| Материалдар санатында: 6 Материалдар көрсетілді: 1-6 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Ей, Ардақ!
Ат қайда Ақбақадай шаппай желген
Қыз қайда Ардақжандай ай-ау, көзі күлген!
Алыстан әдейі іздеп келгенімде
Айттырмай ішкі сырды ай-ау, өзі білген
Қайырмасы:
Хали-ләли, ләли-ләли, ләлім-ай-ау
Хали-ләли, ләли, ләлім-ай-ау
Ха-ли-ләм, ләйлім-ей, ау!
Ей, Ардақ!
Ат қайда Ақбақадай жарысарға
Ардаққа қолым создым ай-ау, алысарға
Жайлауға ел қондырып, қозы сойып
Күн бар ма Ардақ қызбен ай-ау, табысарға?!
Қайырмасы:
Хали-ләли, ләли-ләли, ләлім-ай-ау
Хали-ләли, ләли, ләлім-ай-ау
Ха-ли-ләм, ләйлім-ей, ау!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Арғынмын, атым Әсет арындаған,
Арындап ән сала ма дарымаған?
Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын даусым көкте дамылдаған.
Көмекей көк қабысын әнмен ашсам,
Төгіліп меруерт-маржан сауылдаған.
Жорғамын, жортарманмын жұрттан озған,
Майдамын майда желіс мамырлаған.
Сарайым – сабам құям пісіп-пісіп,
Қойдырман ән қымызын ой кернетіп.
Сөз – жаңбыр, даусым – дауыл, әнім – ескек
Ойнақтап басылатын аз желдетіп.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Қыз қайда Ардақ жандай туған айдай
Күлім көз, оймақ ауыз, ақша маңдай
Қайырмасы:
Сағындым еркем
Ах, ах-ау, сені-ау!
Сөйлесе сөзі майда, лебі жылы
Жанымның сүйінші бұлбұл таңдай
Қайырмасы:
Сағындым еркем
Ах, ах-ау, сені-ау!
Сені-ау, Ардағым
Шақырғанда бармадым!
Болмас еді-ау, арманым
Болса өзіңдей алғаным!
Ардақжан, сен ақ сұнқар бақшадағы
Біреудің мәпелеген ақ тамағы
Қайырмасы:
Сағындым еркем
Ах, ах-ау, сені-ау!
Ерке өскен ел ішінде ерке сәулем
Секілді айдын көлдің ақ шабағы
Қайырмасы:
Сағындым еркем
Ах, ах-ау, сені-ау!
Сені-ау, Ардағым
Шақырғанда бармадым!
Емін-еркін сөйлесіп
Тарқарма еді-ау, арманым!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Әулетіп ән салса әнші Әсет
Аққуменен аспанда жер тілдесед!
Еркем, сені-ай, сағындым!
Дауылдатып тұнықтан шыққан даусы
Жүргенінен күңіреніп желдей есед
Сағынбасқа не шара!
Қайырмасы:
Інжу-маржан секілді-ай
Ал көрінген көріңді-ай
Гүл майысып, гүл жайнап
Бір көріңсең еркем-ай!
Сәйфіл-Мәлік, Жамалдай
Бейнетіңе көнсем-ай
Қозы Көрпеш Баяндай
Бір молада өлсем-ай!
Сағындырған еркем-ай!
Әсеттей сал ән салсаң аңыратып
Орман, тоғай, өзенді жамыратып
Еркем, сені-ай, сағындым!
Арқыратып ағызып ән нөсерін
Толқынымен жүректі жадыратып!
Сағынбасқа не шара?!
Қайырмасы:
Інжу-маржан секілді-ай
Ал көрінген көріңді-ай
Гүл майысып, гүл жайнап
Бір көріңсең еркем-ай!
Сәйфіл-Мәлік, Жамалдай
Бейнетіңе көнсем-ай
Қозы Көрпеш Баяндай
Бір молада өлсем-ай!
Сағындырған еркем-ай!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Қыз қайда Ардақ жандай туған айдай
Күлім көз, оймақ ауыз, ақша маңдай
Қайырмасы:
Сағындым еркем
Ах, ах-ау, сені-ау!
Сөйлесе сөзі майда, лебі жылы
Жанымның сүйінші бұлбұл таңдай
Қайырмасы:
Сағындым еркем
Ах, ах-ау, сені-ау!
Сені-ау, Ардағым
Шақырғанда бармадым!
Болмас еді-ау, арманым
Болса өзіңдей алғаным!
Ардақжан, сен ақ сұнқар бақшадағы
Біреудің мәпелеген ақ тамағы
Қайырмасы:
Сағындым еркем
Ах, ах-ау, сені-ау!
Ерке өскен ел ішінде ерке сәулем
Секілді айдын көлдің ақ шабағы
Қайырмасы:
Сағындым еркем
Ах, ах-ау, сені-ау!
Сені-ау, Ардағым
Шақырғанда бармадым!
Емін-еркін сөйлесіп
Тарқарма еді-ау, арманым!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Әулетіп ән салса әнші Әсет
Аққуменен аспанда жер тілдесед!
Еркем, сені-ай, сағындым!
Дауылдатып тұнықтан шыққан даусы
Жүргенінен күңіреніп желдей есед
Сағынбасқа не шара!
Қайырмасы:
Інжу-маржан секілді-ай
Ал көрінген көріңді-ай
Гүл майысып, гүл жайнап
Бір көріңсең еркем-ай!
Сәйфіл-Мәлік, Жамалдай
Бейнетіңе көнсем-ай
Қозы Көрпеш Баяндай
Бір молада өлсем-ай!
Сағындырған еркем-ай!
Әсеттей сал ән салсаң аңыратып
Орман, тоғай, өзенді жамыратып
Еркем, сені-ай, сағындым!
Арқыратып ағызып ән нөсерін
Толқынымен жүректі жадыратып!
Сағынбасқа не шара?!
Қайырмасы:
Інжу-маржан секілді-ай
Ал көрінген көріңді-ай
Гүл майысып, гүл жайнап
Бір көріңсең еркем-ай!
Сәйфіл-Мәлік, Жамалдай
Бейнетіңе көнсем-ай
Қозы Көрпеш Баяндай
Бір молада өлсем-ай!
Сағындырған еркем-ай!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері











