Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Өңімде ме еді, түсімде ме еді Көріп ем ғой бір армандай қызды Бір нәзік сәуле күлімдеп еді Сұрапыл соғыс соқты да бұзды Сапырды дауыл, тебіренді теңіз Тулады толқын, шайқалды шың-кұз Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз Қайда екен, қайда Дариға, сол қыз?! Оқ тиді келіп, қайратым кеміп Барамын сөніп, келмейді өлгім! Тұрғандай сол қыз жаныма келіп Талпына берді қайран жас көңілім! Көрсетпей жүзін, естіртпей сөзін Каһарын төгіп тұр долы соғыс Арманым бар ма өлсем бір көріп Қайда екен, қайда Дариға, сол қыз?! "Келмейді өлгім, келмейді өлгім Қайратым қайда, келші осындайда" Дедім де тұрдым, жүгіре бердім Қолымда найза, шағылып айға Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым Күркіреп күндей өтті ғой соғыс Келемін қайтып, өлеңімді айтып Қайда екен, қайда Дариға, сол қыз?!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Шықшы тауға, қарашы кең далаға Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма? Уа, дариға, алтын бесік туған жер Қадіріңді келсем білмей кеше гөр Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей Ақын болмай тасың болсам мен егер Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің Нендей күйге жүрегімді бөледің Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім Қызығыңды көріп еркін келемін Сен де аямай бердің маған барыңды Мен де аямай барым саған беремін Болдым ғашық туған дала мен саған Алыс жүрсем, арманым - сен аңсаған Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың Өз советім - өзім туған босағам