Материалдар санатында: 6 Материалдар көрсетілді: 1-6 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Жадырап жаз келді Жайқалды өлкеміз Неліктен өзгерді Мінезің ерке қыз Сандуғаш бақшада Сайрайды таңертең Қандай жан, сәулем, дақ салды Көңіліңе сенің ақ еркем Жүзіңді көргенде Сөз таппай қиналам Алдыңа келгенде Өкпеңді қи маған Күлімде, көзіңнің Қиығын таста да Қимаймын, сәулем өзіңді Қимаймын сені басқаға Оқуды бітіріп Ауылға қайтармын Жүректе сырымды Жыр етіп аытармын Нұр толып жүзіңде - Осында қал - деші Қырманнан қайтар кезімде - Қырқадан күтіп ал - деші
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Абат аймақ азат аймақ - Бағыстан Бақытымды іздеймін алыстан Самал желпіп сенің дарқан далаңды Шығысыңнан тамылжиды таныс таң Қазақстан - туған өлкем Өңіріңде өскен өркен Сенің жайсаң жеріңдегі Өмір көркем, көңіл көркем Ақ торғындай Қазақстан аспаны Адамының қартаймастай жас жаны Мұнда келсең құмартарсың өзің де Ұмытпастай ұнатсаң да басқаны Қазақстан - байтақ өлкем Жер көп пе одан сендей көркем! Көрінсін деп күллі әлемге Жалауыңды желге желкем Мерейлі де мейірбанды мекенім Маған қымбат сенің ұлың екенім Саған деген махаббатым мәңгілік Сүйіп сені, жырлап сені өтемін! Қазақстан! Қазақстан! Азатстан! Ғажапстан! Алып кеме сияқтысың Көктің күнін жанап ұшқан!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Көңілдей тұнық көк аспан, Бақыты жанған әр үйдің. Күлкісі балғын жарасқан, Ұйқысы тыныш сәбидің. Қайырмасы: Әлі де туған жер үстін, Кезіп жүр ағаш балдақтар. Әкеден қалған жеңістің, Сақтаңдар туын, солдаттар. Үн қосып жайсаң өмірге, Бұлбұлдар бақта ән салса да. Жазылмай жүрген көңілде, Жара бар әлі қаншама. Қайырмасы: Әлі де туған жер үстін, Кезіп жүр ағаш балдақтар. Әкеден қалған жеңістің, Сақтаңдар туын, солдаттар. Қыздардың үміт, тағдыры, Оранған гүлге көк белдер. Сендерге сенген барлығы, Солдаттар, қалғып кетпеңдер. Қайырмасы: Әлі де туған жер үстін, Кезіп жүр ағаш балдақтар. Әкеден қалған жеңістің, Сақтаңдар туын, солдаттар.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Туған жер қандай көркем мөлдіреген, Желегі желмен ойнап желбіреген. Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы, Тыншымай ет жүрегім елжіреген. Ыстық-ақ бүлдіргенді өзендерің, Саяңда сайрап өскен өрендерің. Мен едім соның бірі – қарыздармын, Әлі де аз сіңірген өз еңбегім. Қашанда қарыздармын, елім, саған, Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған. Жүректің арнап ыстық махаббатын, Туған ел, берерім көп менің саған.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Таңертеңмен бір сұлу қыз суға келеді Суға келеді Суға келеді Ат жетектеп бір жас жігіт еріп келеді Еріп келеді Еріп келеді Қайырмасы: Тоқтаңыз сұлу қыз су іздеген Танысқым келеді менің сізбен Айтыңыз атыңыз кім болады Танысып көрмеп ем бұрын қызбен Менің атым неге керек айтшы жас жігіт Айтшы жас жігіт Айтшы жас жігіт Бір көргеннен қалдыңыз ба мені шын сүйіп Мені шын сүйіп Мені шын сүйіп Қайырмасы: Тоқтаңыз сұлу қыз су іздеген Танысқым келеді менің сізбен Айтыңыз атыңыз кім болады Танысып көрмеп ем бұрын қызбен Таңертеңмен бір сұлу қыз суға келеді Суға келеді Суға келеді Ат жетектеп бір жас жігіт еріп келеді Еріп келеді Еріп келеді Қайырмасы: Тоқтаңыз сұлу қыз су іздеген Танысқым келеді менің сізбен Айтыңыз атыңыз кім болады Танысып көрмеп ем бұрын қызбен Тоқтаңыз сұлу қыз су іздеген Танысқым келеді менің сізбен Айтыңыз атыңыз кім болады Танысып көрмеп ем бұрын қызбен
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Туған жер қандай көркем мөлдіреген, Желегі желмен ойнап желбіреген. Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы, Тыншымай ет жүрегім елжіреген. Ыстық-ақ бүлдіргенді өзендерің, Саяңда сайрап өскен өрендерің. Мен едім соның бірі – қарыздармын, Әлі де аз сіңірген өз еңбегім. Қашанда қарыздармын, елім, саған, Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған. Жүректің арнап ыстық махаббатын, Туған ел, берерім көп менің саған.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері