Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген Келбетіңнен сенімнің күшін көрем Сен сияқты мені ешкім еркелетіп Сен сияқты мені ешкім түсінбеген Қайырмасы: Асыл жарым Жайнаған жасыл бағым Бағаласаң бақытыңмын Сағынсаң қасыңдамын Арманды дара қумаймыз Құстың қос қанатындаймыз Жүректе от жанып Тауларды бетке алып Бірге ұшып барамыз болашаққа Сен бар жерде керегем кең сияқты Кең сияқты, терезем тең сияқты Ешкім мені дәл сендей өкпелетіп Жұбата да алмаған сен сияқты Қайырмасы: Асыл жарым Жайнаған жасыл бағым Бағаласаң бақытыңмын Сағынсаң қасыңдамын Арманды дара қумаймыз Құстың қос қанатындаймыз Жүректе от жанып Тауларды бетке алып Бірге ұшып барамыз болашаққа Шаттығымның бастауын сенен көрдім Сенен көрсем қалайша төмендермін Енді, сәулем, бәрі де әділетсіз Бізді бақсыз, бақытсыз дегендердің Қайырмасы: Асыл жарым Жайнаған жасыл бағым Бағаласаң бақытыңмын Сағынсаң қасыңдамын Арманды дара қумаймыз Құстың қос қанатындаймыз Жүректе от жанып Тауларды бетке алып Бірге ұшып барамыз болашаққа
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Міне, саған ойланатын келді күн Азамат боп атқа міндің сен бүгін Бірақ атқа мінгеніңнен не пайда Жүрегіңде қалғып жатса ерлігің Қайырмасы: А-а-а Бозбала Қанатыңды талдырма Алай-түлей жаңбырда Тізгініңді беріп қойма тағдырға Қуанышым Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін Сүйе алмағаның үшін Табиғаттың алдында кінәлісің Қорға жаным, сеніміңді жеруден Қорлық бар ма жанбай жатып сөнуден Өмірдегі үлкен жеңіс әрдайым Басталмай ма өзіңді өзің жеңуден Қайырмасы: А-а-а Бозбала Қанатыңды талдырма Алай-түлей жаңбырда Тізгініңді беріп қойма тағдырға Қуанышым Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін Сүйе алмағаның үшін Табиғаттың алдында кінәлісің Болашағың алдыңда әлі, бүлдіршін Ер жігіттің намысына бұл бір сын Бүгін көрсет қайратыңды күшіңді Ертең мүмкін кеш бола ма, кім білсін Қайырмасы: А-а-а Бозбала Қанатыңды талдырма Алай-түлей жаңбырда Тізгініңді беріп қойма тағдырға Қуанышым Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін Сүйе алмағаның үшін Табиғаттың алдында кінәлісің
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Тойыңа гүл алып Келіп ем қуанып Қарсы алдың күлімдеп, көктемдей Жүзіңе нұр толып Кетіпсің құлпырып Бір бақыт сәулесін сепкендей Қайырмасы: Сен туған күн, мерекеміз Ән бастайық, кел екеуміз Ұмытпа сен құрбым Есте қалсын мәңгі бұл күн Есте қалсын мәңгі бұл күн Жасқанба жасыма Отыршы қасыма Басталсын бір терең әңгіме Қуансын ел ертең Қолыңды бер еркем Жалғыздық жоғалсын мәңгіге Қайырмасы: Сен туған күн, мерекеміз Ән бастайық, кел екеуміз Ұмытпа сен құрбым Есте қалсын мәңгі бұл күн Есте қалсын мәңгі бұл күн Көп жүрме сарылып Жетсе де кәрілік Қақпаңды ашпа сен уақытсыз Жастықтың жарығын Жүректің жалынын Өшіріп алған жан бақытсыз Қайырмасы: Сен туған күн, мерекеміз Ән бастайық, кел екеуміз Ұмытпа сен құрбым Есте қалсын мәңгі бұл күн Есте қалсын мәңгі бұл күн
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері