Материалдар санатында: 6 Материалдар көрсетілді: 1-6 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Мен сені ұнатамын дегенменен, Басқадан көрмегенді сенен көрем. Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр, Бір күні ғайып болсам егерде мен. Қайырмасы: Мен сені ұнатамын дегенменен, Сен биікте жүрсін деп төмендегем. Кім екен мені өзіңе дуалаған, О, тоба, мен неғылған өлермен ем! Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп, Көрсетпеймін зәредей асау қылық. Сенің ғана ырқыңа бас алдырып, Бұға берем, не деген жасандылық?! Қайырмасы: Мен сені ұнатамын дегенменен, Сен биікте жүрсін деп төмендегем. Кім екен мені өзіңе дуалаған, О, тоба, мен неғылған өлермен ем! Мен сені ұнатамын, бірақ, бірақ, Мейіріміңді қайтейін жылап сұрап. Ұнатамын дегенім - жасандылық, Саған деген жүрегім құрақ-құрақ. Қайырмасы: Мен сені ұнатамын дегенменен, Сен биікте жүрсін деп төмендегем. Кім екен мені өзіңе дуалаған, О, тоба, мен неғылған өлермен ем!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік, Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік, Бәріміз де жазылмаған дастан едік, Армандастар – құрдастар! Қайырмасы: Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік Бәріміз бір өмір жолын бастап едік Армандастар қайда? Абзал достар қайда? Замандастар, қарлығаштар қайда екен? Арман қуған, қиял қуған кезің қайда? Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда? Сол алғашқы алаулаған сезім қайда? Армандастар – құрдастар! Қайырмасы: Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік Бәріміз бір өмір жолын бастап едік Армандастар қайда? Абзал достар қайда? Замандастар, қарлығаштар қайда екен? Бәрің, достар, әр тарапқа кеттіңдер ме? Әлде биік асулардан өттіңдер ме? Әлде игі армандарға жеттіңдер ме? Қайдасыңдар, құрдастар?!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Арманым менің, Аяулым едің, Табысар бізге күн бар ма? Толассыз іздеп, даланы кезсем, Қоятын маған сын бар ма? Қайырмасы: Кетсең де шалғай, Жанарымды алмай, Қараймын сенің бейнеңе. Түсімде көріп, Аймалап, өбіп, Қысамын ыстық кеудеме. Тыңдайды гүлің бұлбұлдың үнін, Сағынып сені армандай. Күткенмен, күнім, келмейсің бүгін, Тағдырдың жолы тар қандай. Қайырмасы: Кетсең де шалғай, Жанарымды алмай, Қараймын сенің бейнеңе. Түсімде көріп, Аймалап, өбіп, Қысамын ыстық кеудеме. Айтатын әнім, күтетін таңым Өзіңсің, жаным, жалғанда. Шын сүйсе жүрек, Аңсайды тілеп, Өзге ойы оның болған ба!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Сүйдім сені бар жаныммен беріліп, Сүйдім-ау сені көз жасыммен егіліп. Сүйдім сені таңғы самал жел болып, Сүйдім сені тамшы болып егіліп. Сүйдім сені күнін күткен аспандай, Сүйдім-ау сені толқын күткен тастардай. Сүйдім бұлттай, мең-зең болып, сіресіп, Тұрып қалған көздерінен жас тамбай. Сүйдім сені жаңбыр күткен даладай, Сүйдім-ау сені ұлын күткен анадай. Ертешлі-кеш көк теңізге телміріп, Сүйдім-ау сені ойға батқан жағадай.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Қасың қандай, қарақат көзің қандай, Күлкің қандай, шарапат сезім қандай! Қуанатын балаша кезің қандай, Өзің қандай, жаныма сөзің балдай. Қайырмасы: Көңілге жыр тұнады сен дегенде, Жүрекке сыр тұнады сен дегенде. Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап, Өмір де құлпырады сен дегенде. Таңың қандай, жұлдызды бағың қандай, Арың қандай, жібектей жаның қандай. Өзің қандай, шуаққа малынғандай, Сезім қандай, тәңір де табынғандай!