Материалдар санатында: 12 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Көгілдір толқын, көгілдір тоғай Көгілдір көкпен жарасып Көңілге түрлі ой салған талай Құмартқан талай сан ғашық Қайырмасы: Ертісім қабыл ал, жырды Қабыл ал, осы әнді де Жағаңда сенің айтылған сырды Ұмытпас ешкім мәңгіге Ағушы ең терең ойға бір шомып Алдыңнан шықты ашық күн Мүмкін сен келер ұрпақты көріп Жеткенше бізге асықтың Қайырмасы: Ертісім қабыл ал, жырды Қабыл ал, осы әнді де Жағаңда сенің айтылған сырды Ұмытпас ешкім мәңгіге Ертісім берік айнымас жолдас Өзгенше бір сыр толғайды Өзенсіз мұхит, теңіз де болмас Елінсіз ер де болмайды Қайырмасы: Ертісім қабыл ал, жырды Қабыл ал, осы әнді де Жағаңда сенің айтылған сырды Ұмытпас ешкім мәңгіге Ертістің қатты ағыны, сәулем Ағынға бетті түзейік Осының өзі қызық бір дәурен Толқынға қарсы жүзейік Қайырмасы: Ертісім қабыл ал, жырды Қабыл ал, осы әнді де Жағаңда сенің айтылған сырды Ұмытпас ешкім мәңгіге
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Сам жамырап, жарқырады самала Кел, қалқатай, кел қаланы арала Бақыттылар байқамайды уақытты Сағатыңа әлсін-әлсін қарама Қайырмасы: Желпіді самал жай ғана Хош иіс гүлдер айнала Маужырап тұрған қалада Арала, сәулем, арала Серуен қалар есіңде Алматы рахат кешінде Кел, баралық, көк белеске, тау жаққа Арайлайық, сырласайық аулақта Жамылайық жапырағын желектің Қолымыздан гүлдер еккен бау-бақша Қайырмасы: Желпіді самал жай ғана Хош иіс гүлдер айнала Маужырап тұрған қалада Арала, сәулем, арала Серуен қалар есіңде Алматы рахат кешінде Өтер күндер, өтер дәурен жастық шақ Жастық жақсы жарасқанда жас құсап Лаулай түссін жүректегі от-жалын Жазылмасын, жазылмасын дос құшақ! Қайырмасы: Желпіді самал жай ғана Хош иіс гүлдер айнала Маужырап тұрған қалада Арала, сәулем, арала Серуен қалар есіңде Алматы рахат кешінде
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Толқын ойнап көлдің бетін желдетті Көктем келді нөсерлетті селдетті Көрдім дағы найзағайдың жасылым Сені ойладым жарқылдаған асылым Жаз да шықты жердің жүзін жайнатты Тау тойға бұлбұлдарын сайратты Зорға басып жүрегімнің тасуын Сені ойладым келеді деп асылым Зорға басып жүрегімнің тасуын Сені ойладым келеді деп асылым Кұстар қайтып алыс алыс жақтарға Гүлдер солып қырау түсті бақтарға Сары күзде сарғайдым да жасыдым Сені ойладым аңқылдаған асылым Бәрі де өтті қыс та қайта оралды Дала мүлгіп ақ көрпеге оранды Ғашықтарда сыр болмайды жасырын Мен сендікпін біл осыны асылым Ғашықтарда сыр болмайды жасырын Мен сендікпін біл осыны асылым Мен сендікпін біл осыны асылым
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Самалы жұпар жазғы бір кеште Ойласам болды Ыстықкөл жақты Айтылған сырлар түседі еске Оятқан сонда ақ махаббатты Қайырмасы: Тулайды жүрек Толқындай шалқып Аңсайды жүрек Өзіңе тартып Сағынтқан әнім Әселім, жаным Сағынтқан әнім Әселім, жаным Тағдырмен қатал ойнатқан сонда Қайдасың менің армансыз күнім Бақ құсы едің, қонбадың қолға Қапыда қалдым зар толып үнім Қайырмасы: Тулайды жүрек Толқындай шалқып Аңсайды жүрек Өзіңе тартып Сағынтқан әнім Әселім, жаным Сағынтқан әнім Әселім, жаным Алыссың, жатсың білемін сәулем Тағдырға нала не керек айтып Өмірде сол бір жарқ еткен дәурен Әселім, сірә, келер ме қайтып Қайырмасы: Тулайды жүрек Толқындай шалқып Аңсайды жүрек Өзіңе тартып Сағынтқан әнім Әселім, жаным Сағынтқан әнім Әселім, жаным
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Гүл едің болып тұрған, толып тұрған Қуантқан, қызғандырған, торықтырған Кетпейді сонау бір сәт әлі есімнен Өзіңді ойда жоқта жолықтырған, жолықтырған Жолықтың, бірақ отың маздамады Тағдырдың секілді бір жазбағаны Апыр-ау қоламта боп қаласың ба Жүрегің неге салқын, аз ба қаны, аз ба қаны? Мақұлда, мейлің қалқам, мақұлдама Махаббат ұстамайды ақылды алға Болмаса өз отымнан ыстық отың Жаныма өртенесің жақындама, жақындама
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Мен едім елімді сағанған Туған жер дәміне табынған Келемін ұзақ жол алдымда Махаббат күтемін ауылдан Қайырмасы: Бар әнім сен, Жәмила Арманым сен, Жәмила Ардағым сен Абзалым сен, қалқажаным Жүректе көп сыр бар қайнаған Армансыз өтетін қайда адам Күніне жүз көрсем, Жәмила Көзімнің жанары тоймаған Қайырмасы: Бар әнім сен, Жәмила Арманым сен, Жәмила Ардағым сен Абзалым сен, қалқажаным
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 4.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Құлпырады дала, гүлдейді орман, Емізеді егіз Еділ мен Жайық. Ақ шағала айдын, ақталған арман, Тербетеді кеме, ойнайды қайық. Қайырмасы: А-а-а! Ағады шалқып, Аққулары қалқып, Еділ мен Жайық! Шырқалады әндер, жан жүрек іңкәр, Сырқылдайды сұлу Еділ мен Жайық. Әуелейді адам, самғайды сұңқар, Шығандарға, шыңға қанатын жайып. Қайырмасы: А-а-а! Ағады шалқып, Аққулары қалқып, Еділ мен Жайық!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 2.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Алаулап күн батса қырды асып Кетуші ек, қалқатай, сырласып Ұмытсам сол күнді, сол күнді кеш мені Есте ғой, дариға, Жайлаукөк кештері Ай туып, жұлдыздар жанғанда Қол созып көктегі арманға Жүрген кез жүректен, жүректен өшпеді Жақсы еді-ау, дариға Жайлаукөк кештері Мүлгіген тыныштық, айдала Шу бойы ырғалып жай ғана Гүлдерді тербетіп самалдың ескені-ай Аңсаттың, дариға, Жайлаукөк кештері-ай
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Алыстан ән сап Жағаңды аңсап Келгенде жатсын дір етпей Көгілдір көлме Толқыны желге Мазасыз соққан жүректей Толқының тынып Жатырсын тұнық Сұлудың мөлдір көзіндей Жыры мол күндер Сыры мол түндер Өткен бе бәрі сезілмей Айдының шалқып Аққудай қалқып Сайрайды салған сол дәурен Асатын едім Тасатын едім Күн болып күлсе жан сәулем Осының бәрі Жадымда әлі Телегей теңіз сезімдей Толқышы көлме Толқиын мен де Дариға-ай жастық кезімдей
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Қараңғы түнді жамылып Бақшада жігіт жүр жалғыз Аңсаған көңіл жабығып Шықпайды-ау естен сол бір қыз Жұлдыз бе екен, Ай ма екен Қол жетпес асыл армандай Қайда екен, шіркін, қайда екен Үмітім болған ақмаңдай Самал беттен өбеді Сылдырап ағып жүр бұлақ Жігітті қинай береді Қоңілден кетпей қыз бірақ Толқыған жаны жігіттің Сол жаннан бақыт тапқандай Жандырған отын үміттің Қайда екен сол бір ақмаңдай
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері