Материалдар санатында: 3 Материалдар көрсетілді: 1-3 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Атың сенің сүйген жар көңілге шат Қуанамын көзіме көрінген шақ, ей, сүйген жар Қатар-құрбы ішінде орның бөлек Сөзің тәтті бір жансың күлкің жұмсақ, сүйген жар Қайырмасы: Бар ынтам өзіңде Бір ауыз сөзіңде Жанарың жанып тұр Жалт еткен кезіңде Кел екеуміз өмірге бір барайық Дала көркем, ой әсем, қыр ғажайып, сүйген жар Тату саған, тәтті күн, асқақ оймен Жаңа өмірге үлгі боп жырлау лайық Қайырмасы: Жақсы жар жанымсың Бақытым барымсың Арманым, тілегім Бір жерден табылсын
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Сүйген сәулем Нұржамал Күтудемін бір хабар Үш жыл өтті ойыңды Біле алмай болдым дал Қайырмасы: Жауап тосып өзіңнен Әлі үйленбей жүрмін мен Мезгіл өтіп барады-ау Айыпты оған жалғыз сен Жалғыз сені ұнатам Неге сәулем нанбайсың Жанымды қалай жұбатам Жүрегің жоқ па қандайсың Қайырмасы: Жауап тосып өзіңнен Әлі үйленбей жүрмін мен Мезгіл өтіп барады-ау Айыпты оған жалғыз сен Ұмытсам деп сені мен Көрсем де болам көрмеген Келбетің сенің әрқашан Тұрады кетпей көзімнен Қайырмасы: Жауап тосып өзіңнен Әлі үйленбей жүрмін мен Мезгіл өтіп барады-ау Айыпты оған жалғыз сен
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
Ал әнші көмекейден құй бұлақты Қиқу салып мінгендей жүйрік атты Ән тұлпары құлдидан ылдилай шап Бауырыңа бас домбыра бал бармақты Қайырмасы: Ел сусынын қандыра Саңқылда сен домбыра Қызыл тілмен жарысып Бұлдыр қақсын домбыра Елімнің әнге қосып салтанатын Көмекейден күн бүгін бал таматын Рахаттың көгінде самал ессін Қаққан кезде сусылдап ән қанатып Қайырмасы: Шырқа даусым шарықта Шық биікке қалықта Ел көңілі ән мен би Ел көңілі сауықта
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері