Материалдар санатында: 12 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Жайлауы еліміздің – мидай жала, Түріндей масатының күрең ала. Ел кезіп, өз үйіме оралғанда, Мұңдасып, көңіл ашар Әпіш қана! Жылама енді, анасы, сен де бекер, Біржанға уақыт жетті алыс кетер. Артымда жастай қалған құлындарым, Тірлікте әлі-ақ бір күн, өсіп кетер...
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Қарағым айналайын көз көргенім Бұралған тал шыбықтай қыпша белің Сөзің бал, тісің меруерт, беу, қарағым Есімде мен сендік деп сөз бергенің Қайырмасы: Ахау, Бірлән Әнім, түрлен Ән еді жаңа шыққан, ахау үри-ай Жастар, үйрен-а-ай Көрінер сұлу жирен жарағанда Шаштарың гүл-гүл жайнар тарағанда Таңданып жығылуға таянамын Мойныңды бұра тастап қарағанда Қайырмасы: Ахау, Бірлән Әнім, түрлен Ән еді жаңа шыққан, ахау үри-ай Жастар, үйрен-а-ай
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын Адамға зияным жоқ жүрген жанмын Байлыққа, мансапқа да құмар емен Өзім сал, өзім сылқым, неге зармын Жасым бар жиырмада жасырмаймын Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын Басымнан дұшпан сөзі асып кетсе Сен түгіл басқаға да бас ұрмаймын
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Таңбасы жоқ. ені жоқ бурылтайдың Сағасы өткел бермейді терең сайдын Құба жонға шоқытып шыға келсем Жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдын Қайырмасы: Ахау, бикем жар-жар Алма мойын, ақ сұнқар Хош-есен бол, құрбым-ай Құрбылықпен жүрдім жай Ахау айдай Жариям айдай Достың көңілін қалдырма Қыз қалқатай Қамшы бастым асыға бурылтайға Өткел бермей тоқтатқан терең сай ма? Жұрт жаңғыртып орнынан бір күн түнде Қалқатайдың ауылы кетті қайда? Қайырмасы: Ахау, бикем жар-жар Алма мойын, ақ сұнқар Хош-есен бол, құрбым-ай Құрбылықпен жүрдім жай Ахау айдай Жариям айдай Достың көңілін қалдырма Қыз қалқатай
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Шетіне оралмадың түйдім сусар Көп жылқы, көкалалы көлде жусар Кешегі ел қыдырған есер шақта Ән екен Біржан салған Жамбас сипар Дегенде біз қартайдық, біз қартайдық Белгісі қартайғанның серттен тайдық Кәніки, соныменен шыққан мүйіз Қасында сұлулардың көп жантайдық
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Аты еді бұл әнімнің Жонып алды Алғандай сұлу жонып өрім талды Жасымнан сүйіп айтқан ән болған соң Жаңылмай әлі күнге есте қалды Жан едім әсем әнді сүйіп айтқан Жағымды көпке бірдей жұрт ұнатқан Келетін нақысына жүз құбылып Кейде өрлеп, кейде шалқып, баяулатқан Кім сүймес көкке өрлеген әсем әнді Көңілдің күйін шерткен көркем сәнді Болғандай бойға қуат, ойға азық Балқытып еріткендей тербеп жанды
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Көл жағалай бітеді көкше құрақ, Ән салмағың қайда еді-ау, Ләйлім шырақ! Қозыбайдың үйінде мәжіліс боп, Ән екен Біржан салған «Жайма-шуақ». Қайырмасы: Өттің жалған, кештім сайран, Ау, шіркін, қыз бала-ай! Жастықтың әсерімен еттім сайран!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Кім сүймес шешек атқан көкек айын, Бейне жаз менің сүйген сәулетайым. Ақ қалқам, отыр ма екен, жатыр ма екен, Ей, көкек, ұшып барып, білші жайын. Қайырмасы: Ей, аты жоқ көкек, Ей, аты жоө көкек. Шекеңе селдіретіп айдар тағып, «Көкек» деп бос жүргенше секең қағып. Қосайын өле-өлгенше мен әніме, Қалқадан хабар әкел, ұшып барып. Қайырмасы: Ей, аты жоқ көкек, Ей, аты жоө көкек.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 1.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ақ тұйғын құс қолымда сырғақты ма, Басып-басып алайын ырғақтыма. Бозбала, саған айтар өсиетім, Жақын жүр әлпештеген ардақтыға. Жанып тұрған жас өмір, ал қызыл гүл, Сипаттауға қызығын жетпейді тіл. Жауқазын – желбіреген жастық шағым, Өмірдің мағнасына түсіне біл!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап, Адамзат қалмақ па екен солай сарнап. Көз көрген құрбыларға дұғай сәлем, Батасын оқи берсін маған арнап. Ақ үйдің ай көрінер маңдайынан, Шешеннің сөз шығады таңдайынан. Теміртас, Асыл, Ақық, қарғаларым, Иіскетіп кетсеңдерші маңдайыңнан. Теміртас, Асыл, Ақық, қарақтарым, Үкідей мен сендерді балақтадым. Бірге өскен құрбы-құрдас, замандастар, Ескітен келе ме деп алақтадым. Салғаным ағаш үйге ызботты пеш, Жаратқан, мен пендеңнің күнәсін кеш. Денеме кендір арқан жаман батты, Қайдасың, Асыл, Ақық қолымды шеш. Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті, Қинауға салады екен адамзатты. Үкідей желпілдерген, қарақтарым, Шешсеңші, білегіме арқан батты.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері