| Материалдар санатында: 394 Материалдар көрсетілді: 341-350 |
Беттер: « 1 2 ... 33 34 35 36 37 ... 39 40 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Жадыратып жанымды жарық ұшқын,
Жанарыңнан жалт еткен жалын құштым.
Қанатына қондырып сағыныштың,
Аспанына арманның алып ұштым.
Қайырмасы:
Сен - таңдағы әнім,
Үмітім боп жалғанарым,
Самған әнім,
Сен - таң қаларым,
Бар ғаламнан таңдағаным,
Арман-әнім.
Шуағысың әндегі шырақтың да,
Қайнарысың мендегі бұлақтың да.
Сағындырып, сарғайтып, жылаттың да,
Жібек желдей жырыңмен жұбаттың да.
Қайырмасы:
Сен - таңдағы әнім,
Үмітім боп жалғанарым,
Самған әнім,
Сен - таң қаларым,
Бар ғаламнан таңдағаным,
Арман-әнім.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Өткізген қанша жыл айды
Көңілім саған құлайды
Жүргенің мәз боп күлегнің
Ұнайды маған ұнайды
Қайырмасы:
Сен жайлы ойлар өртеді
Аңсаймын іздеп көшеден
Шәй ішіп кетсең қайтеді
Мен ұсынған кеседен
Сен жайлы ойлар өртеді
Аңсаймын іздеп көшеден
Шәй ішіп кетсең қайтеді
Мен ұсынған кеседен
Жүрегім үнсіз езіліп
Жүруші ем содан маза жоқ
Мен болсам тұрдым үзіліп
Сен болсаң кеттің аға боп
Қайырмасы:
Сен жайлы ойлар өртеді
Аңсаймын іздеп көшеден
Шәй ішіп кетсең қайтеді
Мен ұсынған кеседен
Сен жайлы ойлар өртеді
Аңсаймын іздеп көшеден
Шәй ішіп кетсең қайтеді
Мен ұсынған кеседен
Сырымды ашып айта алмай
Үзілмей үміт әлі күн
Жылжыды жылдар байқалмай
Сүйгенім болар айыбым
Қайырмасы:
Сен жайлы ойлар өртеді
Аңсаймын іздеп көшеден
Шәй ішіп кетсең қайтеді
Мен ұсынған кеседен
Сен жайлы ойлар өртеді
Аңсаймын іздеп көшеден
Шәй ішіп кетсең қайтеді
Мен ұсынған кеседен
Шәй ішіп кетсең қайтеді
Мен ұсынған кеседен
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар...
Қайырмасы:
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Қайырмасы:
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да,
Айтысың да басылмас, ылаңың да.
Араздасып ағайын кетер еді,
Бір қария болмаса бір алуыда.
Қайырмасы:
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Көздеріңнен нұр тұғандай
Болып тұрады аяулым
Жүрегінде сыр тұрғандай
Сөзіледі ардағым
Сезім билеп жас жүректі
Жүрек жырға толғандай
Жаным сенің сыңғыр қаққан
Күлкің қандай
Қайырмасы:
Маржаным, арманым әнімсің салған
Сүйкімді жанарың күтетін алдан
Сағыныш жанды тербеп алатын
Сыңарым болашаққа бір баратын
Маржаным
Таудың ескен самалындай
Жанға ләззат сыйлаған
Қос аққудың саңарындай
Қалықтардың самғадың
Сезім билеп жас жүректі
Жүрек жырға толғандай
Жаным сенің сыңғыр қаққан
Күлкін қандай
Қайырмасы:
Маржаным, арманым әнімсің салған
Сүйкімді жанарың күтетін алдан
Сағыныш жанды тербеп алатын
Сыңарым болашаққа бір баратын
Маржаным
Маржаным, арманым әнімсің салған
Сүйкімді жанарың күтетін алдан
Сағыныш жанды тербеп алатын
Сыңарым болашаққа бір баратын
Маржаным
Маржаным, арманым әнімсің салған
Сүйкімді жанарың күтетін алдан
Сағыныш жанды тербеп алатын
Сыңарым болашаққа бір баратын
Маржаным
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Біз екеуміз кездескенде
Бақытыңа баладың ба
Менен ұзап сен кеткенде
Жасың қалды-ау жанарымда
Қайырмасы:
Арман алдан шақырады
Кездесерміз мүмкін әлі
Сенсіз өмір өтіп жатыр
Айтшы жаным кім кінәлі
Жұлдыз көктен құбылады
Өтті түндер үнсіз жаным
Қол ұстасып қыдыратын
Сол бір күндер қайда жаным
Қайырмасы:
Арман алдан шақырады
Кездесерміз мүмкін әлі
Сенсіз өмір өтіп жатыр
Айтшы жаным кім кінәлі
Арман алдан шақырады
Кездесерміз мүмкін әлі
Сенсіз өмір өтіп жатыр
Айтшы жаным кім кінәлі
Арман алдан шақырады
Кездесерміз мүмкін әлі
Сенсіз өмір өтіп жатыр
Айтшы жаным кім кінәлі
Арман алдан шақырады
Кездесерміз мүмкін әлі
Сенсіз өмір өтіп жатыр
Айтшы жаным кім кінәлі
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Дәм тартып жатқа
Кеттің бе, қалқам
Жар болар жасқа,
Жеттің бе, қалқам
Қиналған жерде
Сыр берме, қалқам
Сыналған жерде
Сүрінбе, қалқам
Қайырмасы:
Еліңді ойлап
Егілме, қалқам
Анаңды аңсап
Езілме, қалқам
Жамандық көрсең
Жасыма, қалқам
Табылам әр кез
Қасыңнан, қалқам
Жер басып жүрсем
Қорғаның болам
Суықтан қорғар
Орманың болам
Әкеңді ойлап
Сағынба, қалқам
Сыйлы бол әр кез
Жарыңа, қалқам
Қайырмасы:
Еліңді ойлап
Егілме, қалқам
Анаңды аңсап
Езілме, қалқам
Жамандық көрсең
Жасыма, қалқам
Табылам әр кез
Қасыңнан, қалқам
Соңымнан ерген
Інімдей боп ең
Шуағын төккен
Күнімдей боп ең
Сұқ көзден қорқар
Балапан едің
Аққу боп ұштың
Табылып теңің
Қайырмасы:
Еліңді ойлап
Егілме, қалқам
Анаңды аңсап
Езілме, қалқам
Жамандық көрсең
Жасыма, қалқам
Табылам әр кез
Қасыңнан, қалқам
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Шет жүрсем - сағынарым,
Жабықсам - шағынарым
Анашым, бір өзіңсің
Табынарым
Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Ұшырған сұңқарыңмын
Қияға шырқарыңмың
Бәйгеге өзің қосқан
Тұлпарыңмын
Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Қорғаным - өзің деймін
Жан дауа - сөзің деймін
Анашым, сені ойласам
Көз ілмеймін...
Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Сен болсаң нулы жердің қызыл гүлі
Болар ем Сақараның мен бұл-бұлы
Қонақтап гүл жанымда рахат тауып
Гүл құшып сайрар едім күні-түні
Қайырмасы:
Сен болсаң жапандағы жалғыз терек
Кез болсам келе жатып менде ертерек
Жолаушы жалғыз жүрген жатар едім
Жапанда жапырағыңды көлеңкелеп
Сен болсаң кәусар сулы мөлдір бұлақ
Жарқырап жатсаң ағып таудан құлап
Суыңды шөлдеп келіп ішер едім
Маңыңда паналар ем мекен құрып
Қайырмасы:
Сен болсаң жапандағы жалғыз терек
Кез болсам келе жатып менде ертерек
Жолаушы жалғыз жүрген жатар едім
Жапанда жапырағыңды көлеңкелеп
Сөзімді құп ал құрбым күлімсіреп
Мінекей саған арнап соқты жүрек
Кеудемде махаббаттың оты лаулап
Уыздай жас жүрегім тұр елжіреп
Қайырмасы:
Сен болсаң жапандағы жалғыз терек
Кез болсам келе жатып менде ертерек
Жолаушы жалғыз жүрген жатар едім
Жапанда жапырағыңды көлеңкелеп
Сен болсаң жапандағы жалғыз терек
Кез болсам келе жатып менде ертерек
Жолаушы жалғыз жүрген жатар едім
Жапанда жапырағыңды көлеңкелеп
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Жүзімнен ұшып кетсең де
Көңіліме маза бермедің
Айқаспай кірпік таң атты
Аңсаумен сені батты күн
Қайырмасы:
Лейла Лейла қалқам-ай
Келші сәулем еркем-ай
Сағыныш болдың сен маған
Бақытты гүлдей жайнаған
Лейла Лейла қалқам-ай
Келші сәулем еркем-ай
Сағыныш болдың сен маған
Бақытты гүлдей жайнаған
Сапарлас болып саған мен
Сан астым сары белдеуден
Үзіліп сапар саздарым
Еш жерден сені таппадым
Қайырмасы:
Лейла Лейла қалқам-ай
Келші сәулем еркем-ай
Сағыныш болдың сен маған
Бақытты гүлдей жайнаған
Лейла Лейла қалқам-ай
Келші сәулем еркем-ай
Сағыныш болдың сен маған
Бақытты гүлдей жайнаған
Сағыныш шіркін ойын ба
Үмітің сөніп мұңайма
Шығарсың бәлкім алдымнан
Арайлы алтын таңымдай
Қайырмасы:
Лейла Лейла қалқам-ай
Келші сәулем еркем-ай
Сағыныш болдың сен маған
Бақытты гүлдей жайнаған
Лейла Лейла қалқам-ай
Келші сәулем еркем-ай
Сағыныш болдың сен маған
Бақытты гүлдей жайнаған
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері
|
Пәк сезімнен жаратылған жанымсың
Мәңге бірге қол ұстасқан жарымсың
Қуансамда күйзелсемде біргесің
Қолымдағы асылмысың, асылмысың, барымсың
Іздей қалсам сен жанымнан табылдың
Мен ауырсам сенде бірге ауырдың
Сезіп қалып кейде мүшкіл халімді
Жұбатасың жабырқаған, жабырқаған жанымды
Қайырмасы:
Көңіл-күйдің айнасы
Жұбайың гүлдей жайнасын
Жылата көрме аяла
Басыңнан бақыт таймасын
Көңіл-күйдің айнасы
Жұбайың гүлдей жайнасын
Жылата көрме аяла
Басыңнан бақыт таймасын
Он қабағың ашық-жайлы сөзіңнен
Туысыма мейірім көп төгілген
Өз досындай қарсы аласын досымды
Жайдар мінез жадыраған, жадыраған көңілмен
Бар тәрбие, бар бақыты баланың
Аялаған алақаны ананың
Жанұяның береке, той-думаны
Жұбайымның жүрегінен, жүрегінен табамын
Қайырмасы:
Көңіл-күйдің айнасы
Жұбайың гүлдей жайнасын
Жылата көрме аяла
Басыңнан бақыт таймасын
Көңіл-күйдің айнасы
Жұбайың гүлдей жайнасын
Жылата көрме аяла
Басыңнан бақыт таймасын
Кейде тырнап бетін аштым жаранын
Қадірімді кейде білмей қаламын
Менде жүрек құр соқырлық екенін
Кеш түсініп өз ойыма, өз ойыма баламын
Бірге өткіздік талай тағдыр талабын
Бір көрдің-ай өмірдің сен сазайын
Журей тартқан отбасыңның бар жүгін
Қайратынан, айналайын, айналайын ананың
Қайырмасы:
Көңіл-күйдің айнасы
Жұбайың гүлдей жайнасын
Жылата көрме аяла
Басыңнан бақыт таймасын
Көңіл-күйдің айнасы
Жұбайың гүлдей жайнасын
Жылата көрме аяла
Басыңнан бақыт таймасын
Жылата көрме аяла
Басыңнан бақыт таймасын
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Қазақ тіліндегі әндердің сөздері











