Материалдар санатында: 5 Материалдар көрсетілді: 1-5 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Балауса дәурен балалық шағым сағыныш екен Бал бұлақ балғын қамықпай өткен тәттең-ау әттең Асырсап ойнап жүгірген талай белеске қарай Сағымдай болған алыста қалған сағынышым-ай Арманға самғап келемін аңсап ауылдың әнін Жүрегім жырлап тұлпардай тулап кеудемде жалын Жайылып желкен келмеске кеткен өткен-ау бұл күн Еркелеп жүрген жадырап күлген дүние шіркін дүние шіркін Дүние шіркін дүние шіркін Қайырмасы: Оятар мені, оятар мені түсімнен талай Өткелдеріне өткендері ме қарамай Аялап мені, аялап мені алақанына Шарықтап өткен балауса дәурен шіркін-ай Оятар мені, оятар мені түсімнен талай Өткелдеріне өткендері ме қарамай Аялап мені, аялап мені алақанына Шарықтап өткен балауса дәурен шіркін-ай Оятар мені, оятар мені түсімнен талай Өткелдеріне өткендері ме қарамай Аялап мені, аялап мені алақанына Шарықтап өткен балауса дәурен шіркін-ай
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Аялайтын сезімді Аямадың асылым Жасқа толы көзіңді Сүртіп алдым жасырын Сүйем деген сөзіңді Неге жаным ұмыттың Сағындым-ғой өзіңді Сәулесіндей үміттің Қайырмасы: Келші бірге тербейік Тәтті қиял сезімді Ғашық жүрек аймалап Аяласын өзіңді О-о-о О-о-о Басқа жанға қимаймын Келші жаным сөзілме Қабыл алшы сыйлаймын Пәк сезімді өзіңе Кетпе менің қасымнан Сырласайық оңаша Сәл кешіксе сағынған Бал шырынды күн пайда Қайырмасы: Келші бірге тербейік Тәтті қиял сезімді Ғашық жүрек аймалап Аяласын өзіңді О-о-о О-о-о Бақыт қонар бағыма Күн туады сенімен Үмітіңнен шауғын Тек өзіңнен көремін Қайырмасы: Келші бірге тербейік Тәтті қиял сезімді Ғашық жүрек аймалап Аяласын өзіңді Келші бірге тербейік Тәтті қиял сезімді Ғашық жүрек аймалап Аяласын өзіңді О-о-о О-о-о О-о-о
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ғажайып түс көрдім, Таң ата мен бүгін. Ертегі әлемнің қызығында жүрдім. Нұрына шомылдым бүгін. Жұлдыз, айы – көркем, Әдемі еді неткен! Құстары сөйлейді, Бұлттар тербейді, Мен оянып кеттім, әттең! Қайырмасы: Ертегілер, ертегілер, Неге мені ертпедіңдер?! Әлемдеріңнің ғажап күйін Шертпедіңдер, сендер... Гүлдерден, бұлттардан, Әр гүлде бір арман. Таусылмайтын тәтті, Сый әкеліп жатты Жан біткеннің бәрі маған. Қайырмасы: Ертегілер, ертегілер, Неге мені ертпедіңдер?! Әлемдеріңнің ғажап күйін Шертпедіңдер, сендер...
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Оралмай жүрген жазым ең Таба алмай жүрген сазым ең Жолықтың маған ғайыптан Бұлбұл боп жарқын назыңмен Сазымен тербеп тәтті әнің Жүрекке өшпес от салдың Әніңе ғашық болам деп Өзіңе ғашық боп қалдым Қайырмасы: Жылайды жапырақ Жылайды жапырақ Тербетіп сыбдырымен даланы Өзіңмен жүрген айлы түндер алыстап барады Жылайды жапырақ Жылайды жапырақ Жұбатты жанымды түнгі самалы Жылама жапырақ Қуаныш күн туар саған да Ұмыта алмадым сол күзді Өртеген еді жалыны Аңсаумен жүрсін деп бізді Қоспаған шығар тәңірі Сырымды қалай жеткізем Сағынышымсың тек білсең Қуанышым боп келіп ең Тәтті мұң сыйлап кеттің сен Қайырмасы: Жылайды жапырақ Жылайды жапырақ Тербетіп сыбдырымен даланы Өзіңмен жүрген айлы түндер алыстап барады Жылайды жапырақ Жылайды жапырақ Жұбатты жанымды түнгі самалы Жылама жапырақ Қуаныш күн туар саған да
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 3.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Мен ешқашан ұмытпаймын Күлімдеген жүзіңді Жанарыңды жан тербетер Мөлдір қара көзіңді Ақ жүзіңе көрік берген Қою қара қасыңды Ұмытпаймын мен ешқашан Сол бір қолаң шашыңды Қайырмасы: Ұмытпаймын ұмытпаймын Сыңғырлаған үніңді Махаббаттың гүлін ашқан Арманға толы күнімді Ұмытпаймын ұмыпаймын Сырға толы сөзіңді Бал сезімді сыйға тартқан Ұмытпаймын өзіңді Саған деген сағынышым Күн мен түнге артуда Жүректегі жанған жалын Саған қарай тартуда Ғашық оты дамыл таппай Күні-түні ойланамын Енді жаныма алмай Ешқашанда тоймаймын Қайырмасы: Ұмытпаймын ұмытпаймын Сыңғырлаған үніңді Махаббаттың гүлін ашқан Арманға толы күнімді Ұмытпаймын ұмыпаймын Сырға толы сөзіңді Бал сезімді сыйға тартқан Ұмытпаймын өзіңді Ұмытпаймын ұмытпаймын Сыңғырлаған үніңді Махаббаттың гүлін ашқан Арманға толы күнімді Ұмытпаймын ұмыпаймын Сырға толы сөзіңді Бал сезімді сыйға тартқан Ұмытпаймын өзіңді
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері