашылған күн зор майдан. Тасқындай ұмтыламыз, Ағызамыз жаудан қан!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Майданға аттанды, Екпінді партизан. Дұшпандар шошыған Даусынан, Даңқынан. Колхоздың орманы, Жасыл гүл, жапырақ. Барды оған Партизан, Жау келді жақындап. Айсыз түн қараңғы, Жаудың көп жарағы. Зеңбірек Танкісі Күркіреп барады. Партизан қырағы, Алды-артын орады. Ысқырған Снаряд Борандай борады. Гуледі пулемет Жаңбырдай жауды оқ, Жыртқыштан Арам қан Төгілді дірілдеп. От жалын түндегі, Аспанда жайнады. Дұшпанға Төбеден Найзағай ойнады. Офицер жез өкше, Тұтқынға алынды. Колхоздың Орманы Фашистен арылды. Сілкінді жер мен көк, Жау өлді төбе боп. Команда Берілді «Партизан, алға!»- деп.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Тағынған тал бойына алтын алқа, Сағынып Төлегенін Алтай, Арқа. Ашады сүйіспендік жайып құшақ, Дегендей: «Халқым сүйген келші, қалқа!» Ай қаоқып, жұлдыз жүзі шығып шыңға, Алтайды бөлегенде таңғы нұрға. Айбыны Алтайдан да асып артқан, Көз түсер алып тұлға, батыр тұлға! Қайырмасы: Найзасын көкке тіреген, Семсерін айға білеген. Алтайдан туған алып ұл – Бұл арыстан Төлеген. Туған жер, өскен орта, байтақ дала, Махаббат, ыстық жүрек құмарлана. Сүйеді Төлегендей ер баласын, Баулыған батырлыққа Отан-ана. Баласын алып Алтай құшағына, Сүйеді, жүрегіне қысады да. Сырласып таң атқанша, бірге болып, Таң атса, тау қалады, ол ұшады да. Қайырмасы: Найзасын көкке тіреген, Семсерін айға білеген. Алтайдан туған алып ұл – Бұл арыстан Төлеген.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері