Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Жез қанат, күміс бауыр киік көрдім Дәруі сол ма дерсің күйік-шердің Жез марал жүреді екен арасында Қаптаған Бетпақтағы киіктердің Жез киік, біздің жаққа қалай келдін? Жолымды тіке кесіп, жанай бердің Адамның көздеріндей екі көзің Япырмай, дәтім шыдап қалай көрдім? Дәл саған құрмап еді торды ешкім Ғайыптан душар болдың, сорды кештің Мен-дағы сертшіл адам далады өскен Сен-дағы жалтармадың, жолды кестің Асықпа, көрейінші жөндеп қана Кетпесін жаңа тиген мендеп жара Ет кесіп өз етімнен берсем -дағы Жөніңе жіберейін емдеп қана Дедім де қоя бердім, ұстамадым Қасымда қал демедім, қыстамадым Тілеймін суық жақтан есен қайтып Жылықұм мекеніне қыстағанын Түс тербеп, жаздың мөлдір қысқа таңы Тұзақтап жез киікті ұстатамын Баяғы қызыл ішік киген қызға Жез камзол сол киікті ұқсатамын Құмарым қайта көріп қанар ма екен? Әл бітіп, салқын жүрек жанар ма екен? Болмаса, суық қолды бір сұр мерген Дәл көздеп әлде атып алар ма екен? Сұлуды адам жаны қимайды екен Беймезгіл еске түсіп қинайды екен Жез киік, сені аңсаған кездерімде Бір өзім кең далаға сымай кетем
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 2.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Кездесерміз, жүздесерміз біз әлі Кәдімгі жас жігітпенен қыздай-ақ Махаббат боп сен тұра бер сәулешім Адалдықтың неке долын бұзбайық Сезім қандай махаббатқа ұласқан Сезім қандай жүрек сыры бір дастан Ләйлі-Межнүн махабаты біз үшін Қол жеткізбес арман болды алысқа Ләйлі-Межнүн махабаты біз үшін Қол жеткізбес арман болды алысқа Сағынышпен өтіп жатыр күндерім Өтіп жатыр сырға толы түндерім Өкінемін енді бірақ сен үшін Бере алмаймын мен даланың гүлдерін Өкінемін енді бірақ сен үшін Бере алмаймын мен даланың гүлдерін Махаббат боп сен тұра бер сәулешім Адалдықтың неке долын бұзбайық Адалдықтың неке долын бұзбайық
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Бар ма маған ғашық адам бір жерде Мен туралы ойлана ма түндерінде Өкіне ме өзін-өзі кінәлап Маған қайта жолықпасын білгенде Қайырмасы: Бар ма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде Жолығуға асығама көктемде Тілдесуге қайран ару қорқа ма Төмен қарап мен қасынан өткенде Бар ма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде Жолығуға асығама көктемде Тілдесуге қайран ару қорқа ма Төмен қарап мен қасынан өткенде Жаздың күні барқыт еді әдемі Ғашық еді бүкіл аспан әлемі Ай сәулесі түсіп тұрды жүзіңе Қабағыңда сәл көлеңке бар еді Қайырмасы: Бар ма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде Жолығуға асығама көктемде Тілдесуге қайран ару қорқа ма Төмен қарап мен қасынан өткенде Бар ма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде Жолығуға асығама көктемде Тілдесуге қайран ару қорқа ма Төмен қарап мен қасынан өткенде Түн ақ сүтке малып алып қанатын Анда-санда жұлдыз ғана ағатын Ай сәулесі арасынан теректің Екеумізді оңай тауып алатын Қайырмасы: Бар ма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде Жолығуға асығама көктемде Тілдесуге қайран ару қорқа ма Төмен қарап мен қасынан өткенде Бар ма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде Жолығуға асығама көктемде Тілдесуге қайран ару қорқа ма Төмен қарап мен қасынан өткенде Бар ма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде Жолығуға асығама көктемде Тілдесуге қайран ару қорқа ма Төмен қарап мен қасынан өткенде Бар ма сол жан мен білмеймін жоқ па әлде Жолығуға асығама көктемде Тілдесуге қайран ару қорқа ма Төмен қарап мен қасынан өткенде
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері