Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Талдан таяқ жас бала таянбайды, Бала бүркіт түлкіден аянбайды. Қайырмасы: Угай-ай, Ән салшы-ай, Бір бала-ай. Қос етек, бұраң бел, Қуалай соғар қоңыр жел. Елдің көркі ақ тоқты бір баласын Қай дұшпан көзі қиып жамандайды Айналайын, қарағым, келдің қайдан? Алма мойын, ала үйрек ұшар сайдан. Мекеніңді, қарағым, айтып қойшы, Жат болмағы адамның осындайдан.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Асау өмір арнасында Шалқып сәби сезімменен, Он жыл мектеп партасында Бірге отырдым өзіңменен. Қайырмасы: Сездіруге батпадым да Бала махаббатымды, Терезенің жақтауына Ойып жаздым атыңды. Елес беріп келешегің Қимасыңа баладың ба? Қоштасарда неге сенің Жас толқыды жанарыңа? Қайырмасы: Сездіруге батпадым да Бала махаббатымды, Терезенің жақтауына Ойып жаздым атыңды. Іңкәр еткен атар таңға Қош бол енді бала көктем Бізді алыс сапарларға Шақырады самолеттер
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Аңсаған арманым сияқтанып, Ай туып келеді қияқтанып. Жол жаққа қараймын Сен жоқсың арайлым. Кешікпей келем деп ең Мен тұрмын елеңдеумен Қайтейін кіналап бұған сені, Сағатың алдаған шығар сені, Нұр ойнап көзіңде Уәделі кезінде Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Көшеде сырласып, шалқып басып Құрбылар барады қолықтасып. Тағатым таусылды, Аңсадым даусыңды, Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері