Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Ауылдың маңы болатын Аралап келем жерімді Кең жайып жібек қанатын Жауыпты-ау гүлдер өңірді Көгілдір өлке бар аймақ Ғажайып әнге салады Болғанын жаздың хабарлап Қарлығаш ұшып барады Қырқаға толған қызыл гүл Қараймын сонша қызыға Қай шоғын ғана үзіп бір Сыйлармын сүйген қызыма
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Туған далам, асыл анам - ардағым Дән-дәрия, гүл-жазира жан-жағым Қырларыңда ақ сағыммен жарысып Аспанында аққу болып шарладым Қайырмасы: Балауса белдерім Көгілдір көлдерім Шаттығым сен менің Асқартау - сен маған Жайқалған қырында алтын дән Жазира кең далам! Алғаш рет қаздар ұшып жеткенде Қараймын мен көз жеткісіз көк белге Қалады ылғи менің жаным жадырап Ақ жаңбырлар қырға төгіп өткенде Қайырмасы: Балауса белдерім Көгілдір көлдерім Шаттығым сен менің Асқартау - сен маған Жайқалған қырында алтын дән Жазира кең далам! Туған далам, жері жомарт - дән-далам Қырандары көк аспанға самғаған Қазақстан - каһармандар елі деп Атағыңа бас иеді бар ғалам Қайырмасы: Балауса белдерім Көгілдір көлдерім Шаттығым сен менің Асқартау - сен маған Жайқалған қырында алтын дән Жазира кең далам!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Туған жер кіндігіңнің қаны тамған Әкелер алақаны табы қалған Ну егін, шалқар көлді, дархан белді Көрінбес топырағы қайың-талдан Қайырмасы: Өзге жер туған жердей ме Жаныңды бұндай тербей ме?! Жанаттан артық еліңді Сүймесең, жүрек сембей ме?! Туған жер маңдайыңның тері тамған Барыңды соған ғана беру арман Бақшаның өзің еккен өзің баптап Тәтті екен миуасының сөлі балдан Қайырмасы: Өзге жер туған жердей ме Жаныңды бұндай тербей ме?! Жанаттан артық еліңді Сүймесең, жүрек сембей ме?! Туған жер күркесі де саған сарай Гүлі де, шеңгелі де балаусадай Алты күн ауылынан ұзап шықса Тұра ма ел анасын ер аңсамай?! Қайырмасы: Өзге жер туған жердей ме Жаныңды бұндай тербей ме?! Жанаттан артық еліңді Сүймесең, жүрек сембей ме?!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері