Материалдар санатында: 11 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Беліме асынғаным бұйда пышақ, Көрдім де ақ жүзіңді жайдым құшақ. Ақ Алуаш, отырмысың, жатырмысың, Айдында жалғыз жүзген аққу құсап. Сәулелі сенен сұлу көкте ай жоқ, Сағынып іздемеске менде жай жоқ. Барғанда әдейі іздеп елемесең, Болғаның махаббатқа атқандай оқ. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Мұқитың салады енді «Айдайына», Бақ берген ер жігіттің маңдайына. Жаманға бір сөз айтсаң теріс қарайды, Жақсының мен жүремін ыңғайына. Дүние – қызыл түлкі бұлаңдаған, Бақ тайса ерге дәулет құралмаған. Мегзеген асқар таудай есіл көңіл, Дүниеде еш нәрсеге тына алмаған. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Паңкөйлек маң-маң аяқ басатұғын Жар қайда ондай көңіл ашатұғын Кешегі жиырма бестің желігінде Көңілім тау суындай тасатұғын Дүние қызыл түлкі бұландаған Бақ тайса басқа дәулет құралмаған Меңзеген асқар тауға қайран көңілім Дүниеде ешнәрсеге тына алмаған Кім білер, кімдер болар мейірім қанар Рухым сөнген менің қайта жанар Еңіреп Мұқит бабам өтіпті-ау деп Кейінгі ұрпақтарым есіне алар |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Жақсы адам жасырмайды адал сырын, Жаманда жақсылық жоқ ешбір ырым. Атар таң, сол жаманға шығар күн жоқ, Келгенде сөйлер сөзге кетер қырын. Бір күйі домбыраның пернесінде, Жел сөзден іркілейін мен несіне. Жігіттер, тіршілікте ойна да күл, Мен кепіл өткен жастық келмесіне. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ой, қалқам, сен де көркем, мен де көркем Қосылса екі көркем болады тең Дөңбекшіп төсегімде жата алмаймын Есіме сен түскенде, сұлу еркем Қайырмасы: Бір ағашта екі алма Мен де алмаймын, сен де алма Анық досым сен болсаң Оймақ ауыз, күлім көз Мен кеткенде сен қалма Ой, көк айдай Күткен әулем - Қыз қайда-ай Ой, қалқа, сен де ақ маңдай, мен де ақ маңдай Қосылса екі ақ маңдай шам жаққандай Төбесі сұлу қыздың көрінгенде Аяқты баса алмаймын жын қаққандай Қайырмасы: Бір ағашта екі алма Мен де алмаймын, сен де алма Анық досым сен болсаң Оймақ ауыз, күлім көз Мен кеткенде сен қалма Ой, көк айдай Күткен әулем - Қыз қайда-ай |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Уа, Зәуреш, сенің үшін елден келдім. Баяғы өзің көрген жерден келдім. Сен неге мен келгенде тебіренбейсің, Иіскеп, бір сүйейін деген едім. Қайыңның жазда көрдім жапырағын, Құланның тауда көрдім шоқырағын. Сен қалған отыз ұлдан едің, Зәуреш, Бір уыс бұйырмады топырағың. Сақталмас болат пышақ қын болмаса, Өтірік неге керек шын болмаса. Зарланып саулы інгендей келгенімде, Басыңды бір көтерші тым болмаса. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Тәкаппар неге керек пасық кісі, Ойнайды көзін қысып ғашық кісі. Білдірген көңіл сырын ишаралап, О дағы ғашықтықтың басыртқысы. Тәкаппар неге керек менмен кісі, Өлеңді неге айтпайды білген кісі. Алыстан сұлу көркің көз тартқандай, Қасыңнан неге кетсін келген кісі. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Алдында сау қайыңның сал бар, қалқам, Жайылған сахарада, ей еркем, мал бар қалқам. Бірге өскен кішкентайдан қалқам едің, Күн жақсы, қосылғанша, ей еркем, бар, бар, қалқам. Қыз еркем отыр екен күліп-ойнап, Ақ маңдай сүмбіл шашты, ей еркем, аузы – оймақ. Бірге өскен кішкентайдан еркем едің, Көрмедім қызығыңды быр жыл ойнап. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ат басқа, доға басқа, шылия басқа, Кез келсе қарамайсың, дүние-ау, кәрі-жасқа. Көзіңе көрінгенді иттей қауып, Көрсеттің жек көрініш, дүние-ау, қарындасқа. Алғаның болса жаман бажылдаған, Кірерсің күнде көрге, дүние-ау, қазылмаған. Садақа жұма сайын берсең-дағы, Тап болдың бір ауруға, дүние-ау, жазылмаған. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Жылқыда сұлусынған қара ала аттай, Мезгілсіз кеш болғанда жүрдім қатты-ай. Алыстан әдейі іздеп келіп едім, Сөзіңді естиін деп балдан тәтті-ай. Домбыра екі ішекті қолға алдым, Сол үшін он екі алуан әнге салдым. Алыстан ат сабылтып келіп едім, Ақ жүзін бір көрсем деп қалқажанның. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері