Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Сенсіз арман бекер ғой көңіліңмен сырласу Өмір заңы екен ғой кездесу мен қоштасу Қиналсаңда көнерсің басқа түскен тағдырға Жаным оған не дерсің жеткізбесе арманға Қайырмасы: Енді маған сен бір елессің Сені ұмыта алар емеспін Жанарымда қалды елесін Сені ұмыта алар емеспін Аңсап сен де жүрсің бе жанарыңды талдырып Атқан сайын әр күнге үміт отын жандырып Мезгіл өтіп барады кеттің менен хабарсыз Жүрек сыздап жанады көніп келем амалсыз Қайырмасы: Енді маған сен бір елессің Сені ұмыта алар емеспін Жанарымда қалды елесін Сені ұмыта алар емеспін Енді маған сен бір елессің Сені ұмыта алар емеспін Жанарымда қалды елесін Сені ұмыта алар емеспін
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Мұң шалса қабағыңды Мен түгел дала мұңды Сен әлі тәп-тәттісің Арманым бала күнгі Білсеңде сезбеуші едің Жанымның өртенгенін Қоятын жіпсіз байлап Не деген көркем едің Еліктей еркем менің Не деген көркем едің Сыр толы жанарыңды Сағынып хабарыңды Жүрегім күтуде әлі Жырыма жауабыңды Өзіңе құштар ай күн Бір ғажап ертегі едің Ешкімге ұқсамайтын Не деген көркем едің Еліктей еркем менің Не деген көркем едің Ойыма оралғанда Бақыт кеп қона алғандай Сұлулық әлемдегі Өзіңнен нәр алғандай Мәңгіге кеттің бе екен Сырымды шерте менің Бағыңа жеттің бе екен Еліктей еркем менің Еліктей еркем менің Не деген көркем едің Еліктей еркем менің
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Бақыттың білмей бағасын Адастыма екен анасы Ақ неке жанға қараусыз Қалдырмаушы еді-ау баласын Жетімнің көзі жасты екен Удан да дәмі ашшы екен Әкенің мұз ба жүрегі Ананың бауыры таспа екен Қайырмасы: Аңсатқан жанды ақ арман Жас болып аққан жанардан Сәбидің бәрі бақытты Болуы үшін жаралған Жалғанда жалған жалғанда Анадан жақын жан бар ма Арманда мекен анасы Жанында жүрген жандарға Аңсатқан жанға жетем деп Жетімдер үйін мекендеп Қрайлап жүр-ау анашым Қайтып бір келерме екен деп Қайырмасы: Аңсатқан жанды ақ арман Жас болып аққан жанардан Сәбидің бәрі бақытты Болуы үшін жаралған Аңсатқан жанды ақ арман Жас болып аққан жанардан Сәбидің бәрі бақытты Болуы үшін жаралған Сәбидің бәрі бақытты Болуы үшін жаралған
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері