Материалдар санатында: 6 Материалдар көрсетілді: 1-6 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Өте шығар дүние қас қағымда, айхой, Ойнап-күлген жарасар жас шағында, беу, дүние-ай, Кісі жыры кісіге жар болады, айхой, Балапандай буырыңа басқаныңда, беу, дүние-ай, Жалған-ай, жанған-ай, Жанбай өшкен арман-ай, Жарға лайық қалқаның Жанды әуреге салған-ай. Аспандағы біреу мәз Айды алғанға, айхой, Айналғанға біреу мәз Пайғамбарға, беу, дүние-ай Ерте келіп, өмірден енші алғанмен, айхой, Кісі жарын кеш көрсем айлам бар ма, беу, дүние-ай. Әттең-ай, әттең-ай, Неткен дүние тәттең-ай?! Жарасқаны қинайды-ау Дәм тұзыттың жатпен-ай.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Қосамын әнге атыңды, Тосамын әр хатыңды, Сағындым алма бағын, Арайлы Алматымды. Сағындым аққу үнді, Сағындым ақ гүлімді, Алматым, сыйладың сен Шабытты шаттығымды. Еске алсам Көктөбені Жаныма от береді. Алғашқы махаббатқа Куәгер – Көктерегі. Әкелген бар бағымды Сағындым таңдарыңды. Алматым, сені ойлаумен Жалғадым арманымды. Қалайды жаным жырды, Болмайды әнім мұңды, Пәк көңіл, ақ жүректі Достарым сағындырды. Аспанын астананың, Сағындым жастар әнін. Сағындым шыңдарыңды, Алатау - асқаралым! Ғашықпын жауыныңа, Талпынған тау ұлына, Сағынып жетем саған, Бас мені бауырыңа!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Қайран менің жүрегім, жас жүрегім, Көктем едің бір кезде тасқын едің. Жастық даурен, жалтақтап қарайлайсың, Сені ойласам ұйқым да қашты менің, қашты менің Қайран менің жүрегім қыран құстай, Қанат барда шыдайсың қайтып ұшпай. Оңашада жылайсың ағыл-тегіл Қаларың да белгісіз қайсы тұста, қайсы тұста Өкінбеймін, күн зулап өте берсін Кейінгілер, жүрегім, сені көрсін. Жырым мені ешқашан өлтірмейді, Әнім, мені алысқа жетелерсің, жетелерсің.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Мұң шалса қабағыңды Мен түгіл дала мұңды Сен әлі тәп-тәттісің Арманым бала күнгі Білсең де сезбеуші едің Жанымның өртенгенін Қоятын жіпсіз байлап Не деген көркем едің Елікті еркем менің Не деген көркем едің Сыр толы жанарыңды Сағынып хабарыңды Жүрегім күтүде әлі Жырыма жауабыңды Өзіңе қош арай күн Бір ғажап ертегі еді Ешкімге ұқсамайтын Не деген көркем едің Елікті еркем менің Не деген көркем едің Ойыма оралғанда Бақыт кеп қол алғандай Сұлулық әлемдегі Өзіңнен нәр алғандай Мәңгіге кеттің бе екен Сырымды шерте менің Бағыңа жеттің бе екен Елікті еркем менің Елікті еркем менің Не деген көркем едің

Мен сені ақ таңнан, Ақ-ерке шақтардан. Сағынып іздеймін , Сарғайған бақтардан. Жан сырын ақтарған, Жапырақ ақ тардан. Сен жайлы сыр айтып, Тербейді тәтті арман. Қайырмасы: Аяулы арманның ақ құс сөзі, Ақ ұлпақ қанатын қақты сезім. Сағынтып кел деген тәтті сөзің, Жаным менің . Жүректі жаралап жүз жылатқан, Өзіңді іздеймін күзгі бақтан. Қайда сол бал сезім біз ұнатқан? Жаным менің. Күн өтсе өзіңсіз, Жүректе сезімсіз. Куә боп тұрды ғана, Түнгі аспан тек үнсіз. Көшеде қонар күз, Қоңыр күз көңілсіз. Көңілсіз шақтарда, Қалмашы сен үнсіз. Қайырмасы: Аяулы арманның ақ құс сөзі, Ақ ұлпақ қанатын қақты сезім. Сағынтып кел деген тәтті сөзің, Жаным менің . Жүректі жаралап жүз жылатқан, Өзіңді іздеймін күзгі бақтан. Қайда сол бал сезім біз ұнатқан? Жаным менің. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері