Материалдар санатында: 4 Материалдар көрсетілді: 1-4 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Кел, жолдасым, қонақ бол, Кел аулыма жайнаған. Аулым – табыс ордасы, Қызу еңбек қайнаған. Қайырмасы: Ен жайлауды жайлаған Біздің ауыл осындай! Тербетілген толқындай, Алтын астық айналам. Қырда қыруар қалың мал, Бау бақшалы сай-салам. Қайырмасы: Ен жайлауды жайлаған Біздің ауыл осындай! Жалын атқан жанары, Ауыл толы жастарым, Бақытын ұдай табады, Бейбіт күні ашық аспаным. Қайырмасы: Ен жайлауды жайлаған Біздің ауыл осындай! Абырайың асады, Келші, досым, ауылға. Көңілің көл боп тасады, Жаңалық көп ауылда. Қайырмасы: Ен жайлауды жайлаған Біздің ауыл осындай!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Көркіңе көз тоймас келбетті, Үйлерің әшекей өрнекті. Күнменен таласқан шығыста Өзіңдей қала жоқ сәулетті. Қайырмасы: Жайнаған Алматым – нұр қала, Көңілді, шуақты жыр қала. Бауырлас достықтың мекені, Құлпырған жасампаз гүл қала. Күміс қар жамылған шың басы, Алатау тұр асқақ тұлғасы. Шаттығы шалқыған етегі, Бұлбұлын сайраған тыңдашы! Қайырмасы: Жайнаған Алматым – нұр қала, Көңілді, шуақты жыр қала. Бауырлас достықтың мекені, Құлпырған жасампаз гүл қала. Аймалап нұрлы күн шапағы, Шұғыла қалама шашады. Салтанат жарасқан Алматым, Қонаққа құшағын ашады. Қайырмасы: Жайнаған Алматым – нұр қала, Көңілді, шуақты жыр қала. Бауырлас достықтың мекені, Құлпырған жасампаз гүл қала.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ер қазақ егеменді ту ұстады, Шалқыды күннен-күнге ырыс-бағы. Жайқалтты дән теңізін Қазақстан – Қазақтың ұлы отауы шығыстағы. Қайырмасы: Тың өлкем, Ақ Жайық, Кең өлкем, ғажайып Гүлстаным! Кенді Алтай, Үржарым, Жетісу – гүл бағым, Қазақстаным! Құрышты Теміртау, Жез қазған Қаратау, Жер ұйығы кең өлкем менің! Мұнайлы Маңғыстаудың түбегі бар, Алтайдың алтын атқан жүрегі бар. Қаспийдің қара бұйра толқынындай Таусылмас Қарағанды көмірі бар. Қайырмасы: Тың өлкем, Ақ Жайық, Кең өлкем, ғажайып Гүлстаным! Кенді Алтай, Үржарым, Жетісу – гүл бағым, Қазақстаным! Құрышты Теміртау, Жез қазған Қаратау, Жер ұйығы кең өлкем менің! Жасарды кең өлкемнің топырағы, Тау иіп, теңіз тасып толқыр әлі. Құйылса көк құрышы Теміртаудың, Қостанай қоймаға дән толтырады. Қайырмасы: Тың өлкем, Ақ Жайық, Кең өлкем, ғажайып Гүлстаным! Кенді Алтай, Үржарым, Жетісу – гүл бағым, Қазақстаным! Құрышты Теміртау, Жез қазған Қаратау, Жер ұйығы кең өлкем менің!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Әлемнің шам шырағы күн де дара, Адамның жан жүрегі діл де дара. Бұйырған бір халықтың маңдайына Тірліктің тілмашындай тіл де дара. Қайырмасы: Ойымның нәрі – Ана тілі, Тойымның сәні – Ана тіл. Даңқымның тауы – Ана тіл, Халқымның ары – Ана тіл. Ежелден атам мирас еншіміз де, Сөйлесер болашақпен елшіміз де. Халқымыз қазақ тілі қазынасы, Қастерлеп жайнатар деп сенсін бізге. Қайырмасы: Ойымның нәрі – Ана тілі, Тойымның сәні – Ана тіл. Даңқымның тауы – Ана тіл, Халқымның ары – Ана тіл.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері