Материалдар санатында: 5 Материалдар көрсетілді: 1-5 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Саған деген сағынышым жетер ме, Жеткізе алмай мен өмірден өтем бе? Жан анашым, жаутаңдадың баладай, Қош айтысып мен ауылдан кетерде. Қайырмасы: Есен-аман жүрмісің, асыл ана, Уақыт өрнек салған ба шашыңа да? Қуандың ба, Сағынып, Атқан таңға, Мұнайдың ба, Қамығып, Батқан күнге, Асыл ана?! Саған деген сезімдерім жетер ме, Жеткізе алмай мен өмірден өтем бе? Өмір болып басталады өзіңнен Туған жерім, ата қоныс мекен де. Қайырмасы: Есен-аман жүрмісің, асыл ана, Уақыт өрнек салған ба шашыңа да? Қуандың ба, Сағынып, Атқан таңға, Мұнайдың ба, Қамығып, Батқан күнге, Асыл ана?!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Қасың қандай, қарақат көзің қандай, Күлкің қандай, шарапат сезім қандай! Қуанатын балаша кезің қандай, Өзің қандай, жаныма сөзің балдай. Қайырмасы: Көңілге жыр тұнады сен дегенде, Жүрекке сыр тұнады сен дегенде. Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап, Өмір де құлпырады сен дегенде. Таңың қандай, жұлдызды бағың қандай, Арың қандай, жібектей жаның қандай. Өзің қандай, шуаққа малынғандай, Сезім қандай, тәңір де табынғандай! Қайырмасы: Көңілге жыр тұнады сен дегенде, Жүрекке сыр тұнады сен дегенде. Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап, Өмір де құлпырады сен дегенде.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ей, халайық, халайық, Бар өнерге салайық. Ас ұсынып, бас тартқан Жайылып тұр дастарқан. Қайырмасы: Дастарқан-ау, дастарқан, Берекелі дастарқан, Мерекелі дастарқан, Ей-ей-ей! Жақсы келсе - құт болар, Жаман келсе - жұт болар. Жолаушымыз біз деген Асыл мұрат іздеген. Қайырмасы: Дастарқан-ау, дастарқан, Берекелі дастарқан, Мерекелі дастарқан, Ей-ей-ей! Айналайын ағайын, Үміт отын жағайын. Уайым-қайғы жоқ болсын, Қуанышың көп болсын. Қайырмасы: Дастарқан-ау, дастарқан, Берекелі дастарқан, Мерекелі дастарқан, Ей-ей-ей!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Біз қазақ ежелден ел едік жаны бай, Өр мінез, ақ көңіл, мейірбан, қонақ жай. Даналық дарыған, ақын ел, батыр ел, Бабалар мекені асқар тау, шалқар көл. Қайырмасы: Ақ бесік, ақ отау мәңгілік, Жасай бер, жаңарып, жаңғырып. Достық пен ынтымақ мекені, Гүлденер халқымның ертеңі. Жасай бер, жері бай, Егемен елім-ай! Жасай бер, жері бай, Тәуелсіз елім-ай! Бармақтан күй тамған, жез таңдай әншіміз, Ғасырдан ғасырға ұласар даңқымыз. Әлемге әйгілеп елімнің есімін, Айқара аштық біз азаттық есігін. Қайырмасы: Ақ бесік, ақ отау мәңгілік, Жасай бер, жаңарып, жаңғырып. Достық пен ынтымақ мекені, Гүлденер халқымның ертеңі. Жасай бер, жері бай, Егемен елім-ай! Жасай бер, жері бай, Тәуелсіз елім-ай!