Материалдар санатында: 6 Материалдар көрсетілді: 1-6 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Сағынып кетпей ойдан, туған жерім, Елестеп көз алдыма асқар белің. Шалғайда мен өзіңнен жүрсем-дағы, Сипайды самайымнан қоңыр желің. Қайырмасы: Тербеліп тал бесікте өскен жерім, Қаз басып тұсауымды кескен жерім. Есейіп елді танып, досты тауып, Базарын өмірімнің кешкен жерім. Бұлбұлдың салған әні шарықтаған, Көгіңде бұлтпен бірге қалықтаған. Сәлемін махаббаттың, туған жердің, Келе ме құс жолымен алып маған. Қайырмасы: Тербеліп тал бесікте өскен жерім, Қаз басып тұсауымды кескен жерім. Есейіп елді танып, досты тауып, Базарын өмірімнің кешкен жерім. Көлдерің аққу ұшып, қаздар қонған, Қырларын қызғалдақты гүлге толған. Тоғайың, сағым далаң еске түсіп, Бұл күнде жүрегімде болдың арман. Қайырмасы: Тербеліп тал бесікте өскен жерім, Қаз басып тұсауымды кескен жерім. Есейіп елді танып, досты тауып, Базарын өмірімнің кешкен жерім.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Көліне ұшқан аққу, қаздай көктегі, Саған деген сағынышым бітпеді. Сол бір жылдың бір кездескен көктемі Мәңгілікке көз алдымнан кетпеді. Қайырмасы: Өзің деп тілегім, соғады жүрегім, Арманым болып сен ғана. Ойдағы сезімсің, бақытым өзіңсің Жалғанда маған бір ғана. Гүлге қонған көбелектей айналып, Жүрегіңнен бақытымды іздедім. Арманымның қанатына байланып, Өзіңнен мен үмітімді үзбедім. Қайырмасы: Өзің деп тілегім, соғады жүрегім, Арманым болып сен ғана. Ойдағы сезімсің, бақытым өзіңсің Жалғанда маған бір ғана. Құзға шыққан жалғыз ғана шынардай Алдың билеп қиялымды өзіңе. Анам таққан мойнымдағы тұмардай Сонша ыстық көрінесің көзіме. Қайырмасы: Өзің деп тілегім, соғады жүрегім, Арманым болып сен ғана. Ойдағы сезімсің, бақытым өзіңсің Жалғанда маған бір ғана.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Сағынып кетпей ойдан, туған жерім, Елестеп көз алдыма асқар белің. Шалғайда мен өзіңнен жүрсем-дағы, Сипайды самайымнан қоңыр желің. Тербеліп тал бесікте өскен жерім, Қаз басып тұсауымды кескен жерім. Есейіп елді танып, досты тауып, Базарын өмірімнің кешкен жерім. Бұлбұлдың салған әні шарықтаған, Көгіңде бұлтпен бірге қалықтаған. Сәлемін махаббаттың, туған жердің, Келе ме құс жолымен алып маған. Тербеліп тал бесікте өскен жерім, Қаз басып тұсауымды кескен жерім. Есейіп елді танып, досты тауып, Базарын өмірімнің кешкен жерім. Көлдерің аққу ұшып, қаздар қонған, Қырларын қызғалдақты гүлге толған. Тоғайың, сағым далаң еске түсіп, Бұл күнде жүрегімде болдың арман. Тербеліп тал бесікте өскен жерім, Қаз басып тұсауымды кескен жерім. Есейіп елді танып, досты тауып, Базарын өмірімнің кешкен жерім.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Армандап асыл тілекті, Махаббат отын жандырдың. Сондағы сүйген жүректі Қай жерде бүгін қалдырдың? Қайырмасы: Қырдағы гүлдей түрге еніп, Жүруші ек ешбір алаңсыз. Түсіңе жиі жүр ме еніп Қоштасқан кездер амалсыз? Жұлдызды санап аспанда, Түн бойы ұзақ қараған - Ай нұрын бізге шашқанда Жанарың қайда қадаған? Қайырмасы: Қырдағы гүлдей түрге еніп, Жүруші ек ешбір алаңсыз. Түсіңе жиі жүр ме еніп Қоштасқан кездер амалсыз? Құштарлық сезім биіктей, Күтумен болып жыл құсын, Жаралы болған киіктей Жете алмай әлде жүрмісің? Қайырмасы: Қырдағы гүлдей түрге еніп, Жүруші ек ешбір алаңсыз. Түсіңе жиі жүр ме еніп Қоштасқан кездер амалсыз?
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Арманым менің, Аяулым едің, Табысар бізге күн бар ма? Толассыз іздеп, даланы кезсем, Қоятын маған сын бар ма? Қайырмасы: Кетсең де шалғай, Жанарымды алмай, Қараймын сенің бейнеңе. Түсімде көріп, Аймалап, өбіп, Қысамын ыстық кеудеме. Тыңдайды гүлің бұлбұлдың үнін, Сағынып сені армандай. Күткенмен, күнім, келмейсің бүгін, Тағдырдың жолы тар қандай. Қайырмасы: Кетсең де шалғай, Жанарымды алмай, Қараймын сенің бейнеңе. Түсімде көріп, Аймалап, өбіп, Қысамын ыстық кеудеме. Айтатын әнім, күтетін таңым Өзіңсің, жаным, жалғанда. Шын сүйсе жүрек, Аңсайды тілеп, Өзге ойы оның болған ба! Қайырмасы: Кетсең де шалғай, Жанарымды алмай, Қараймын сенің бейнеңе. Түсімде көріп, Аймалап, өбіп, Қысамын ыстық кеудеме.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Далам менің бөленіп жасыл нұрға, Туған жерім, жатырсың тұнып сырға. Аспаныңда шарықтап ән боп бүгін, Жүрегімнен айналдың асыл жырға. Қайырмасы: Нұрлы өлкем бақытымсың, Шаттығымсың бойымдағы. Мәңгілік асылымсың қолымдағы, Аңсаған арманымсың ойымдағы. Айың туып оңыңнан, жұлдыз жанған, Көрген жанның көркіңді көңлі толған. Шайқалмауын тілеймін көлдеріңнің, Асқарыңды, шыңыңды қыран қонған. Қайырмасы: Нұрлы өлкем бақытымсың, Шаттығымсың бойымдағы. Мәңгілік асылымсың қолымдағы, Аңсаған арманымсың ойымдағы.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері