Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Ақ тұйғын көлден қарсы-ай қаз іледі, а-ау, Жиылып қыз-бозбала бір жүреді, а-ау, әрине күн. Жігіттер, осындайда-ай ойна да күл, Ұлғайып, үйде отырар кез келеді, а-ау, әрине күн. Болады көк жетілсе-ай шалғын төсек, а-ау, Өтірік болар ма екен-ай бұлай десек, а-ау, әрине күн. Жастықтың әсерінде-ай не болмайды, а-ау, Айтқаным болмаса менің-ай, сірә, өсек, а-ау, әрине күн. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
«Көкаршын» ән еркесі баппен айтса, Ер жігіт не болады серттен қайтса. Ән болмас «Көкаршындай» қайда барсаң, Ән білем деген адам шынын айтса. «Көкаршын» көңіліме қонған әнім, Сүйеді сұлу әнді менің жаным. Айқайлап шырқағанда жүз құбылтып, Кетеді бойым балқып, қызып қаным.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Қаратау кейде қарлы, кейде қарсыз Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз Дарияның жарға соққан толқынындай Көз салған көрінгенге көңіл арсыз Қайырмасы: Әндір, әндір, әндір-ай Ішімді оттай жандырды-ай Ғашық болып қосылып Құмарымды қандырды-ай Сөйтіп жүрген Сұршақыз Көкшетауда қалдырды-ай Ахау, Сұршақыз, енді есен бол! Неше жыл жүрсемдағы мен айдауда Шыдаймын, қажымаймын денім сауда Дәм жазып осы жолдан аман қайтсам Сұршақыз, көрісерміз Баян тауда Қайырмасы: Әндір, әндір, әндір-ай Ішімді оттай жандырды-ай Ғашық болып қосылып Құмарымды қандырды-ай Сөйтіп жүрген Сұршақыз Көкшетауда қалдырды-ай Ахау, Сұршақыз, енді есен бол!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері