Материалдар санатында: 10 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Білмеймін, Ақтөбе ме, Ақмола ма, Бір сұлу маған бір күн тап бола ма? Қыз таңдап ел қыдырып жүргенімде, Шынымен, маған солай бақ қона ма? Қайырмасы: Айсұлу әлде Нұрсұлу, Жансұлу әлде Күнсұлу. Атын білмей қор болдым. Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу. Білмеймін, диқан ба екен, малшы ма екен, Әлде бір алма мойын әнші ме екен. Тапқанша сол сұлуды, кең Арқаның Аралап барлық жолын таусып өтем. Қайырмасы: Айсұлу әлде Нұрсұлу, Жансұлу әлде Күнсұлу. Атын білмей қор болдым. Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу. Білмеймін, аққұба ма, қара ма екен, Мейірім бір көргенде қана ма екен? Ел кезіп, аудан қоймай жүргенімде, Япыр-ай, қай ауылдан табар екем? Қайырмасы: Айсұлу әлде Нұрсұлу, Жансұлу әлде Күнсұлу. Атын білмей қор болдым. Әйтеуір, сол қыз – бір сұлу.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Алматының бозғұлт тұман түнінде Көп тұрып-ек жасыл терек түбінде Сүйемін деп асылып ең мойныма Қайда-қайда сол бір елес бұл күнде Сүйемін деп асылып ең мойныма Қайда-қайда сол бір елес бұл күнде Айтшы қалқам, қайда-қайда сол уақыт Болған ем ғой тапқандай бір мол бақыт Маңдайыңды сүйеп сәулем төсіме Кетіп ең ғой кеудеме күн орнатып Маңдайыңды сүйеп сәулем төсіме Кетіп ең ғой кеудеме күн орнатып Айтшы жаным, қайда-қайда сол бір кез Қайда таныс, қайда мөлдір қара көз Терек те жоқ, сен де жоқсың, бұл күнде Есімде тек сүйем деген жалғыз сөз Терек те жоқ, сен де жоқсың, бұл күнде Есімде тек сүйем деген жалғыз сөз
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Алматының бозғылт тұман түнінде, Көп тұрып-ек жасыл терек түбінде. Сүйемін деп асылып ең мойныма, Қайда, қайда сол бір елес бұл күнде. Айтшы, қалқам, қайда, қайда сол уақыт, Болған ем ғой тапқандай бір мол бақыт. Маңдайыңды сүйеп, сәулем төсіме, Кетіп ең ғой кеудеме күн орнатып. Айтшы жаным, қайда, қайда сол бір кез, Қайда таныс, қайда мөлдір қара көз. Терек те жоқ, сен де жоқсың, бұл күнде, Есімде тек сүйем деген жалғыз сөз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда Ай менен Күн шағылса да. Дүниеде, сірә сендей маған жар жоқ, Саған жер менен артық табылса да. Сорлы асық сарғайса да, сағынса да, Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да. Шыдайды риза болып жар ісіне, Қорлық пен мазағына табылса да.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Дауылмен тербеп оның жас бесігін, «Мәншүк» деп ел атаған ерке есімін. Адамша ақтау үшін ана сүтін, Майданның, пулеметпен ашты есігін. «Максимін» басқан сайын бас бармағы, Жаулардың өлік болды жастанғаны. Атысты ол от ішінде сүңгіп жүріп, Секілді қамысты көл қасқалдағы. Ай өткен, жылдар өткен, ғасыр өткен, Жеңіспен майдан бітіп, жас ер жеткен. Ерлігі ел жүрегін тебіренткен, Ұрпаққа ұран болып Мәншүк кеткен.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 4.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Түнгі самал егін басын тербейді Алыста қыр қарауытын көлбейді Айдың нұры баяу ғана дірілдеп Тың алқапты көкшіл шұғыла кернейді Айлы дала салқын самал тамаша Екі ғашық қол ұстасып келе жатыр оңаша Екі ғашық қол ұстасып келеді Айтылмақ сөз, ақтармақ сыр көп еді Бар болғаны жүрек тулап, дем ысып Әлсін-әлсін ерінге-ерін төнеді Жанға рахат түннің салқын самалы! Махаббаттың махаббаттың оты лаулап жанады Махаббаттың оты лаулап жанады Сол жалыннан жүрек сая табады Түнгі дүние төңіректе мүлгиді Тербеледі тың егіннің алабы Айлы дала салқын самал тамаша Екі ғашық, екі ғашық келе жатыр оңаша
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ежелден халықтар бостандық қалайды, Ертеңгі күніне үмітпен қарайды. Сондықтан әлемді аралап, Тыныштық ұраны тарайды. Қайырмасы: Сапқа тұр, ақ ниет адамдар, Кел, қосыл бейбітшіл шеруге, Тыныштық жауларын жеңуге. Тыныштық тулары биікке самғасын, Тыныштық ұраны қиырды шарласын. Жетім боп ана мен балалар, Ойран боп от басы қалмасын. Қайырмасы: Сапқа тұр, ақ ниет адамдар, Кел, қосыл бейбітшіл шеруге, Тыныштық жауларын жеңуге. Қара бұлт тағы да аспанды торлады, Самсады қарайып зеңбірек орманы. Жол берме соғысқа, адамзат, Сен ғана тыныштық қорғаны. Қайырмасы: Сапқа тұр, ақ ниет адамдар, Кел, қосыл бейбітшіл шеруге, Тыныштық жауларын жеңуге.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Мінезім бар кей уақыт құдай атқан, Борандатқан, бұрқаған, дауылдатқан. Сол мінезім жақпай ма құрбыларға, Кездерім көп қыздардан тауым қайтқан. Қайырмасы: Уа, жеңгелер, жеңгелер, Мінез деген өзгерер. Маған лайық бір сұлу, Қайдан кез келер Көріп жүрмін мінезден көрерімді, Қыздар менің білмейді-ау өнерімді. Қыздар менің білмейді-ау ерегіссем, Төрт бөлмелі үй салып берерімді. Қайырмасы: Уа, жеңгелер, жеңгелер, Мінез деген өзгерер. Маған лайық бір сұлу, Қайдан кез келер Шыдасам да махаббат азабына, Мен көнбеймін қыздардың мазағына. Таңдап жүріп үйленем бір сұлуға, Мінезі сай ақыл мен ажарына. Қайырмасы: Уа, жеңгелер, жеңгелер, Мінез деген өзгерер. Маған лайық бір сұлу, Қайдан кез келер
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Түнгі самал егін басын тербейді Алыста қыр қарауытын көлбейді Айдың нұры баяу ғана дірілдеп Тың алқапты көкшіл шұғыла кернейді Қайырмасы: Айлы дала салқын самал тамаша Екі ғашық қол ұстасып келе жатыр оңаша Екі ғашық қол ұстасып келеді Айтылмақ сөз, ақтармақ сыр көп еді Бар болғаны жүрек тулап, дем ысып Әлсін-әлсін ерінге-ерін төнеді Қайырмасы: Жанға рахат түннің салқын самалы! Махаббаттың махаббаттың оты лаулап жанады Махаббаттың оты лаулап жанады Сол жалыннан жүрек сая табады Түнгі дүние төңіректе мүлгиді Тербеледі тың егіннің алабы Қайырмасы: Айлы дала салқын самал тамаша Екі ғашық, екі ғашық келе жатыр оңаша