| Материалдар санатында: 394 Материалдар көрсетілді: 251-260 |
Беттер: « 1 2 ... 24 25 26 27 28 ... 39 40 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Жарқыраған үнемi үмiт өтi
Күнiмдi жалғайсын
Сән-көркiндi көргенде елжiретiп
Баурап менi алғайсын
Қадiрiн нұр ойнаған дидарыңнан
Ерiксiз таң қалдырған
Сабыр салған мiнезiңнен
Шыдам шексiз сезiмнен
Қайырмасы:
Аяулым, айқын бейне таным ай
Ак мандай арманым айдында
Аяулым, айқын бейне таным ай
Ак мандай арманым айдында
Өздерiңнен дүние сырлар ұғамын
Өзiңмен жүрегiм
Күн бейнеңды көкрегiн де қоршамын
Сенi ойлап жүремiн
Ажырамай айбарлы ажарыңнан
Сағынамын айдарлы
Сағым салған мiнезiңнен
Шыдам шексiз сезiмнен
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Көктем келіп жетті міне тағыда
Мен отырмын жылай да алмай жабыға
Өткен күндер көз алдыма тізіліп
Қарайлаймын қайтқан құстар тобына
Қайырмасы:
Сүйемін сені неге екенін білмеймін
Білмеймін жаным
Солған бір байғұс гүлдеймін
Армандап сені ойлаймын жатсам тұрсам да
Жүрекке кейде ауырған тағат іздеймін
Қош бол енді менің сүйген арманым
Қайда жүрсең орындалсын арманың
Бірақ-бірақ сүйіп өтем мәңгілік
Жаным менің жаным менің арманым
Қайырмасы:
Сүйемін сені неге екенін білмеймін
Білмеймін жаным
Солған бір байғұс гүлдеймін
Армандап сені ойлаймын жатсам тұрсам да
Жүрекке кейде ауырған тағат іздеймін
Сағындым сені сағымдай өткен күндерді
Сені ойлап ұзақ ұйқысыз жатқан түндерді
Жан досым айтқан үздіксіз сырды арманда
Менімен бірге мұңдасқан әсем гүлдерді
Қайырмасы:
Сүйемін сені неге екенін білмеймін
Білмеймін жаным
Солған бір байғұс гүлдеймін
Армандап сені ойлаймын жатсам тұрсам да
Жүрекке кейде ауырған тағат іздеймін
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
Қазбауыр бұлттар маңғанда
Орманға жазда барғанда
Арманда мені арманда
Мен бар деп мына жалғанда
Есіңе мені алғайсың
Арманда мені арманда
Мен бар деп мына жалғанда
Есіңе мені алғайсың
Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Ақ ұлпа жерді жапқанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Май туса, гүлдер шешек атса жазда
Тоғайда бұлбұл, көлде аққу қаз да
Сайраса, біз жастар да нақ солардай
Бақытқа бөленеміз, сауық назға
Қайырмасы:
Бақыт нұрға
Оранса жер, аспан
Біздің жыр да
Бар жырға ұласқан
Махаббатты жырлаймыз біз
Жастар, жастар, жастар
Сарқырап асау бұлақ ақса құздан
Алтын күн күлімдесе көкте қызған
Біз жастар күн нұрынан қуат алып
Жайнаймыз жарығырақ жұлдыздырдан
Қайырмасы:
Бақыт нұрға
Оранса жер, аспан
Біздің жыр да
Бар жырға ұласқан
Махаббатты жырлаймыз біз
Жастар, жастар, жастар
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Бір белгі үшін осы әнімді сыйладым.
Әттең, сені басқа адамға қимадым
Балбыраған жас сәбидей жүзің де,
Көз алдымда тұр ғой сенің дидарың.
Қайырмасы:
Ойлаймын мен жаным жалғыз жатқанда,
Ойлаймын мен оңаша бір шақтарда,
Неге солай жаратты екен адамды?
Айтшы, жаным, махаббатта шек бар ма?
Бір өмір ме, бір ай ма әлде, бір апта
Сен де мені ұмытарсың бірақ та
Бір-біріне ұмтылады неге адам
Жауап іздеп жүрмін осы сұраққа.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Сүйгенімді бірақ саған айтпадым
Кешке жақын атыңдай айтпай жатпадым
Талай күндер, талай жылдар өтсе де,
Жүрегімді ешкімге де, ешкімге де сатпадым.
Қайырмасы:
Тұмарым,
Ай-ай, тұмарым,
Аясаңшы мені, сүйген тұмарым.
Қайғы-шеоді неге маған айтпадың?
Неге сонша жүрегімді таптадың?
Табысқанда айлы аспан астында
Сүйемін деп неге сондай айтпадың?
Қайырмасы:
Тұмарым,
Ай-ай, тұмарым,
Аясаңшы мені, сүйген тұмарым.
Тұмарымды гүлге тосты аққайың
Құстай ұшты көкжиекке аққайың
Қолұстасып екеуміз де барғанда
Тосып тұр ғой екеумізді аққайың.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Анамдай, мәпелеп,
Өмір көшінде.
Бауладың жетелеп,
Бәрі есімде.
Қайырмасы:
Ұстазым, бағымсын,
Жайқалған әсем.
Өзіңнен табамын,
Керемет деректі.
Ғылымның жолында,
Өмірге керекті.
Қуандық баладай,
Көріп жемісін.
Өрлесем мен самғай,
Сенің жеңісің.
Қайырмасы:
Ұстазым, бағымсын,
Жайқалған әсем.
Өзіңнен табамын,
Керемет деректі.
Ғылымның жолында,
Өмірге керекті.
Дарыған бойыңа,
Ұлы адалдық.
Болсыншы тойына,
Әнім базарлық.
Қайырмасы:
Ұстазым, бағымсын,
Жайқалған әсем.
Өзіңнен табамын,
Керемет деректі.
Ғылымның жолында,
Өмірге керекті.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Егіз сәби үніндей іңгәлаған
Домбырамның әуенін тыңда, балам.
Күй сырымен мерейім өсіп бірге,
Онсыз кейде көңілді мұң қамаған.
Арулардың арманы қол жетпеген,
Аналардың мейірімі өбектеген -
Бәрі-бәрі қос ішектен төгіледі,
Қоңыр сазын содан да бөлек көрем.
Ер жігіттің ерлігі ол жасымаған,
Пернесінде сөйлейді жасыл далам.
Құрманғазы, Тәттімбет, Диналардың
Өзі болып күй шертер ғасыр маған.
Сыр ашады Махамбет, Мәдилерім,
Ұрпағымен ұзартып ән-күйлерін.
Домбырасыз үйімнің сәні келмес,
Домбыра боп, туған жер, әлдилеген.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Шын қуаныш шын мұңды бөліспейміз
Баяғыдай тым жиі көріспейміз
Сыпайы боп тұрсақ та білінеді
Біріміз күн біріміз теріскейміз
Қайырмасы:
Қайда, қайда, қайда екен
Сол достығымыз
Тағдыр салып талқыға тостыма күз
Баяғы ыстық сезімнің бірі де жоқ
Сәлемнен соң асығып тек тұрамыз
Баяғы ыстық сезімнің бірі де жоқ
Сәлемнен соң асығып тек тұрамыз
Жүр дейтұғын қайда кез біздің үйге
Үйме-жүме жүруші ек сол бір кезде
Оқиға емес ол қазір түс секілді
Қашан түстік білмейміз бұндай күйге
Қайырмасы:
Қайда, қайда, қайда екен
Сол достығымыз
Тағдыр салып талқыға тостыма күз
Баяғы ыстық сезімнің бірі де жоқ
Сәлемнен соң асығып тек тұрамыз
Баяғы ыстық сезімнің бірі де жоқ
Сәлемнен соң асығып тек тұрамыз
Күлімжиміз бұған түк жауап таппай
Дос қарайды-ау қашанда жанарды оқтай
Мүмкін олда мен құсап дос іздейді
Дос адамға япыр-ау неге тәтті-ай
Қайырмасы:
Қайда, қайда, қайда екен
Сол достығымыз
Тағдыр салып талқыға тостыма күз
Баяғы ыстық сезімнің бірі де жоқ
Сәлемнен соң асығып тек тұрамыз
Баяғы ыстық сезімнің бірі де жоқ
Сәлемнен соң асығып тек тұрамыз
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 1.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Ертеңге, қалқа, қарасаң,
Қол бұлғап арман тұрғандай.
Шақырып жарқын болашақ,
Бақытың отау құрғандай.
Қайырмасы:
Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық.
Махаббат әні әлдилеп,
Алысқа қанат қағайық.
Ол жақта - бұлтсыз көк аспан,
Тұнығы таза лағылдай.
Самалы жанмен сырласқан,
Көктемнің нұрлы таңындай.
Қайырмасы:
Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық.
Махаббат әні әлдилеп,
Алысқа қанат қағайық.
Ертегі күндей ертеңім,
Сүйгенім, жүрсең жанымда.
Сезімнің жайып желкенін,
Жасайық бақыт бағында.
Қайырмасы:
Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық.
Махаббат әні әлдилеп,
Алысқа қанат қағайық.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері











