Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Қайда жүрсің, Жан шолпаны арайлым, Сені іздеймін, Төңірекке қараймын. Сыр жасырып көлдің беті көлбейді, Сағым қуған көңіл шіркін көнбейді. Жүрсің қайда, Қайда жүрсің, арайлым? Қайырмасы: Сені іздеймін, Сені іздеймін, Қараймын. Кел, жұлдызым, Кел, жұлдызым, Көрейін. Қос жүректі бұрымыңдай өрейін. Сырлы таңнан бір өзіңді іздеймін. Жолыққанша үмітімді үзбеймін. Келші, еркем, нұр жүзіңді көрейін, Қос жүректі бұрымыңдай өрейін. Қайырмасы: Сені іздеймін, Сені іздеймін, Қараймын. Кел, жұлдызым, Кел, жұлдызым, Көрейін. Қос жүректі бұрымыңдай өрейін.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Сағынып жүр едім, Келер деп кешікпей. Көп болды жүдедім. Бір сәтке хабарыңды есітпей. Қайырмасы: Сәулешім, сағындым, Тез жет, тез мен десең. Жанымның жалынын Кім басар, Кім басар егер сен келмесең. Алыстан үзіліп, Жеткендей дауысың. Мен жалғыз күн ұзын, Шарлаймын, кеземін тау ішін. Қайырмасы: Сәулешім, сағындым, Тез жет, тез мен десең. Жанымның жалынын Кім басар, Кім басар егер сен келмесең. Арайлы таңымдай, Ақ сәуле нұрымсың. Сен менің жадымда, Жатталған мәңгілік жырымсың. Қайырмасы: Сәулешім, сағындым, Тез жет, тез мен десең. Жанымның жалынын Кім басар, Кім басар егер сен келмесең.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Аяулы, арманымдай асылым ең, Өзіңмен тілдескенше асығып ем. Ең алғаш көргенімде, ерке сәулем, Көзіме оттан да ыстық басылып ең. Қайырмасы: Аяулы, асылым ең, Көргенше асығып ем. Махаббат самалы ескен, Сол бір таң қалар ма естен. Жайнай түсші, Жайнай түсші, күн сайын, ерке сәулем, Жаз гүліндей құлпырып далада өскен. От шашып жанарыңнан жымиясың, Жаныма сарқылмастай сыр құясың. Мәңгілік шаттық болып қоншы, сәулем, Кеудеме орнат та әнмен жыр ұясын. Қайырмасы: Аяулы, асылым ең, Көргенше асығып ем. Махаббат самалы ескен, Сол бір таң қалар ма естен. Жайнай түсші, Жайнай түсші, күн сайын, ерке сәулем, Жаз гүліндей құлпырып далада өскен.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері