Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Кіндігімнің жас қаны Тамған жерім ауылым Шабытымның асқары Самғаушы еді ауылым Қайырмасы: Жастығымның куәсі Шұрқыраған ауылым Жусаны мен жуасы Бұрқыраған ауылым Жусаны мен жуасы Бұрқыраған ауылым Биік-биік шың, құзға Құмар қылған ауылым Бүлдіршіндей бір қызға Сыңар қылған ауылым Қайырмасы: Әнмен таңды атырып Ән салдырған ауылым Сары қымыз сапырып Тамсандырған ауылым Сары қымыз сапырып Тамсандырған ауылым Көк түтінді шұбатып Желек созған ауылым Ай көрмесем құмартып Жүрек қозған ауылым Қайырмасы: Көк торғындай көктемде Сағым қуған ауылым Алыс сапар шеккенде Сағындырған ауылым Алыс сапар шеккенде Сағындырған ауылым
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 4.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Көк жүзінде барады қаздар қайтып Күндер солай өтеді шалқып, шалқып Қайырмасы: Сағыныш қой Сағыныш қой Сарала жапырақтар Жақсылықтың жолында Жатқан балқып Жақсылықтың жолында Жатқан балқып Ақ қайыңдар, қалады дір-дір етіп Жанымызды бір кезде күлдіретін Қайырмасы: Жазғы бақта Жазғы бақта Саулайды жапырақтар Өз өмірін соңғы рет Бір жыр етіп Өз өмірін соңғы рет Бір жыр етіп Жайнап тұрған кешегі күн ескіріп Қара суық хабары тұр естіліп Қайырмасы: Қаздар ұшып Қаздар ұшып Барады оралмайтын Қанатына Көктемді ілестіріп Қанатына Көктемді ілестіріп
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Тамаша той-думанмен таң атырса Сол кезде жаныңда әсем жан отырса Тамаша жексенбі күн көл басында Тұнықтан балық аулап бала отырса Тамаша жексенбі күн көл басында Тұнықтан балық аулап бала отырса Тамаша тойлы ауылдың түнін көрсе Түнде сол айдай сұлу теңін берсе Тамаша достарыңмен дала кезіп Торқалы туған жердің гүлін терсе Тамаша достарыңмен дала кезіп Торқалы туған жердің гүлін терсе Тамаша қырдан қызыл түлкі ауласа Түлкіге құмай қосып қиқулатса Тамаша қаншығаңды қандап қайтса Тамаша соның бәрі мүмкін болса Тамаша қаншығаңды қандап қайтса Тамаша соның бәрі мүмкін болса Тамаша жүрегіңді қыстамаса Таршылық жан-жағыңнан қыстамаса Тамаша, тамаша емес бірақ та ол Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса Тамаша, тамаша емес бірақ та ол Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері