Материалдар санатында: 15 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Әлі есімде сәулештің тіл қатқаны Сырласумен жазғы таңның атқаны Таудан аққан мөлдір бұлақ сылдары Ақ қайыңның желмен сыбдыр қаққаны Қайырмасы: Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез Көз алдымнан кетпей қойды-ау, мөлдір көз! Әлі есімде, бұлтсыз әлем аспаны Арман бізді алға апарып тастады Қара шашың мойыныма оралып Жерге тамған мөлдір көздің жастары Қайырмасы: Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез Көз алдымнан кетпей қойды-ау, мөлдір көз! Содан бері өтті сәулем талай күн Әлсін-әлсін суретіңе қараймын Тағдыр бізді алыстатты, қоспады Сыры ғой бұл екеуміздей талайдың Қайырмасы: Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез Көз алдымнан кетпей қойды-ау, мөлдір көз!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Сені ойласам жүректің Таба алмаймын тағатын Мені билеп бір екпін Қиял сермер қанатын Жасыл жайлау жерінде Жастық шіркін гүл еді Сеніңдағы менің де Арманымыз бір еді! Қайырмасы: Жарқылдап жүруші едің-ау Жалынға толып жас жаның Алыста жүрген, жан еркем Әніңді сенің аңсадым! Алғаш көрген кезімнен Бақытымды сезгенмін Теңгерем бе өзіңе Бұлбұл құсын өзгенің! Сені ойласам жүректің Таба алмаймын тағатын Мені билеп бір екпін Қиял сермер қанатын Қайырмасы: Жарқылдап жүруші едің-ау Жалынға толып жас жаның Алыста жүрген, жан еркем Әніңді сенің аңсадым!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Әлем сүйген салтымыз бар, Бейбітшілік – ел ұраны. Өмір сүйген халқымыз бар, Бейбіт елдің біз ұланы. Қайырмасы: Халықтар өмірді қорғайды, Әділет ұранын қолдайды. Шырқаңдар, кел достар, әр елде, Бейбіт күн жасасын әлемде! Қорғау үшін өмір көркін – Бүгіннен де ертең нұрлы. Болдырмаймыз соғыс өртін, Достар берік сапқа тұрды. Қайырмасы: Халықтар өмірді қорғайды, Әділет ұранын қолдайды. Шырқаңдар, кел достар, әр елде, Бейбіт күн жасасын әлемде! Ел ұраны мәңгі анық, Әр жүректе жатталады. Қолға алса барлық халық, Бейбітшілік сақталады. Қайырмасы: Халықтар өмірді қорғайды, Әділет ұранын қолдайды. Шырқаңдар, кел достар, әр елде, Бейбіт күн жасасын әлемде!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Шіркін-ай, ойда-жоқта болдың да кез Жайықтан бір қыз көрдім қарқат көз Асыққан балықшы екен амалым не Қалдым-ау ести алмай бір ауыз сөз Қайырмасы: А-ха-хай, дариғай Жалт етті де жоқ болды Көрген түстей-сағымдай Ажары атқан таңдай ару жастың Қасы бар қанатындай қарлығаштың Жанары жан біткенді елжіреткен Болсайшы бәрі сондай қарындастың Қайырмасы: А-ха-хай, дариғай Жалт етті де жоқ болды Көрген түстей-сағымдай
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам, Анау жаудың танктері зулаған. Ресей кең, артымызда – Москва, Шегінуге хақымыз жоқ бір қадам! Қайырмасы: Аттық, қане, аттық, қане, Ал гранат, ал қанша. Ақтық қаның, ақтық жаның Айқасамыз қалғанша! Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам, Анау жаудың танктері зулаған. Аман қалды, аман қалды Москвадай ұлы анаң, Шегінбеді, шегінбеді жиырма сегіз бір қадам, Шегінбеді жиырма сегіз бір қадам! Қайырмасы: Ердің бәрі, ердің бәрі Шегінбеді бір қадам. Елдің бәрі, жердің бәрі Аңыз етіп жырлаған.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 4.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Бірге тойлап, бірге өткізген Жалындаған жас шағын Талай қызық күнді өткізген Қайдасыңдар достарым Қайырмасы: Достар, достар жүрсің қайда Бірге еді ғой жанымыз Еске алысып осындайда Кел шырқайық бәріміз Достар, достар жүрсің қайда Бірге еді ғой жанымыз Еске алысып осындайда Кел шырқайық бәріміз Бәрімізде таптық бүгін Бақыт жолын іздеген Дос үміті - достық сенім Әрқашанда бізбенен Қайырмасы: Достар, достар жүрсің қайда Бірге еді ғой жанымыз Еске алысып осындайда Кел шырқайық бәріміз Достар, достар жүрсің қайда Бірге еді ғой жанымыз Еске алысып осындайда Кел шырқайық бәріміз Жубрсек-дағы қиыр шетте Досты ұмытқың келмейді Достық жалын бар жүректе Суымайды сөнбейді Қайырмасы: Достар, достар жүрсің қайда Бірге еді ғой жанымыз Еске алысып осындайда Кел шырқайық бәріміз Достар, достар жүрсің қайда Бірге еді ғой жанымыз Еске алысып осындайда Кел шырқайық бәріміз
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Асқақтата салғаным жайлау әні Баққан малым жайлаудың болған сәні Қай жеріменен мін таптың қалқатайым Менің жазған хатыма жауап кәні! Қайырмасы: Кездескен күн есімде Айлы жаздың кешінде Еске сақта, қалқатай Айта берем несіне Жайлау қандай, мал қандай, өзім қандай Көрген адам біздерге таңдағандай Жалғыз жүріп есіме сен түскенде Қарсы алдымнан болады шам жанғандай Қайырмасы: Кездескен күн есімде Айлы жаздың кешінде Еске сақта, қалқатай Айта берем несіне Кездесіп ек колхозда айлы түні Құлағымнан қалқаның кетпейді үні Шығасың ба алдымнан шықпайсың ба Москвадан жұлдыз ап келген күні?! Қайырмасы: Кездескен күн есімде Айлы жаздың кешінде Еске сақта, қалқатай Айта берем несіне
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Сағынғанда жарыңа, Жіберіпсің орамал. Жабырқасам, жаныма, Жәрдем берген сол – аужал. «Сәулеме» деп жазылған, Орамалда сөзің тұр. Сонда сенің сағынған, Мөлдіреген көзің тұр. Жалғыз ауыз сөзіңді, Дәрмен көріп жаттаймын. Қайда жүрсем өзіңді. Көкіректе сақтаймын. Сақтай-сақтай жүремін, Төс қалтамнан шығармай. Жүрегің мен жүрегім, Бірге соғып тұрғандай.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ғашық боп сырттан үзіліп Қыз жоқта маған айтасың Ол барда өңің бұзылып Үндемей үйге қайтасың Өзің де жігіт қызықсың! Сырыңды қайдан қыз ұқсын?! Жұмыстан қайтар кезіңде Кеңсе алдына барасың Тілдесе алмай өзімен Сыртынан мәз боп қаласың Өзің де жігіт қызықсың! Сырыңды қайдан қыз ұқсын?! Күн нұры түспей гүл өзі Ашылар деме бекерге Жігіттің жылы бір сөзі Жібітпей қызды кетер ме? Өзің де жігіт қызықсың! Сырыңды қайдан қыз ұқсын?!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Армандай асыл ақ дәурен Алыстап қалды-ау Қаракөз Алаулап атқан таңдармен Келмейді-ау сол бір бала кез Тырналар ұшып өткенде Түседі-ау еске бала кез Қызғалдақ көрсем көктемде Түседі-ау еске Қаракөз Аққу кеп қонса көліне Түседі-ау еске Қаракөз Тырналар қайтса еліне Түседі-ау еске бала кез Сағынған жақсы бір сәтті Сағыныш екен бала кез Есіме алсам бір шақты Арманым екен Қаракөз Армандай асыл ақ дәурен Алыстап қалды-ау Қаракөз Алаулап атқан таңдармен Келмейді-ау сол бір бала кез
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері