Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Аспандағы ай ма дедім, Жастық шағым қайда менің? Жүрегімді елжіреткен Жаным, қандай жайдары едің?! Қайырмасы: Нурикамал, Камалым-ай, Күндей ашық жанарың-ай, Қолым жетпей, сөзім де өтпей, Жаутаңдадым қабағыңа-ай, қарағым-ай. Ойың озық, сөзің тәтті. Қандай Ана сені тапты? Көнілімді жарасынан Сыймай тасып сезім жатты. Қайырмасы: Нурикамал, Камалым-ай, Күндей ашық жанарың-ай, Қолым жетпей, сөзім де өтпей, Жаутаңдадым қабағыңа-ай, қарағым-ай. Күлімдесе ай қабағың, Қалай ғана жай табамын? Көктем гүлі ұшқым келіп, Жердемін деп ойламадым.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Күнсіз болмас дүние, түнсіз болмас, Түнсіз болмас дүние, күнсіз болмас, Ғашықтық қуаныш боп сезілгенмен, Махаббат ешқашанда мұңсыз болмас. Қайырмасы: Тірліктің талай гүлі солғанменен, Тағдырдың талай мұңы болғанменен, Өмірге келгеніңе өкінбе сен! Бар қызығын өмірдің ала алмассың, Қуаныш боп мәңгілік жаралмассың, Жарқырап айлы түнде жұлдыздардай Бәлкім, сен бақытым боп жана алмассың.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Мариям Жагор деген орыс қызы Он алты, он жетіге - келген кезі Қазаққа Дудар деген ғашық болып Сондағы Мариямның айтқан сөзі Қайырмасы: Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе, Жеріңе уағда айтқан келмедің бе? Жеріңе уағда айтқан келмей қалып, Мариям заты орыс деп сенбедің бе? Қайырмасы: Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір. Басыңа камшат бөрік жарасып жүр. Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел, Орныңа өңкей жаман таласып жүр. Қайырмасы: Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Қолында Мариямның өткір қайшы. Қағазға Мариям аты жазылсайшы. Қор болып бір жаманға кеткенімше, Алдымнан қазулы көр табылсайшы!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері