Материалдар санатында: 10 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Құштар еді гүл-көктемнің лебіне Көктемменен бірге еді оның демі де Әлденеден кетті мен екен шошынып Аққу-құсым оралмай жүр көліне Әлденеден кетті мен екен шошынып Аққу-құсым оралмай жүр көліне Көктемге еріп, көк шалғынды белеңмен Құстар ағып келіп жатыр өлеңмен Батар күннің шұғыласына малынып Жалғыз аққу өтпеді ме төбеңнен Батар күннің шұғыласына малынып Жалғыз аққу өтпеді ме төбеңнен Ақ нұр еді, балғын еді өзі де Жолықтың ба налып жүрген кезіне Айдын көлде жаутаңдаған жанары Жалғыз аққу түспеді ме көзіңе? Айдын көлде жаутаңдаған жанары Жалғыз аққу түспеді ме көзіңе?
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Алыстан қол бұлғап сағым Аңсайды күлімкөз таңын Үзіліп кеудеден түскен Ақмаржан - ақ арман, сол күн қайда, жаным? Қайырмасы: Жалындап аспан Жанады жүрек Толқиды теңіз Дауылды тілеп Жырлайды, жырлайды теңіз Мұңайды, мұңайды теңіз, мұңайды Көгілдір жұлдызды түнде Келгендей толқындар тілге Жалт еткен жанарың жалын Қайдасың, аяулым, сол кез қайда, жаным? Қайырмасы: Жалындап аспан Жанады жүрек Толқиды теңіз Дауылды тілеп Жырлайды, жырлайды теңіз Мұңайды, мұңайды теңіз, мұңайды Сыр бүгіп тұнжырап аспан Көңілдің ажарын басқан Төгілген мөп-мөлдір тамшы Сағыныш жасы ма аңсап келіп құшқан? Қайырмасы: Жалындап аспан Жанады жүрек Толқиды теңіз Дауылды тілеп Жырлайды, жырлайды теңіз Мұңайды, мұңайды теңіз, мұңайды
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Балғын өлкем - баулары маужыраған Қырларында қызыл гүл жаудыраған Аңқиды жұпар иісі кең даланың Әр белден, әр төбеден, әр қиядан Қайырмасы: Туған елім менің Кіндік кескен жерім Айналдым сенен, Қазақстаным Көз алдымда көгілдір тау мұнартып Аспанымда аққудың әні қалқып Құшақтап бір өзіңді, туған далам Жатамын көк шалғында жаным балқып Қайырмасы: Туған елім менің Кіндік кескен жерім Айналдым сенен, Қазақстаным Тасып жатқан өзендер жағасынан Сары белде сағымдар арасынан Тарайды дән жұпары бар әлемге Қазақтың қасиетті даласынан Қайырмасы: Туған елім менің Кіндік кескен жерім Айналдым сенен, Қазақстаным
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Менің досым тұңғыш перзент сүйіпті Мол бақыттан мол сыбаға тиіпті Ойнатып тұр нәрестесін көтеріп Сәби жаны қалай ма екен биікті?! Ойнатып тұр нәрестесін көтеріп Сәби жаны қалай ма екен биікті?! Сонда жаным сұлу сазды қалады! Менің досым қолындағы баланы Әлсін-әлсін күн көзіне көтеріп Шұғылаға шомылдырып алады! Ойнатып тұр нәрестесін көтеріп Сәби жаны қалай ма екен биікті?! Жадырай түс, жаз мінезді досым-ай! Бола берсін дос көңілі хош ұдай! Әке болып құрбым ұзақ ғұмырды Табығаттан тартып алды осылай! Әке болып құрбым ұзақ ғұмырды Табығаттан тартып алды осылай!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Гүл шоғы таң нұрымен ашылады Арманым ақ тілегім асығады Жанамын от боп лаулап сен дегенде Қалауын жүрек қалай жасырады Қайырмасы: Қызғалдақты белестегі Терейік бір қалқажан Бақыт ортақ емес пе еді Қыз, жігітке әрқашан Көктемнің алаулаған күндерінде Аяулым желек атып гүлдедің бе? Ән болып асқақтайды сағынышым Жырақта жыл құсындай жүргенімде Қайырмасы: Қызғалдақты белестегі Терейік бір қалқажан Бақыт ортақ емес пе еді Қыз, жігітке әрқашан Білемін жүрегіңде дастан барын Жарастық екі жастың ашқан бағын Махаббат бесігінде тербелейік Ашайық адал сырды жасқанбағын Қайырмасы: Қызғалдақты белестегі Терейік бір қалқажан Бақыт ортақ емес пе еді Қыз, жігітке әрқашан
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Тыңдаңыз бұл даланың үні қандай Қараңыз нұр даланың гүлі қандай Шамдарын жарқыратқан қырмандары Тамаша тың даланың түні қандай Секілді сәулем берген тәтті қымыз Тыңдағы осы біздің ақ түніміз Жерде жұлдыз жайнаса көктегідей Тасымас қалай сіздің шаттығыңыз Қазақтың жерұйығы тың даласы Ардақты Арқа деген қыр даласы Осында алтын дәнді орып жатыр Елімнің құрыш білек мың баласы
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Заулап келем асығып-ай, қара жолмен, қалқам-ай! Маған деген, асылым-ай, жүр ме өкпең әлі тарқамай?! Тасығаным - алтын дән-ай, тыным алмай күн-түні-ай Келсеңші бір жарқылдап-ай, жайраң қагып, жайнап, шіркін-ай! Қайырмасы: Айналайын, еркем-ай! Ай жүзіңнің көркемі-ай! Кездесейік қырманда Еркетайым-ау, ертең-ай! Айна көлдің аққуындай бір жүрейік, қалқам-ау! Аяулым-ау, арманым-ау! Өкпең әлі-ақ ертең тарқар-ау! Қолым тимей жүр ғой менің, мынау орақ кезінде! Тал шыбықтай бұралған-ай, түсінерсің, сәулем, өзің де! Қайырмасы: Айналайын, еркем-ай! Ай жүзіңнің көркемі-ай! Кездесейік қырманда Еркетайым-ау, ертең-ай!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Іздедім сені бімедім сені Қайдасың қалқам қай жақта Жаныммен құлап қалдың-ау ұнап Кез болып маған бейуақта Жаныммен құлап қалдың-ау ұнап Кез болып маған бейуақта Өкініш көміп барады сөніп Үміттің шоғы азайып Өңім бе екен түсім бе екен Қапыда көрген ғажайып Өңім бе екен түсім бе екен Қапыда көрген ғажайып Коблеңкең көлбеп көрінсе сен боп Қуаныш етер мен пенде Жалт етші дәтке бір ғана сәтке Сүретің қалсын кеудемде Жалт етші дәтке бір ғана сәтке Сүретің қалсын кеудемде
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Алтын нұр аймалап алапты Алаулап арайлы таң атты Таң самал тербеп, тебіренер кеудем Сен-дағы мені тербе, сәулем! Қайырмасы: Өзіңдей нұрлы арайлы таңым Қуаныш етіп қараймын жаным Аспаным ашық, көңілім биік Гүлімді таптым өзіңді сүйіп Орманда ақ қайың көремін Ақ қайың сен өзің дер едім Аулақта бұлбұл шырқаса әнге Толқышы әнмен шалқып сен де! Қайырмасы: Өзіңдей нұрлы арайлы таңым Қуаныш етіп қараймын жаным Аспаным ашық, көңілім биік Гүлімді таптым өзіңді сүйіп Жазира кең дала көлбеген Бір сен деп лебіңе шөлдеген Сылдырлап бұлақ ағады, таудан Күмістей күлкің естілер қайдан Қайырмасы: Өзіңдей нұрлы арайлы таңым Қуаныш етіп қараймын жаным Аспаным ашық, көңілім биік Гүлімді таптым өзіңді сүйіп
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Іздедім сені бімедім сені Қайдасың қалқам қай жақта Жаныммен құлап қалдың-ау ұнап Кез болып маған бейуақта Жаныммен құлап қалдың-ау ұнап Кез болып маған бейуақта Өкініш көміп барады сөніп Үміттің шоғы азайып Өңім бе екен түсім бе екен Қапыда көрген ғажайып Өңім бе екен түсім бе екен Қапыда көрген ғажайып Коблеңкең көлбеп көрінсе сен боп Қуаныш етер мен пенде Жалт етші дәтке бір ғана сәтке Сүретің қалсын кеудемде Жалт етші дәтке бір ғана сәтке Сүретің қалсын кеудемде
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері