| Материалдар санатында: 394 Материалдар көрсетілді: 301-310 |
Беттер: « 1 2 ... 29 30 31 32 33 ... 39 40 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Қайран күндер кешегі,
Сайран күндер кешегі,
Көрген түстей көңілден
Қалайша өшеді.
Бақытыма балаған,
Жырға лайық санаған,
Жан серігім жалғанда
Сен едің қалаған.
Қайырмасы:
Қия алмадым, қимадым
Қинадың-ау, қинадың
Гүл орнына қайтейін,
Саған мен мұң сыйладым.
Қарай бердің қиыла-ай
Қоштасудың қиыны-ай
Саған ғана жан сырын
Айтушы едім бал-шырын.
Бір кешкен күндер-ай,
Мөп-мөлдір тамшы-мұң.
Шығар ма екен бәрі естен
Көк түн мынау жан ескен
Жылап жатыр жүрегім
Нәп-нәзік нәрестем
Қайырмасы:
Ұя салған таңдайға,
Біз айтатын ән қайда
Амал бар ма тағдырға,
Жазылған маңдайға.
Ақ тілеулі арманға,
Сенен асқан жан бар ма
Жаралайды жанымды,
Көзден жас тамғанда
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Іздедім сені, білмедім сені,
Қайдасың, қалқам, қай жақта?
Жаныммен құлап, қалдың-ау ұнап
Кез болып маған бейуақта.
Өкініш көміп, барады сөніп,
Үміттің шоғы азайып,
Өңім бе екен, түсім бе екен
Қапыда көрген ғажайып?
Көлеңкең көлбеп, көрінсе сен боп,
Қуаныш етер мен пенде.
Жалт етші дәтке бір ғана сәтке,
Суретің қалсын кеудемде.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Түңгі жаңбыр мұзды жаңбыр тамшылар
Тамшылардан асқан қандай әнші бар
Тереземді шертіп жуған дауысың
Менің тыныш көңілімді қамшылап
Әй, тыныштық бір өзіңді сүйгім келеді
Өрт сезімнің жалынына күйдім көп
Оңашада арулары аспанның
Жер төсінде жатқандайма би-билеп
Қайырмасы:
Шертші тағы сезім шегін жаңбырым
Сен шығарсың сағынышым жан-жарым
Түңгі жаңбыр еске салар қуанып
Шуылдаған торғайлардың таңғы үнін
Күн астамшы бұлттың шашын жәй тарап
Жалт еткендей елестеп тұр ай қабақ
Жаттап алып түңгі жаңбыр дауысын
Құстар тағы айтып берер қайталап
Қайырмасы:
Шертші тағы сезім шегін жаңбырым
Сен шығарсың сағынышым жан-жарым
Түңгі жаңбыр еске салар қуанып
Шуылдаған торғайлардың таңғы үнін
Шертші тағы сезім шегін жаңбырым
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Даусың қандай сырлы еді,
Сазға тұнған жүрегің.
Көркің қандай нұрлы еді,
Сұлу қандай гүл едің.
Қайырмасы:
Әнші құрбым,
Салшы, құрбым, әніңе.
Ән ғой өмір сәні де.
Әдептен де озбайтын,
Даусыңда әсем діріл бар.
Жан-жүректі қозғайтын,
Сиқыр, тәтті үнің бал.
Қайырмасы:
Әнші құрбым,
Салшы, құрбым, әніңе.
Ән ғой өмір сәні де.
Оятқандай көңілді,
Шырқап әсем әніңді.
Толқыта бер, бұл өмірді,
Тербете бер, жанымды.
Қайырмасы:
Әнші құрбым,
Салшы, құрбым, әніңе.
Ән ғой өмір сәні де.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңіретіп өлеңдетіп.
Астымда ақ боз атым сылаң қағып,
Жалтақтап, құлақтарын елеңдетіп.
Ақ боз ат - менің тұлпарым
Шалқыған көңіл сұнқарым
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын
А-ай, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің
Ән салдым есіп майда, жаяулатып,
Ырғалтып шырқап, толғап, баяулатып.
Толқынды мың құбылған әнімді естіп,
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып.
Ақ боз атым - қояндай
Еркелеп басар аяндай
Тербеді даусым ауаны
Даңылдап қалқып баяулай
А-ай, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Махаббатың құдірет күші әлдилеп
Екі жастың табыстырған жүрегін
Жастық жалын, асыл арман, ақ ниет
Бақыт сыйлап ұсыныпты гүлдерін
Қайырмасы:
Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер
Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер
Ән салайық би билейік, би билейік
Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер
Бірге аттанып болашаққа, өмірге
Тікті бүгін ортамызға отауын
Қуаныш пен шаттық орнап көңілге
Тойламаққа келді бүгін көп қауым
Қайырмасы:
Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер
Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер
Ән салайық би билейік, би билейік
Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер
Жас шаңырақ болсын бақыт бесігі
Жас жұбайлар, құтты болсын тойларың
Кең ашылсын болашақтың есігі
Орындалсын арман, тілек, ойларың
Қайырмасы:
Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер
Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер
Ән салайық би билейік, би билейік
Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Мазалайды жүрегімді
Тамылжыған түн
Сағынышты көңілім
Аңсайды өзіңді
Қайырмасы:
Қайдасың асылым
Махаббатым ерке көктемім
Қайдасың ақ арманым
Жүрегімде жылы
Дидарыңды бір көруге
Асығамын мен
Мезгіл өтті жаз өтті
Қайдасың арманым
Қайырмасы:
Қайдасың асылым
Махаббатым ерке көктемім
Қайдасың ақ арманым
Жүрегімде жылы
Бақытыма жетелеген
Іздейтінім сен
Салған әнім үмітім
Келші сен аққусым
Келші сен ардағым
Сағынышым өзің күткенім
Өзіңе ән арнадым
Шапағатым жылы
Қайырмасы:
Қайдасың асылым
Махаббатым ерке көктемім
Қайдасың ақ арманым
Жүрегімде жылы
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Ай толқып бірге өзіңмен билеп кеткендей
Жаңбырсың жауған
Тек нұрын маған сепкендей
Күндейсің жаным арайлы
Гүл берген қырға көктемде
Қайырмасы:
Табиғатым жан жаннатым
Жүректе сен деп соғатын
Табиғатым жан жаннатым
Жүректе сен деп соғатын
Махаббатым
Сен ақ қайынсың
Желменен бірге жайқалатын
Сен қызыл гүлсің
Қызығым деп айта алатын
Сен өлде теңіз тербелген
Көргенде жаным жай табатын
Қайырмасы:
Табиғатым жан жаннатым
Жүректе сен деп соғатын
Табиғатым жан жаннатым
Жүректе сен деп соғатын
Махаббатым
Жарық жұлдызсың
Әлемге ңұрын шашатын
Мөлдір бұлақсың
Жанымның шөлін басатын
Бақыттың кілті қолыңда
Ертеңге есік ашатын
Қайырмасы:
Табиғатым жан жаннатым
Жүректе сен деп соғатын
Табиғатым жан жаннатым
Жүректе сен деп соғатын
Махаббатым
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Әлемге алтын нұрдай таратылған
Сен - жарық күнімсің, жаңа туған
Аққудың қанатынан жаратылған
Аруым сенсің, жарығым
Мәңгілік арман
Махаббаттың әсем әні бар
Қайырмасы:
Асқардағы шынарым - өзіңсің
Аспандағы шырағым - өзіңсің
Сенбісің жастықтың алауы
Аялаған арманым - өзіңсің
Саялаған орманым - өзіңсің
Жапырақ - жанымның жалауы
Жан жүрегімнің қалауы - өзің ғана
Ақ тілек махаббатсыз арман қайда
Ән ерке сезіммен жалғанбай ма?
Жаратқан екеумізге жар болмай ма
Жанымда жүрші, жарығым
Мәңгілік арман
Махаббаттың әсем әні бар
Қайырмасы:
Асқардағы шынарым - өзіңсің
Аспандағы шырағым - өзіңсің
Сенбісің жастықтың алауы
Аялаған арманым - өзіңсің
Саялаған орманым - өзіңсің
Жапырақ - жанымның жалауы
Жан жүрегімнің қалауы - өзің ғана
Асқардағы шынарым - өзіңсің
Аспандағы шырағым - өзіңсің
Сенбісің жастықтың алауы
Аялаған арманым - өзіңсің
Саялаған орманым - өзіңсің
Жапырақ - жанымның жалауы
Жан жүрегімнің қалауы - өзің ғана
Өзің ғана
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Ал көтеріп аспанға қызыл сұңқар,
Кезің келді шарықтап, биік самғар!
Қарға-құзғын төбемнен төнбесін Бақ,
Жұлдызым бақшамда сөнбесін!
Қарға-құзғын фашисті жерге тапта,
Оған бақыт ұясын ойрандатпа!
Қарға-құзғын төбемнен төнбесін,
Бақ, жұлдызым бақшамда сөнбесін!
Бүгін жаудан аспанды сен қорғайсың.
Ертең Айға, Шолпанға сен барғайсың.
Қара ниет, қанішер жайрасын,
Бақ, жұлдызым бақшамда жайнасын!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері











