Материалдар санатында: 5 Материалдар көрсетілді: 1-5 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Қызыл гүлдер қырмызы Желге бетін бұрғандай Бейне сұлу қыр қызы Қолын бұлғап тұрғандай Қайырмасы: Хош иісті қызғалдақ Арманысың талайдың Өзім сүйген қызға арнап Шашына гүл тағайын Ғашықтардың үкімін Жанарынан сездің бе? Жүректердің лүпілін Жеткізуші өзің бе? Қайырмасы: Хош иісті қызғалдақ Арманысың талайдың Өзім сүйген қызға арнап Шашына гүл тағайын Алғашқы адал махаббат Белгісіндей қызыл гүл Сені сүймеу - маған жат Саған айтар сырым бұл Қайырмасы: Хош иісті қызғалдақ Арманысың талайдың Өзім сүйген қызға арнап Шашына гүл тағайын
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға, Мен болмасам - болмайын, сол аман ба? О, Тәңірім, неткен жан қайрылмайтын, Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?! Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға, Мен болмасам - болмайын, сол аман ба? О, Тәңірім, неткен жан қайрылмайтын, Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?! Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам, Бір алтын оның әр тал шашы маған. Сағынайын, таусыла сағынайын, Сағынышқа жаралған ғашық адам. Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам, Бір алтын оның әр тал шашы маған. Сағынайын, таусыла сағынайын, Сағынышқа жаралған ғашық адам. Сарғайған сағынышты басып толық, Бар үміт, бар сезімді шашып болып, Өтермін мен, сірә да, бұл өмірден Мәңгілік сол адамға ғашық болып. Сарғайған сағынышты басып толық, Бар үміт, бар сезімді шашып болып, Өтермін мен, сірә да, бұл өмірден Мәңгілік сол адамға ғашық болып.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 2.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Дариға, домбырамды берші маған, Жаныма келші, жарым, келші, балам! Бейуақ, іңірдегі көңіліме Күй болып күңіреніп енші, далам. Домбырам, жүрегіммен үндес едің, Сенімен сырласымдай тілдесемін. Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң, Өнердің не екенін білмес едім. Домбырам, досым менің күй аңсаған, Өзімді, өмірімді қиям саған. Шағымда шабыттанған, қиялдаған Шапағың бар шаттығын құяр маған. Өсірген өнерімді Қызыр бабам, Үніңнен айналайын бұзылмаған! Киелі пернеңе бір қол соқпасам, Ішегің жетімсіреп ызыңдаған. Ерке назым менің де, сазым менің, Шыбынсыз, шуақ шашқан жазым ба едің? Дариға, домбырамды берші маған, Айналып ұшсын аққу-қазым менің!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Құс та болғым келмейді қанатым бар Қанатым бар күмістен жаратылған Қайырмасы: Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған От та болғым келмейді жылуым бар Жылуым бар, керек пе, жылынындар Қайырмасы: Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым Күн сәулесі ойнаған тұлымымда Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым Күн сәулесі ойнаған тұлымымда Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым Күн сәулесі ойнаған тұлымымда Қанат қағып өмірге ұшарымда Кесілмесе бәрібір тұсауым да Қайырмасы: Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым Сәбиі жоқ ананың құшағында Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым Сәбиі жоқ ананың құшағында Сәби болғым келеді-ай, сәби болғым Сәбиі жоқ ананың құшағында
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Бұлбұл бақты сүйгендей, ау, қыран көкті, ағажан, Алатаудан Алтайға бір ән жетті-ау, ағажан. Алматыға барғаным, ау, елес бүгін, ағажан, Сол бір әнді келеді көп естігім, ағажан. Қайырмасы: А-а-ай! Ән жүректі елжіретті, Сезім көлін мөлдіретті. Мен де арнадым өлеңімді - Сәлемімді, ағажан, Ақ маралды Алтай жақтан, Шалғай жатқан, ағажан. Көшкен елдің қызы едім, ау, Алтай асып, ағажан, Өмір кештім тағдырмен тайталасып, ағажан. Тілек болса көкейде, ау, айтпайсыз ба, ағажан, Алтай жаққа бір келіп қайтпайсыз ба, ағажан?! Қайырмасы: А-а-ай! Ән жүректі елжіретті, Сезім көлін мөлдіретті. Мен де арнадым өлеңімді - Сәлемімді, ағажан, Ақ маралды Алтай жақтан, Шалғай жатқан, ағажан.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері