Материалдар санатында: 10 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Сезімнің гүлі сен едің Ғашықтың бірі мен едім Армандай асыл ақ гүлім Өзіңді іздеп келемін Арманым неткең көп еді Асудай асыл бел еді Жанымда ұйықтап жатқанда Түсімде сені көремін Қайырмасы: Қысылып жаным, жүрегім күйіп Кете алмаспын, жаным, сені өзгеге қиып Қарашы маған күлімдеп, жаным Шаттығанды қиып Қыз болса да өмірде сұлу Бермейді ешкім жүрекке жылу Ал менің болса, бар арманым Тек сені, жаным, бақытты қылу Қайырмасы: Қысылып жаным, жүрегім күйіп Кете алмаспын, жаным, сені өзгеге қиып Қарашы маған күлімдеп, жаным Шаттығанды қиып Сенсің ғой менің құлпырған гүлім Жүрекке ыстық бұлбұлдай үнің Жанымда егер сен болмасаң Не болады екен ертеңгі күнім? Біреулер келер, біреулер кетер Сонда жаным, сен қасымда болмасаң егер Нұр шашқан күндер, жұлдызды түндер Бәрі де бекер Қимаймын сені неге жаным Қызғанамын мен өзіңді өзгеден, жаным Менен басқаны сүймеші, жаным Ұмытшы бәрін Қайырмасы: Қысылып жаным, жүрегім күйіп Кете алмаспын, жаным, сені өзгеге қиып Қарашы маған күлімдеп, жаным Шаттығанды қиып
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Қайырмасы: О-о-о-о, Дүние-ай! Сағындым, Жексенұлым, Қосшығұлым, Өзекті жарып шыққан қос шыбыным. Қырық жыл аңыраған сорлы анаңның, Зарына құлағыңды тосшы бүгін. Қырық жыл ен сап жүрмін қозы-лаққа, Сендерге бәсіре деп өзі жоқта. Ірімшік, құрт-майымды сақтап жүрмін, Бір тойың болады деп осы жақта. Қызылсай қырат-қырат белесі көп, Белесте қос қозымның елесі көп. Білемін, өлім бар ғой, өле алмаймын, Өйткені мал-мүлкіңнің егесі жоқ. Қайырмасы: О-о-о-о, Жалған-ай! Жексенқұл, Қосшығұлым, қарақтарым, Малыңды алсаңшы кеп санап бәрін. Анаңды жынды атаған бұл ағайын, Әкетер көзім жұмсам талап бәрін. Сендерсіз мына қу үй қыстай екен, Баласын жылан жұтқан құстай екен. Қырық жыл аңыраған арманымды, Қалайша қанат қылып ұшпай өтем. Қара шаш аппақ бүгін қырау болды, Дүние белгісі жоқ сұрау болды. Әр күнім тойға арналған малың бағып, Әр түнім ағыл-тегіл жылау болды. Қайырмасы: О-о-о-о, Жалған-ай! Көңілім мұнша неге қоңырлайды, Торлап бір алғаны ма өмір-қайғы. Атасу сағындырған Аспараға, Қос қозым неге келіп шомылмайды. Мен қайда, сендер жүрген қиыр қайда, Дүние шектігі жоқ шиырлайды. Егер де мәңгілікке көзім жұмсам, Қос уыс топырағың да бұйырмай ма? Күн қайда терлеп ішер қызыл шайды, Тер емес, көздің жасы жүзім шайды. Жексенқұл. Қосшығұлым кеп қалды ма, Аралап қайтайыншы Қызылсайды...
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Жиырма бесте мен дағы болып едім, Үйде болмай бөтен жер қонып едім, Сағындырған жиырма бес! Шыққан мүйіз кәнікей соныменен, Сонадайға жетпейді қолым менің Сағым қуған жиырма бес! Қайырмасы: Ән салатын, Тамсанатын, Жеңгең ұрсып қарсы алатын Ой, пәлі-ай, сағым қуған жиырма бес! Жиырма бесте ағаларың, Күшті болған, балаларым Ой, пәлі-ай, сағындырған жиырма бес! Жиырма бесті мен дағы көріп едім, Ақ моншақты әр жерден теріп едім, Жырға толы, жиырма бес! Шашбаулыға шашалып бар малымды Сырғалыға жүректі беріп едім, Сағым қуған, жиырма бес! Қайырмасы: От болатын, Шоқ болатын, Бар болатын, жоқ болатын Ой, пәлі-ай, жырға толы жиырма бес! Түн ұйқысын Төрт бөлетін, Жанып кейде, өртенетін Ой, пәлі-ай, сағым қуған, жиырма бес! Жиырма бесті мен дағы өлең еттім, Төрт сұлуды бір күнде керек еттім, Сағындырған, жиырма бес! Ұмытпадым сонда да ошағымды Көрдіңдер ме, не деген кереметпін! Сағым қуған, жиырма бес!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Аруларды жыр еткенде Жүректерге гүл еккенде Жан сезімім дір еткенде Сағындым сені Қыр гүліне тамсағанда Бұл-бұл құстар ән салғанда Кездесуді аңсағанда Сағындым сені Сағындым сені Көктем келіп терлеткенде Жыр бесігін тербеткенде Көзім түссе бойжеткенде Сағындым сені Қызығы мол өткен күндер Шұпар шашқан көктем гүлдер Алтыбақан тепкен күндер Сағындым сені Сағындым сені Атқан шақта таңым күліп Махаббаттың заңып біліп Жүрсең еді жанымды ұғып Сағындым сені Күнде еркем күлсең екен Қадірімді білсең екен Мәңгі бірге жүрсең екен Сағындым сені Сағындым сені Күнде еркем күлсең екен Қадірімді білсең екен Мәңгі бірге жүрсең екен Сағындым сені Сағындым сені
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Қосамын әнге атыңды Тосамын әр хатыңды Сағындым алма бағын Арайлы Алматымды Сағындым аққу үнді Сағындым ақ гүлімді Алматым, сайладың сен Шабытты шаттығымды Еске алу Көктөбені Жаныма от береді Алғашқы махаббатқа Куәгер - Көктерегі Әкелген бар бағымды Сағындым таңдарыңды Алматым, сені ойлаумен Жалғадым арманымды Қалайды жаным жырды Болмайды әнім мұңды Пәк көңіл, ақ жүректі Достарым сағындырды Аспаны астананың Сағындым жастар әнін Сағындым шыңдарыңды Алатау - асқаралым! Ғашықпын жауыныңа Талпынған тау ұлына Сағынып жетем саған Бас мені бауырыңа!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Алатаудың сен-дағы бұлбұлы едің, Озып келер жарыстан дүлдүлі едің, Кенеке. Сүйінбай мен жамбылдың орнын басқан, Қазағымның сен-дағы бір гүлі едің, Кенеке. Қайырмасы: Желбіреген ақ күміс, Сақалыңды сағындым. Жайлауындай даланың, Шапаныңды сағындым. Ән мен күйдің кені екен, Айналайын берекем. Шырылдаса бозторғай, Сен екен деп қаламын. Ақ сақалды абызды, Кенекем деп қаламын. Шілдедегі нөсердей шаңды басқан, Сағынды елің әніңді – мәңгі дастан, Кенеке. Күн күлімдеп шыққанда көкжиектен, Дауысыңды аңсаймын таңға ұласқан, Кенеке! Қайырмасы: Желбіреген ақ күміс, Сақалыңды сағындым. Жайлауындай даланың, Шапаныңды сағындым. Ән мен күйдің кені екен, Айналайын берекем. Шырылдаса бозторғай, Сен екен деп қаламын. Ақ сақалды абызды, Кенекем деп қаламын.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Үшқоңыр Алатаудың қойнауыңда Әкемнің ізі қалған жайлауыңда Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп Арқарың жайылатын аймағыңда Қайырмасы: Ай, Үшқоңырым, туған жерім Рахым нұры тұнған жерім Ай, Үшқоңырым, тал бесігім Жүрегімде мәңгі есімің Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар Бабалар тұлпарының дүбірі бар Бұл жерде Жамбыл-"Жәкең" өлең айтқан Өнердің, ақындықтың тұғыры бар Қайырмасы: Ай, Үшқоңырым, туған жерім Рахым нұры тұнған жерім Ай, Үшқоңырым, тал бесігім Жүрегімде мәңгі есімің Шындарың Төле бидің қалпағындай Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай Жуасы, қарқаты, бүлдіргені Әжемнің шекер қосқан талқанындай Қайырмасы: Ай, Үшқоңырым, туған жерім Рахым нұры тұнған жерім Ай, Үшқоңырым, тал бесігім Жүрегімде мәңгі есімің Көрінер сонадайдан анық маған Шыңында қырандары қалықтаған Самғаған қыранына құмар қылып Өсірген ұландарын алып далам Қайырмасы: Ай, Үшқоңырым, туған жерім Рахым нұры тұнған жерім Ай, Үшқоңырым, тал бесігім Жүрегімде мәңгі есімің