Материалдар санатында: 9 Материалдар көрсетілді: 1-9 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Өмірдің бақтарында Қарлығаштар қалықтайды Көңілді шақтарында Сайраңдаудан жалықпайды Қайырмасы: Ақтамақ қарлығаштар Қаракөз қарындастар Күн болып көріндіңдер Гүл болып өрілдіңдер Бақыт боп жаралдыңдар Ән болып таралдыңдар Қаракөз қарындастар Ақтамақ қарлығаштар Көшеде бара жатсаң Кезідегі қарсы алдыңнан Қиылған қара қастар Көркіменен тамсандырған Қайырмасы: Ақтамақ қарлығаштар Қаракөз қарындастар Күн болып көріндіңдер Гүл болып өрілдіңдер Бақыт боп жаралдыңдар Ән болып таралдыңдар Қаракөз қарындастар Ақтамақ қарлығаштар Тұтатып үміттерді Салқындықты жолатпайды Қуантып жігіттерді Бақыт болып қонақтайды Қайырмасы: Ақтамақ қарлығаштар Қаракөз қарындастар Күн болып көріндіңдер Гүл болып өрілдіңдер Бақыт боп жаралдыңдар Ән болып таралдыңдар Қаракөз қарындастар Ақтамақ қарлығаштар
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Көзіңе қадаламын Күн нұрына балаймын Өзіңнен нәр аламын Шұғылаң боп тараймын Бұбұлымсың Қыр гүлімсің Арайлым Қайырмасы: Келші, сәулем Менің асыл арманым Саған деген Жүрек жырын арнадым Қашанда мен жүремін Жақындасаң жалын боп Ерекше елжіредің Тамылжыған таңым боп Қалықтадың Шарықтадың Әнім боп Қайырмасы: Келші, сәулем Менің асыл арманым Саған деген Жүрек жырын арнадым Күлкің - күй, көңіл назы Махаббатым, маржаным Өзіңсің өмір жазы Нұрға толы жан-жағым Бақытымсың Шабытымсың Жан-жарым! Қайырмасы: Келші, сәулем Менің асыл арманым Саған деген Жүрек жырын арнадым
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Аұтылы қой өргізгенде шопаны Ардақтым деп қастерлеген Отаны Қайыстырып кең даласын елімнің Қаптай берсін Жазылбектің отары Қайырмасы: Төлін егіз - егізден Елі үшін өргізген Жас қазақтар, жас таланттар Өрлеп ұшқан - жас қанаттар Елін сүйген Еңбек Ері Жазылбекшілер Батыр сағы дауылдардан сыңбаған Алақұйын жауындардан тынбаған Ақсақалы Жазылбектей батыр боп Асыл жандар ауылдарда шыңдалған Қайырмасы: Төлін егіз - егізден Елі үшін өргізген Жас қазақтар, жас таланттар Өрлеп ұшқан - жас қанаттар Елін сүйген Еңбек Ері Жазылбекшілер Ерлік іспен жалындаған жанымыз Жазылбектің шәкіртіміз бәріміз Шаттанайық, мақтанайық сол үшін Шартарапқа шарықтасын әніміз Қайырмасы: Төлін егіз - егізден Елі үшін өргізген Жас қазақтар, жас таланттар Өрлеп ұшқан - жас қанаттар Елін сүйген Еңбек Ері Жазылбекшілер
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Көрікті көл беті Көк елес көлбеді Мен тұрмын жағада жабырқау Ай нұры арайлы Айдынға тарайды Сүйіктім келер ме, япырмау? Айдын көл, сен айтшы Самал жел, сен айтшы Жарыма құс болып ұшайын Бір хабар берші, айым Жақындап келші, айым Лапылдап мәңгі құшайын Айым боп қалқыдың Қайың боп балқыдың Қызықты көктемнің кешінде Жарасты үніміз Жарасты жырымыз Тербелдік айдын көл төсінде Гүлім боп аңқыдың Нұрым боп шалқыдың Өртеді тәнімді от лебің Бақытты шақтарда Жақұтты бақтарда Өзіңмен бірге көктедім
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Мархаба – көңілі күй, сөзі дастан, Ұстазым бұл өмірге көзімді ашқан. Әуен боп әнімде жүр мақпал үнің, Жырымда ізің жатыр өзің басқан. Қайырмасы: Бір өзің өнер-білім әлеміндей, Кім айтар даналық сөз дәл өзіңдей. Мархаба, есіміңіз қымбат маған, Қазақтың қасиетті сәлеміндей. Мархаба – шалқар әуен, шабытты өлең, Өмірдің ұлылығын дәріптеген. Мархаба – алғаш ұғым есімдегі, Санама бірге сіңген әліппемен. Қайырмасы: Бір өзің өнер-білім әлеміндей, Кім айтар даналық сөз дәл өзіңдей. Мархаба, есіміңіз қымбат маған, Қазақтың қасиетті сәлеміндей. Ұстазым – ұлағатым, үлгім менің, Күйім боп көкейімде күмбірледің. Мен үшін дүниенің байлығындай, Анамдай мейірлене бір күлгенің. Қайырмасы: Бір өзің өнер-білім әлеміндей, Кім айтар даналық сөз дәл өзіңдей. Мархаба, есіміңіз қымбат маған, Қазақтың қасиетті сәлеміндей.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Бір тұман көңілден, Жүргенде тарқамай, Сәуле боп көрінген, Сымбатты қалқам-ай. Қайырмасы: Өзің боп оралды, Арманым бір алыс. Өзің боп жаралды, Кеудемде қуаныш. Тасытты жыр селін, Көкейім күй тұнған. Құпия бір сезім, Оятты ұйқымнан. Еркімді билеген, Жайдарлым, қылықтым. Сезімім күйреген, Күндерді ұмыттым. Қайырмасы: Өзің боп оралды, Арманым бір алыс. Өзің боп жаралды, Кеудемде қуаныш. Тасытты жыр селін, Көкейім күй тұнған. Құпия бір сезім, Оятты ұйқымнан. Сейілтті түнімді, Көзіңнің жарқылы. Сағынып үніңді, Жүрегім балқыды. Қайырмасы: Өзің боп оралды, Арманым бір алыс. Өзің боп жаралды, Кеудемде қуаныш. Тасытты жыр селін, Көкейім күй тұнған. Құпия бір сезім, Оятты ұйқымнан. Шалқысын жыр-арман, Алаңсыз сүй, күнім, Тағдырдан бір алған, Ғажайып сыйлығым. Қайырмасы: Өзің боп оралды, Арманым бір алыс. Өзің боп жаралды, Кеудемде қуаныш. Тасытты жыр селін, Көкейім күй тұнған. Құпия бір сезім, Оятты ұйқымнан.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Манаурап тау үстінен көрінсе ай, Бір сезім тербетеді көңілді жай. Ән кернеп, жас жанымды мазалайды, Тартады мені өзіне Тобылғы сай. Қайырмасы: А-ай, жұлдызымсың нұрын шашқан, Әнімсің айналайын Тобылғы сай. Сылдырап тау астынан ағады өзен, Кеудемді кернеп менің барады өлең. Ең алғаш бақыт таптым бір өзіңнен, Құлағым сен дегенде қағады елең. Қайырмасы: А-ай, жұлдызымсың нұрын шашқан, Әнімсің айналайын Тобылғы сай. Сайыңнан жұпар гүлін тергем талай, Айғанмен қол ұстасып алтын арай, Өзіңмен махаббатым шоқ боп жанған, Айналдым, қуанышым - Тобылғы сай. Қайырмасы: А-ай, жұлдызымсың нұрын шашқан, Әнімсің айналайын Тобылғы сай.