Материалдар санатында: 4 Материалдар көрсетілді: 1-4 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Жетелеп жүрген бір үміт, Жетер деп саған сенгенмін. Теңселіп кеттім гүл іліп, Терезесіне кеудеңнің. Қайырмасы: Жанымды саған ұсындым, Жаралар болсаң өзің біл, Жазығым болса, түсіндір, Жалының болса, сезіндір. Көрген ем сені түсімде. Жанарың күндей күлегеш. Сағынтып өту үшін бе, Сағым боп кеттің гүл-елес. Қайырмасы: Жанымды саған ұсындым, Жаралар болсаң өзің біл, Жазығым болса, түсіндір, Жалының болса, сезіндір. Көңілімді көзбен оқы да, Шөліме нөсер себелет. Ойланбай түсер отыңа, Мен де бір көзсіз көбелек. Қайырмасы: Жанымды саған ұсындым, Жаралар болсаң өзің біл, Жазығым болса, түсіндір, Жалының болса, сезіндір.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Сағымданған сақараның аруы, Саған жетпес жұлдыздардың жарығы. Әр шахарға бақыт сыйлап барады, Әр жүректе махаббаттың жалыны. Қайырмасы: «Жібек жолы» аруы, Махаббаттың дәуірі. Жүрегімнің жалыны, Айналдым, қазағымның аруы. Жібек жолы бар әлемді гүлдентіп, Ғашықтарын өздерімен бірге ертіп. Келе жатыр алып керуен даламда, Бар табиғат тұрғандайын әнге елтіп. Қайырмасы: «Жібек жолы» аруы, Махаббаттың дәуірі. Жүрегімнің жалыны, Айналдым, қазағымның аруы. Теңдесі жоқ сұлуымсың дара асыл, Жүрегімде жұлдыз болып жанасың. Күміс алқа қоңыраумен қосылып, Кең даламның күйін шертіп барасың. Қайырмасы: «Жібек жолы» аруы, Махаббаттың дәуірі. Жүрегімнің жалыны, Айналдым, қазағымның аруы.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Көп іздеп, мені есіңе аласың ба? Ғашықтық салды мені жаңа сынға. Махаббат көлі деп біз атаған ек қой, Өткізіп бал күндерді жағасында. Қайырмасы: Теңеймін әлі өзіңді бар асылға, Жүрегім сені аңсайды, нанасың ба? Сүйіктім, күтем сені, күтем мәңгі, Махаббат көлінің сол жағасында. Махаббат көлін іздеп тағы келдім, Сол жерден табам ба деп, жаным, сені. Ойлап ем, бақытымыз мәңгілік деп, Жанымды тербейді үміт әлі менің. Қайырмасы: Теңеймін әлі өзіңді бар асылға, Жүрегім сені аңсайды, нанасың ба? Сүйіктім, күтем сені, күтем мәңгі, Махаббат көлінің сол жағасында. Қоштастық, қалай болды, ұғынбадым, Тек менің қатем деймін мұның бәрін. Махаббат көлі мені түсінгендей, Сезім мен қалды сонда бұрынғы әнім. Қайырмасы: Теңеймін әлі өзіңді бар асылға, Жүрегім сені аңсайды, нанасың ба? Сүйіктім, күтем сені, күтем мәңгі, Махаббат көлінің сол жағасында.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ертегі - күннің ғажабын, Аралап, шіркін, қанайық. Сенделтіп сезім азабын, Бір адам болып қалайық. Қайырмасы: Өңім бе, әлде түсім бе? Мейлі сен түсін, түсінбе! Қалдым, мен, жаным, қамалып, Тұп-тұнық көздің ішінде. Көзіңді қада көзіме, Сезімді қосшы сезімге. Айналып бір сәт кетейік, Сен - маған, ал мен - өзіңе. Қап-қара түннің көзіндей, Тұнжырап төнсе жанарың. Жұлдызды аспан айналып, Жаныңа сүңгіп барамын. Қайырмасы: Өңім бе, әлде түсім бе? Мейлі сен түсін, түсінбе! Қалдым, мен, жаным, қамалып, Тұп-тұнық көздің ішінде. Көзіңді қада көзіме, Сезімді қосшы сезімге. Айналып бір сәт кетейік, Сен - маған, ал мен - өзіңе. Бір түнді емес, мың түнді Қалғытсын ажар-арайың. Тұншығып шыққан күлкіңді, Бақытқа мәңгі балайын. Қайырмасы: Өңім бе, әлде түсім бе? Мейлі сен түсін, түсінбе! Қалдым, мен, жаным, қамалып, Тұп-тұнық көздің ішінде. Көзіңді қада көзіме, Сезімді қосшы сезімге. Айналып бір сәт кетейік, Сен - маған, ал мен - өзіңе.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері