Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Белгілі есімің Бауырмал ағасың Көңілдің есігін Күй болып қағасың Қайырмасы: Қашанда жақсыға Құшағың жаясын Аязда - ақ шуақ Аптапта - саясын Аязда - ақ шуақ Аптапта - саясын Тулайды жүрегің Тасытып қаныңды Жұрт үшін жүресің Қинап-ақ жаныңды Қайырмасы: Біреудің қайғысын Қайғыңдай көресің Халықтың алғысын Гүліндей тересің Халықтың алғысын Гүліндей тересің Кең көңіл даладай Бересін қол ұшын Бір туған ағадай Сыйлаймыз сол үшін! Қайырмасы: Жақсылық кезінде Жырға да сымбат қой Бұл өмір өзіңдей Жандармен қымбат қой Бұл өмір өзіңдей Жандармен қымбат қой
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Көктем келер гүлін алып Жаз да келер жырын алып Жан көктемі қашан келер Махаббаттың нұрын алып Бір хатыңда келем деп ең Жолға қарап елеңдеп ем Сағындым ғой өзің келші Хат жазғанша өлеңменен Күндер өтті талай-талай Аялдамай қарайламай Өзің берген суретіңе Көзім талды қарай-қарай
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Көңілдің мұңы қалып Күледі көкте Күн Тағы да гүлін алып Келеді көктемнің Бір жүрек дірілдеген Күтеді көгалда Топ болып дүрілдеген Қызығың көп алда! Қайырмасы: Ей, жүрек! Теңізім болып тулай бер! Елжіреп Сүйгенге құлай бер! Жырлаудан жалықпа! Қайғырма, қамықпа! Қуаныш күтіп тұр алда! Болмасын өміріңе Күдік те, күмән да! Гүл қадар өңіріңе Ғажайып күн алда! Бақытты байқамады Бала да, кәрі де Бәрі де қайталайды Бәрі де, бәрі де! Қайырмасы: Ей, жүрек! Теңізім болып тулай бер! Елжіреп Сүйгенге құлай бер! Жырлаудан жалықпа! Қайғырма, қамықпа! Қуаныш күтіп тұр алда!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері