Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Кең далам! Толғанайын, толғайын. Домбырам! Қолға алайын, жырлайын. Қазағымның даласындай, Көзімнің қарасындай, Айналдым сенен, Атамекен-ай! Теңіздей Тебірендім, тербедің. Сапарда Сағынышым сен менің. Дүние сырларындай, Мөлдіреп тұрғанындай, Сағындым сенен, Атамекен-ай! Сағыныш мұңдарындай, Айналдым сенен, Атамекен-ай! Қайырмасы: Бақыт тұнған күндер-ай! Жұлдыз тамған түндер-ай! Өзің куә өмірде, Кімдер өтті, Кімдер-ай! Атамекен-ай! Ғажап-ау, Атамекен ғаламат! Бір саған Тағдырымыз аманат. Қымбатты – даламыздай, Сымбатты – анамыздай, Айналдым сенен, Атамекен-ай! Арымдай – тірегімдей, Жанымдай – жүрегімдей, Айналдым сенен, Атамекен-ай!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен Әсем гүлін құшаққа жиып өскен Аққу құстың бейнебір баласындай Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен Қайырмасы: Әлия - ару қызы сен халқымның Әлия - батыр қызы сен халқымның Ерке құсы сен даламның! Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан Саған күнде қызыққан мөлдір аспан Саған күнде жазылған көркем дастан Саған күнде құшағын көктем ашқан Қайырмасы: Әлия - ару қызы сен халқымның Әлия - батыр қызы сен халқымның Ерке құсы сен даламның! Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып Туған жердің төсінде мәңгілікке Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Елестеттім көктемді гүл ашқан, Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан. Алыстарға жетеле, еремін. Сені ғана бақыт деп сенемін. Қайырмасы: Арманымдай алдағы, Ақ шуақтай таңдағы, Аялай бер арманым, аялай бер! Сандуғаштар жырлаған, Көктемдерге бір барам, Шақырады біздерді көгорай бел! Қолыңды бер, жатсынба, арманым, Сәуледей боп аяла таңдағы. Шақырады жас көктем гүлімен, Шақырады жасыл бақ жырымен. Қайырмасы: Арманымдай алдағы, Ақ шуақтай таңдағы, Аялай бер арманым, аялай бер! Сандуғаштар жырлаған, Көктемдерге бір барам, Шақырады біздерді көгорай бел! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері